Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1



бет20/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class
28. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):



  1. 8-тармақ мыналдай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АҚ) 921-бабына сәйкес қызметкер еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде зиян келтірген жағдайларда заңды тұлға немесе қол астында кінәлі адам еңбек не азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істеген азамат азаматтық жауапкер ретінде танылуы мүмкін.
Бұл ретте АК-нің 917-бабының ережелерін ескере отырып, егер зиян қызметкердің заңсыз әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген болса және оның әрекеті еңбек міндеттерін атқарумен байланысты болмаса, қойылған талап жалпы тәртіппен зиянды келтірген адамнан өндірілуге жатады.»;
2) 26-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК)» деген сөздер «АК» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚПК-нің 166-бабының бірінші бөлігінде көрсетілмеген залалды не өзге де зиянды өтеу туралы талаптар (мысалы: шығындарды немесе алынбаған пайданы өндіріп алу туралы талап арыздар, жәбірленуші болып табылмайтын үшінші тұлғалардың талап арыздары және басқалары) қылмыстық процесте қарауға жатпайды. Қылмыстық іс бойынша осындай талаптар келіп түскен кезде сот арыз берушіге азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.»;


29. «Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының
іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)» 2012 жылғы
27 маусымдағы № 3
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 13 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақ алып тасталсын;

  1. 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды қабылдау бойынша процестік өкілеттіктер берілмеген лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдері (жедел уәкілдер, айдауылдар, сарапшылар және т. б.) ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен сотқа шағымдануға жатпайды.»;


3) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Сотталғандардың жазаны орындайтын мекеменің немесе органның олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша прокурордың шешімдеріне не прокурордың олардың осындай шағымдарын қанағаттандырудан бас тартуына шағымдары ҚПК-нің 482-бабының ережелерін ескере отырып, ҚПК-нің 106-баптарында көзделген тәртіппен сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот қарайды. Қарау нәтижелері бойынша сот ҚПК-нің 482-бабының төртінші бөлігінде көзделген шешімдердің бірін шығарады.»;
4) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңда өзге тәртіппен шағымдану көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар, атап айтқанда, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СТБТ) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, оларды ҚПК-нің 179-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарының талаптарын бұза отырып, тіркеу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы, адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптауды тұжырымдау туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы, сот санкция берген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымдар, сондай-ақ сот актілерінің заңсыздығы туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабы бойынша қарауға жатпайды»;
5) 10-тармақтың бірінші абзацындағы «бұзылуы жөніндегі шағымдарды» деген сөздерден кейін «мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары, мамандандырылған тергеу соттары және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған арызданушының шағымы, егер арызданушы дәлелді себептерсіз сот отырысына келмеген және өзінің сотқа келмеу себептері туралы уақтылы хабарламаған жағдайда да, қараусыз қалдырылуға тиіс.»;
7) 12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Судья шағымды іс жүргізуіне қабылдаған соң, прокурордың әрекеттеріне шағымдарды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе анықтау жүргізу кезінде жол берілген заң бұзушылықтарға ден қою шараларын қабылдау үшін прокурорға үш тәуліктен аспайтын мерзім беруге құқылы. Прокурордың арыз берушінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзушылықтарды жоюы тергеу судьясының шағымды қараусыз қалдыруы үшін негіз болып табылады.»;
8) 13-тармақта:
бірінші абзацтағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Жабық сот отырысын тиісті адамдар мен прокурор қосылған бейнебайланыс режимінде өткізген кезде процеске қатысушы болып табылмайтын басқа адамдардың қолжетімділігі шектелуге тиіс.»;
бесінші абзацтағы «судья» деген сөз «тергеу судьясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-тармақта:
бірінші абзацтағы «төрағалық етуші» деген сөздер «тергеу судьясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымды қарау кезінде тергеу судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді осы тергеу судьясы арызды қарау қорытындылары бойынша қаулы шығара отырып, өзі қарайды. Тергеу судьясының қаулысына келтірілген шағымды, өтінішхатты қарайтын апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді аталған соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы қарайды.
Судьяға қарсылық білдіру туралы арызды қарау қорытындылары бойынша қабылданған қаулы дербес шағымдануға жатпайды. Процеске қатысушының арызды негізсіз қабылдамау туралы дәлелдері шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын қаулыға жеке шағымда немесе прокурордың жеке өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.»;
10) 23-тармақтағы бірінші абзац алып тасталсын;
11) 26-тармақта:
бірінші абзацта:
«Шағым/наразылық» деген сөздер «Шағым/өтінішхат» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 27-тармақтағы «шағымды/наразылықты» деген сөздер «шағымды/өтінішхатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 29-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Соттың жеке қаулысын орындау мәлімет үшін осындай қаулы шығарылған адамға жүктеледі. Соттың жеке қаулысын орындамау сот актісін орындамау болып табылады және осы нормативтік қаулының 28-тармағында көрсетілген сот қаулысын орындамаудың салдарына әкеп соғады.»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет