108. Өнімділігі 100 т/сағ. –тан асатын эжекторлар – айлабұйымдарда пісіруге штампыланған жартыларын құрастыру, басқа да бөлшектермен қиыстыру және сынау.
109. Турбогенератор эксцентриктері, жұдырықшалары мен қарсы салмақшалар – шаблон бойынша егеулеу.
110. Электр-ауа үрлегіштер мен құбыр-ауа үрлегіштер – құрастыру.
§ 90. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЛЕСАРЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы термиялық өңделмеген бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды 6 квалитет және 7 квалитет бойынша слесарлық өңдеу және жетілдіру. Күрделі машиналарды, бақылау-өлшеу аппаратурасын, пульттер мен аспаптарды, бірегей және прецизионды агрегаттар мен машиналарды құрастыру, реттеу және баптау, ірі габаритті және құрастырмалы мойынтіректерді іріктеу және құрастыру. Қысыммен істейтін ыдыстарды сынау, сондай-ақ терең вакуумға сынау. Сынау нәтижелері бойынша қажетті диаграммалар мен сипаттамалар алу және ОТК машиналарын тапсыру. Сынау стенділерін монтаждау және демонтаждау. Күрделі бірегей және прецизионды металл есетін жабдықтардың дәлдігін және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Ауаның (газдың) және арнайы өнімдердің жоғары қысымында істейтін құбыржолдарын монтаждау. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңдеу.
Білуге тиіс: жиналатын күрделі механизмдердің, аспаптардың, агрегаттардың, станоктар мен машиналардың конструкциялары, қызметі мен жұмыс істеу принципі; машиналар мен агрегаттардың жиналған тораптарын реттеу, сынау және тапсырудың техникалық шарттары және оларды іске қосу деректері; машиналарды құрастыру және реттеу жолдары мен сынау режимдері; бөлшектердің бұзылуының алдын алу шаралары; станоктардың дәлдігін тексеру ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Жоғары қысымды химиялық өндіріске арналған бекіткіш және реттейтін аппаратура - бөлшектеу, қиыстыру, ысқылау және құрастыру.
2. Механикалық орталықтандыру постылық және тарату аппараттары – құрастыру және реттеу.
3. Мысқалдық арматура – тығыздатылған беттерін ысқылау және жетілдіру.
4. Дифференциалды арнайы конструкциядағы білікшелер – перпендикулярлығының шегі 0,02 мм перпендикулярлы түрде осьтің тірек беттерін егеулеу.
5. Ескек және дейдвудты біліктер – конустарды қырып тегістеу және шпонды паздарды калибр бойынша қиыстыру.
6. Біліктерге арналған ескекті бұрамалар – білік конусы бойынша немесе калибр бойынша күпшектерді қиыстыру.
7. Жапсырмалар – турбина корпусында қиыстыру және қырып тегістеу.
8. Барлық түрдегі ауа жібергіштер – түпкілікті құрастыру және тексеру.
9. Гироскоптар – алдын ала және түпкілікті құрастыру.
10. Қуаты 736-дан асатын 1472 кВт-ға дейінгі (1000-нан жоғары 2000 л.с.-ға дейін) іштен жанатын қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу және баптау.
11. Диффузорлар – бу қорабына және турбина корпусына қиыстыру және сығымдау.
12. Барлық үлгідегі вагондық баяулатқыштар – құрастыру, реттеу және жөнделген күйіндегі мазмұны.
13. Паздарға қатысты шпонкаларды кез келген қалыпқа орнатып екі және одан да көп шпонды бірікпелі ескек біліктердің калибрлері мен ескек бұрамалар – шпонкалы конустарды қырып тегістеу және қиыстыру.
14. Кіретін бөлшектердің саны 50-ден асатын кескінді болаттан жасалған радиоаспаптарға арналған каркастар – құрастыру.