Жоба қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Дата22.08.2017
өлшемі112,75 Kb.
#24224
ЖОБА
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Операциялық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы Blended түрінде өткізіледі.

Конференцияда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудағы үздік тәжірибелермен алмасудың маңызды құралы ретінде қаралады.



Конференция ұйымдастырушылары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ.

Конференцияның мақсаты: оқытудың инновациялық технологияларын түсіну мен қолдану арқылы профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату.

Конференцияның міндеттері:

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың тиімділігін ашу;

  • инновациялық технологияларды қолдану проблемаларын анықтау және талдау, ПОҚ кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдануда алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту технологиялары және бағалау

  • Үш тілде білім беру: идеядан тәжірибеге.

  • Мектепке дейінгі білім беруде оқытудың инновациялық технологиялары.

  • Педагогтердің біліктілігін арттырудағы АКТ.

  • Білім беру процесін жаңғырту жағдайында басқару технологиясы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны өткізу орны: Астана қаласы.



Конференцияға қатысушылар: "Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары, профессорлы-оқытушылар мен тренерлер құрамы, бөлім мамандары, "Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалдарының базасында біліктілігін арттыру курстарынан өткен білім беру ұйымдарының педагогтері.
Конференция кезеңдері:
1 кезең – сырттай
1.1. «Ең үздік әзірлеме – 2017».

Конференция шеңберінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, оқу сабақтарының үздік әзірлемелері электрондық жинағын шығару жоспарлануда.

Оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданған барлық тәжірибелік сабақтардың әзірлемелерін (шебер-сынып, коучинг, тренинг, іскерлік ойын және т.б.) 2017 жылдың 04 қыркүйегіне дейін жіберу қажет.

Талқылау және бағалау үшін барлық әзірлемелер Web-алаңында http://orleuastana.kz/2017/05/11/rnpk-ito/ орналастырылатын болады.



Сабақты бағалау критерийлері:

Көрсеткіштері:

Баллдары

Мәлімдеген сабақ мазмұнының сәйкестілігі.




Мақсаттар мен міндеттерге қойылған құрылымның сәйкестілігі.




Мәлімделген технология алгоритм сәйкестілігі.




Қызық мазмұнды әдістемелік табыстардың болуы, авторлық тәсілдер, белгілі бір технология.



Әрбір көрсеткіш 3-баллдық шкала бойынша бағаланады:

1 балл - төмен деңгейі

2 балл - орташа деңгей

3 балл - жоғары деңгей

Ең үздік әзірленген сабақ грамотамен марапатталады.


1.2. Ғылыми мақалалар мен баяндамаларды жариялау және талқылау үшін келесі бағыттар бойынша Web-алаң:

2. Білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту технологиялары және бағалау.

3. Үш тілде білім беру: идеядан тәжірибеге.

4. Мектепке дейінгі білім беруде оқытудың инновациялық технологиялары.

5. Педагогтердің біліктілігін арттырудағы АКТ.

6. Білім беру процесін жаңғырту жағдайында басқару технологиясы.



1.3. «Өрлеу» үздік оқытушысы» Республикалық байқауы

Байқаудың мақсаты: педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда оқыту технологияларын қолдану бойынша үздік инновациялық тәжірибені анықтау және тарату.
Ұйымдастыру және байқаудың шарттары
І - кезең филиал ішінде (2017 жыл, маусым-шілде).

ІІ кезең - республикалық байқау. Әрбір филиалдың ПОҚ құрамынан

1 оқытушы қабылдайды.

Байқауға қатысу үшін төмендегідей құжаттар қабылданады:

1. Қорытынды – «Өрлеу» үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін оқытушыны ұсыну туралы хаттама.

2. Қатысушының аты-жөні көрсетілген анкета, ғылыми дәрежесі, лауазымы, еңбек өтілі, оқу процесінде қолданылатын инновациялық технология атауы, жетістіктері мен нәтижелігі.

3. Электрондық портфолио.



  • Байқауға қатысушының өзі айқындаған үлгі бойынша электронды түрде педагогтің портфолиосы ресімделеді.

  • Байқау материалының құрылымы айқын және бөлімдердің атауы мен құжаттардың атауы болуы тиіс.

  • Құжаттар (мақтау қағаздары, оқыту технологиясы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткенін растайтын куәліктері, алғыс хаттары және басқалары) Wordқа көшірілген, (PDF болады) сканерленген түрде ұсынылады.

  • Оқу процесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану бойынша тәжірибенің қысқаша сипаттамасы (5 беттен аспайтын).

Тәжірибені бағалау критерийлері:

  • жаңалығы және өзектілігі (максималді баға: 5 балл);

  • практикалық және әдістемелік құндылығы (максималді баға: 5 балл);

  • тәжірибенің нәтижелігі және тиімділігі (максималді баға: 5 балл);

  • оқыту технологиясын қолдану бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігі (максималді баға: 5 балл);

  • ұсынылған тәжірибенің мазмұндылығы және толықтығы (максималді баға: 5 балл).

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ келесі номинация бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады:

- «Әдіскер – педагог»;

- «Жаңашыл – педагог»;

- «Шебер – педагог»;

- «Педагог – зерттеуші»;

- «Шығармашыл – педагог».




2 кезең – күндізгі

Конференция шеңберінде:

- Пленарлық отырыс.

