Жоба әдістемесінің ерекшеліктері Орындаған: Сапарғали Мөлдір



Дата16.12.2023
өлшемі3,62 Mb.
#197336
Байланысты:
Brown Aesthetic Group Project Presentation
срсп-7, ñåìåñòð Âàðèàíò 1 Ïðî÷èòàéòå òåêñò âñëóõ è ñîñòàâüòå âîïðîñû ê í

Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Орындаған:Сапарғали Мөлдір
Жоспар
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы.
Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу.
Жобалау әдісі
Жобалау әдісі – бұл білім беруді ұйымдастырудың жаңа технологиясының бірі, бұл әдіс арқылы балалардың танымдық қызметі таңдалып алынған дайын ақпарат арқылы емес, өздерінің қызығып таңдаған ақпаратының ізденісін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту,
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу.
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті - шешімі алдын-ала белгісіз шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады.
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті.
Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы.
Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет.
Деректерді талдау күрделігі бойынша мәселелер практикалық, зерттеулік және ғылыми болып бөлінеді.
Практикалық мәселелер нақты құбылысты суреттеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда нақты параметрдің (мысалы, температураның) өзгеруі, соған байланысты басқа параметрдің (мысалы көлемнің) өзгеруі зерттеледі.
Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады
оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін.
Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.
Мұғалімнің:
- оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетінің оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі;
- оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі;
- оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі;
- оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық мәселелердің орындалуын бағалай білуі;
- оқу жобалау мен зерттеуді іске асыра және білім іс-әрекетінің түрлерін қолдана білуі;
- жобалау-зерттеу жұмысының мазмұны бойынша консультация жүргізе білуі қажет.
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі.
    • эксперименттік - ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс.
    • табиғи және суреттемелік - белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар.
    • проблемалық-реферативтік - бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған

Жобалау іс-әрекеті ерекшелігі– жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет