Фармакокинетикалық әдіс бойынша дәрілердің БТ анықтау кезінде бір қатар жағдайларды сақтау керек, соның ішінде ең маңызды келесі болады:
Фармакокинетикалық әдіс бойынша дәрілердің БТ анықтау кезінде бір қатар жағдайларды сақтау керек, соның ішінде ең маңызды келесі болады:
А. Талдау жүргізу үшін биологиялық сұйықтықтардың сынамаларын алу уақытын дұрыс таңдау;
Б. Сынамаларды алу жиілігі.
Сынамаларда препарат концентрацияларын анықтайды. Әдетте сынамаларды таңдап алу үшін күре тамырдың немесе артериялық қаны немесе несеп қолданылады. Бірақ кейбір дәрілік түрлердің (жағар майлар, пластырлер және т.б.), Биологиялық тиімділігін дәрілік заттың нағыз әсер ету орнында анықтау тиіс болады, мысалы тері беткейіне жағылатын дәрілер.
Биологиялық сұйықтықтардағы дәрілік препараттардың (немесе оның метаболиттерінің) мөлшері бойынша мәліметтерді кестеге енгізіп, препараттың уақытқа байланысты кинетиканың тәуелділік графигін сызып, фармакокинетикалық әдістер көмегімен дәрілердің биологиялық тиімділігін есептейді.