Жұмыстың мақсаты



бет39/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70

Құжатты көру режімдері


Құжатты көрудің бірнеше режімдері бар. Кәдімгі режімде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қарастырылады. Құрылымдық (структура) режімінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Бетбелгі (разметка страницы) режімінде құжаттың экранда көрсетілуі толығымен баспа түріне сәйкес болады. Бұл режім баспаға шығаруға арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Негізгі құжатты көру режімі көлемі үлкен құжаттарды даярлау жұмысын жылдамдатады. Бүкіл экранда көру режімі тек құжаттың өзін ғана қарауға мүмкіндік береді. Осы аталған режімдердің барлығында да құжаттағы мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға болады. Алдын ала көру режімі бір мезгілде бірнеше бетті қарауға мүмкіндік береді, бірақ құжатты редакциялауға болмайды.

Осы жоғарыда айтылған режімдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек немесе көлденең айналдыру жолағының сол жағында орналасқан көру режимдерін басқару батырмасына басу қажет. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид) Масштаб командасының көмегімен өзгертуге болады.



Мәтін бөлігін редакциялау

Мәтіннің бөлігін жылжытқанда, қиып алғанда, көшірмесін жасағанда бөлік арнайы жады ауданы алмасу буферіне түседі. Мәтін бөлігін ерекшелеу тышқанның сол жақ батырмасы және пернелер тақтасындағы пернесін басу арқылы да орындалады.

Жылжыту (Көшірме жасау) Түзету (Правка)  Қиып алу, көшіру қайда жылжыту (көшірме жасау) қажет орынға курсорды қойып, Түзету  Енгізу командасын орындау қажет. (Тышқанның оң жақ батырмасын басулы күйінде орындауға да болады).

Құжаттың белгілі бір бөлігіне көшу

Құжаттың белгілі бір бетіне көшу. Түзету (Правка) Перейти (Көшу) командалары арқылы жүзеге асады.



Автомәтін – бұл мәтіннің бөлігін автоматты түрде енгізуге арналған режім. Ол екі қызмет атқарады: автоаяқтау, автомәтін. Мәтіндік процессорда автомәтіннің сөздігі болады. Мұнда құжатты даярлауда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері сақталады. Сөздікке жаңа сөз енгізу – бұл да автомәтіннің функциясы. Ол үшін экрандағы мәтінді ерекшелеп алып, Енгізу – Автомәтін – ҚұруОК командасын орындаңыз. Автомәтін элементі автомәтін атымен енгізіледі. Автомәтінді енгізу үшін автомәтін атын теріп пернесін басамыз.

2.1-сурет. Автомәтін сұхбат терезесі.



Саймандар тақтасы - басқару элементтері.

Жиі қолданылатын меню командалары саймандар тақтасында батырма түрінде бейнеленеді. Жиі қолданылатын командаларға жылдам енуге мүмкіндік береді. Word іске қосылғаннан кейін стандартты басқару тақтасы шығады. Командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Саймандар тақтасын алып тастау және орнату Түр – Саймандар тақтасы командасы және таңдап алынған саймандар тақтасының атына тышқанды шерту арқылы орындалады. Жаңадан саймандар тақтасын жасау Түр (Вид) – Саймандар тақтасы (Панели инструментов) – Баптау (Настройка) –Жасау (Создать) командасымен орындалады. Саймандар тақтасына батырманы енгізу үшін Командалар сұхбат терезесіне көшіп, қажет батырманы саймандар тақтасына тышқан курсорының көмегімен жылжыту қажет.



Тапсырмалар

1. Жаңадан құжат ашып, Қазақстан Республикасының Әнұранын теріп жазыңыз. Мәтінді жылдам теру үшін “қайырмасы” терілген бөлікті ерекшелеп, Түзету (Правка) – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз.

2. Word мәтіндік редакторының саймандар тақтасындағы барлық бастырмаларын алып тастаңыз. Содан кейін стандартты және форматтау тақталары тобының батырмаларын іске қосыңыз.

3. Қосымша өзіңіздің саймандар тақтаңызды жасаңыз. Саймандар тақтасының атын өзіңіздің атыңызбен атаңыз. Осы тақтаға төмендегі мәтінді теру үшін қос сызықпен астын сызу, жоғарғы индекс батырмаларын орналастырыңыз. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид) менюі командасының көмегімен 75 пайызға содан кейін 100 пайыз етіп өзгертіңіз.

Сатылады

2 – қабатты

1 – қабат – 615 м2

2 – қабат – 1150 м2

Жер төле – 290 м2

Белгіленген жер көлемімен

Мекен-жайы: Гогол көшесі, 144а

Тел: 33-10-65




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет