Жоба эскизін құрастыру Қарастырылатын сұрақтар



бет1/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#181495
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба эскизін құрастыру


Жоба эскизін құрастыру
Қарастырылатын сұрақтар:
  • Жоба құрудағы дайындық жұмыстары
  • Жерге орналастыру жобасын жасау
  • Жобаны бекіту
  • Қортынды кезең

Жерге орналастыру жобасы

  • -жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер жиынтығын құрайды.
  • Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11370 тіркелді

Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының

Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының

4) тармақшасына және 150-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және жерге орналастыруды орындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды. Қағидаларда жұмыстардың мазмұны мен құрамының сипаттамасы, сондай-ақ жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезіндегі жерге орналастыру жобасының ресімделуі беріледі. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) абрис - тұрпат‚ нобай, заттың бейнесін, қандай да бір объекті нысанын көрсететін сызық; 2) әзірлеуші – жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын жеке және заңды тұлғалар; 3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер; 4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, селолар, селолық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет