Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 145. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ



бет95/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   108

§ 145. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жай такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен 15 мм-ге дейінгі болат канаттан бұйымдар жасау. Айнала ұзындығы 90 мм-ге дейінгі табиғи және синтетикалық канаттардан қолмен бұйым жасау. Канаттарды, блоктарды, жұмыс органдарын және алынбалы ЖҚА басқа да бөлшектерін бұранданы аралап, бұрғылап және кесіп ауыстыру. Электр-газ пісірушімен жұмыс істеу. Арнайы құрылғыларды пайдалана отырып канат бұйымдардан шығып тұратын сымдарды күйдіру. Алынбалы ЖҚА канатты жарақтандыру және жүк көтергіш машиналарды канаттық жарақтандыруға қатысу. Диаметрі 3 мм-ден жоғары тросс түйіндерді, тросстар мен коуштарды авиакүрмеу бойынша жұмыстарды қолмен орындау, үлкен габаритті тросс жүйесін құрастыру. Түрлі тораптарды, агрегаттарды, машиналарды кейіннен реттей отырып троспен құрастыру.

Білуге тиіс: такелажды бұйымдармен жұмыс принципі; жұмыс істеу тәсілдері, жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА құрылғысы; болат канатты іріктеу нормалары; күрделі тораптарды өру тәсілдері; трос жүйесінің жұмыс тәсімі, өру және құрастыру технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. Кранның тістеуік, шымшуыр, тырнақты қармағыштары, ілмектер, қол кетпендер – жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

2. Кранцылар, күркелер, шторм – басқыштар, такелажды бұйымдарға арналған өрілген немесе ағаш бөлшектер – жасау.

3. Кренгельстер, мусингтер, созбалар, жүк және қорғау торлары – жасау.

4. Алынбалы ЖҚА және тұғырға арналған кран ілмелері - канаттарды, қапсырмаларды, сақиналарды ауыстыру, түзету.

§ 146. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Жоғарырақ білікті слесардың көмегімен диаметрі 15 мм-ге дейінгі және диаметрі 15 мм-ден жоғары болат канаттан бұйым жасау. Айнала ұзындығы 90 мм-ден асатын табиғи және синтетикалық канаттардан бұйым жасау. Массасына, габаритіне және басқа да сипаттамаларына қарай алынбалы ЖҚА іріктеу және таңдау. Тиеу-түсіру жұмыстары өндірісінің технологиясына сәйкес алынбалы ЖҚА қабылдау және беру. Такелажды аспап жөндеу. Жүк көтергіш машиналардың канатты жарақтарын орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА құрылысы мен конструкциялық ерекешеліктері; алынбалы ЖҚА және шынжыр және канаттан жасалған бұйымдар жасау және жөндеу жолдары; металдың маркалары және такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасаудың техникалық шарттары; канаттан жасалған бұйымдарды іріктеу нормалары; такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және жөндеуге арналған жабдыққа қызмет көрсету ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Мақта, каучук бумаларға арналған қармағыш крандар, бөшкелерге арналған қалақша және жұдырықшалы қармауыштар – жасау.

2. Үлкен диаметрдегі құбырларға арналған, кабельді барабандардың, синтетикалық бөшкелердің кран қармауыштары – іріктеу шығару, жөндеу, техникалық қызмет көрсету.

3. Порталды, автомобиль, шынжыр табанды крандар, қайта тиегіштер, оның алынбалы жүк қармағыш органдары – канаттарды ауыстыру, олардың органдарын жасау.

4. Сым кесуге арналған қайшылар, полиспасталар – жасау және жөндеу.

§ 147. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Диаметрі 15 мм-ден жоғары 48 мм-ге дейінгі және диаметрі 25 мм-ге дейінгі болат канаттан арнайы станоктық жабдықта бұйым жасау. Такелаж жөндеуге және жасауға арналған жабдықтар мен айлабұйымдарға техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: жөнделетін және жасалатын алынбалы ЖҚА, канатты және алынбалы ЖҚА бұйымдарын жасау және сынауға арналған арнайы станоктық жабдықтардың құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері; такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасаудың техникалық шарттары; алынбалы ЖҚА жасау, жөндеу және таңбалауға арналған техникалық қадағалау органдарына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Қолмен фиксациялайтын үлкен жүкті контейнерге арналған кран қармауыштары, орамалардағы болатқа арналған қапсырма қармауыштар, бөшкелерге арналған рычагты қармауыштар – жасау, жөндеу, сынау және техникалық қызмет көрсету.

2. Автотехниканы қайта тиеуге арналған рамалық ілмелер – жасау, жөндеу, сынау, таңбалау, техникалық қызмет көрсету.

§ 148. ТАКЕЛАЖ ЖӘНЕ ЖҮК ҚАРМАҒЫШ АЙЛАБҰЙЫМДАР ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып диаметрі 48 мм-ден асатын және 25 мм-ден жоғары диаметрдегі болат канат бұйымдарды арнайы станоктық жабдықта қолмен жасау. Күрделі және эксперименталды алынбалы ЖҚА және такелажды бұйымдар жасау, сынау және таңбалау. Такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және сынауға арналған арнайы айлабұйымдар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: ерекше ауыр және бірегей ірі габаритті жүктерді қайта тиеуге арналған күрделі және эксперименталды алынбалы ЖҚА құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері; массасына, габаритіне және жүкті ілмектеу тәсілдеріне қарай канат бұйымдардың төзімділігін есептеу ережесі; такелажды бұйымдар мен алынбалы ЖҚА жасау және жөндеуге арналған арнайы станоктық жабдықтардың конструкциясы, баптау ережесі және жолдары.

Жұмыс үлгілері

1. Үлкен диаметрдегі құбырларға арналған шанышқылы, жартылай автоматты кран қармауыштар – жасау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сынау.

2. Локомотивтерді, қазандықтар мен басқа да ірі габаритті және ауыр салмақты жабдықтарды қайта тиеуге арналған рамалық ілмелер – жасау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

§ 149. ЖЫЛУ АППАРАТУРАСЫ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет