Жобаның этаптары:
1-этап. Тақырыпты таңдау.
Жобаға тақырып дайындау.
Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.
Көрнекі құралдар дайындау.
Ата-аналармен әңгімелесу.
2-этап. Негізгі бөлім. Ақпараттар жинау.
Ұлттық құндылықтар туралы мәліметтер жинау.
Мұражайға саяхат жасау.
Ойын әрекетін ұйымдастыру.
3-этап. Жобаны жүзеге асыру.
4-этап. Жобаның презентациясы.
Түсінік хат
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен
бір жаңалық болу керек»
Жүсіпбек Аймауытов
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, бала бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Солардың бірі қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы «Киіз үй»– ұлттық мұра тарихи жәдігер екендігін көрсете отырып, ұлттық тарих пен мәдениетке деген ерекше құрмет сезімін ояту. Ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, оларды кеңінен насихаттап, бала бойына сіңіру. Қазақ халқы- қонақжай. Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан үлкен емессің» деп дастарханға шақырған. Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған . Ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,ұлттық тағам түрлерін соның ішінде құрт өнімі туралы, неден алынатыны, қалай жасалу керектігін ұғындыру.
Достарыңызбен бөлісу: |