- Көрмелер, тәжірибелік сабақтар (шебер-сыныптар, коучинг, тренинг, іскерлік ойын және т. б.) өтеді. (2-қосымша)

Конференцияның қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ шығару және оны http://orleuastana.kz/ сайтында жариялау жоспарлануда.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдер мен материалдарды (тәжірибелік сабақтардың әзірлемелері, мақалалар) mconfastana@mail.ru электрондық поштасына 2017 жылғы 04 қыркүйекке дейін жіберу қажет. (1-қосымша)

Конференцияға қатысушылар, Web - алаңына басылымға жіберілген мақалалары үшін сертификаттар алады.

Тренерлер жүргізген тәжірибелік сабақтар (шебер-сыныптар, коучинг, тренинг, іскерлік ойын және т. б.) алғыс хаттармен бағаланады.



*** Web-алаңына келушілерге өз пікірлері мен түсініктемелерін қалдыруларына өтініш білдіреміз.
Ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағына мақалаларын жариялау үшін қойылатын талаптар және

рәсімдеу ережелері
Ұйымдастыру комитеті конференция ұсынған тақырып бойынша мақалалар қабылдайды.

Мақала көлемі 3-5 бет. Қағаз көлемі А4, кітап–бағдары. Барлық жиектері 2 см. Қаріп түрі – "Times New Roman", кегль – 14, түсі – қара. Негізінен мәтінде қалың, курсивпен және асты сызылған қаріпті пайдалануға жол берілмейді. Абзац: Бірінші жолда – 1,25 см, қатараралық интервал – бірлік, туралау – ені бойынша. Бөлімдер, беттер, жолдар белгілерін еріксіз ажыратуға; автоматты тізімін; жол асты сілтеме; фотосуреттер; түрлі-түсті элементтер пайдалануға жол берілмейді. Әдебиеттерге сілтеме баяндаманың мәтінінде жақша ішінде беріледі.

Тақырыпты ресімдеу: мақаланың атауы бас әріптермен, тура жартылай қалың қаріппен (тегістеу ортасына); бір жолдан кейін автордың аты-жөні (авторлардың) курсивпен; төмен – ұйымның атауы (қысқартылған сөздерді таратып жазу); келесі жолда – қала, мемлекет; байланыс ақпараты (e-mail) көрсетіледі. Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Қатардан кейін - аңдатпа және түйін сөздер екі тілде: ағылшын және орыс (қазақ). Мақалалар мен ақпараттың қысқаша мазмұнына аңдатпа (2-4 сөйлем). Түйін сөздер – 5-10 негізгі терминдер. Бір жолдан кейін – мақала мәтіні.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін келтірілуі тиіс (рәсімдеу үлгісін қараңыз).

Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды. Редакция алқасы мазмұны және орфографиялық қателері үшін жауап бермейді.

Өтінім және мақала электрондық түрде Microsoft Word форматында файлмен берілуге тиіс (мақалалары бар файлды атағанда бірінші автордың тегі мен аты-жөнінен басталуы тиіс, мысалы, «Ф.А.Ә. (мақала).doc (rtf)», өтінімге берілген файлды атағанда бірінші автордың тегі мен аты-жөнінен басталуы тиіс). Мысалы: «Баяхметов А. Е. Өтінім» «Баяхметов А. Е. Мақала».

Жарияланатын жұмыс мұқият редакцияланған және оқылған болуы тиіс.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
А. Е. Баяхметов

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Астана қаласы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру нституты

bayahmetov@gmail.com


Summary: In this article, the author reveals new approaches to the content of the courses training of teachers and the four main important principle when creating.

Key words: professional development of teachers; the system-competence approach; expertise.

Аңдатпа:

Тірек сөздер:
Философию современного отечественного и мирового образования, предполагающую создание условий для индивидуальной творческой самореализации педагогов, выявляя и развивая их личностный образовательный потенциал, отражает Концепция развития системы повышения квалификации и переподготовки работников образования Республики Казахстан [1, с. 17]. …
Әдебиеттер:

1. Концепция развития системы повышения квалификации и профессиональной переподготовки работников образования Республики Казахстан // Менеджмент в образовании: республиканский журнал - № 2, 2006.- С.17-28.


Конференция мекен-жайына жіберілген материалдар аталған талаптар сақталмаған жағдайда жоғалуы ықтимал, оған ұйымдастыру комитеті жауапты емес.
1-қосымша
«Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда инновациялық технологиялары» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

ӨТІНІМ

1.

Қатысушының аты-жөні (толығымен)




2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы




3.

Қызметі (толығымен, қысқартусыз)




4.

Материалдың тақырыбы (баяндама/ мақала)




5.

Бағыты




6.

Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)




7.

Жұмыс телефоны (қаланың коды)




8.

Телефон (ұялы)




9.

E-mail





2-қосымша
«Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда инновациялық технологиялары» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда шебер-сыныптар, тренингтер, коучингтер, интерактивті сабақтар өткізуге

ӨТІНІМ

1.

Қатысушының аты-жөні (толығымен)




2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы




3.

Қызметі (толығымен, қысқартусыз)




4.

Сабақтың түрі




5.

Сабақтың тақырыбы




6.

Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)




7.

Жұмыс телефоны (қаланың коды)




8.

Телефон (ұялы)




9.

E-mail





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет