Жоба: Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру Психолог: Құрманғазықызы Інжугүл



бет1/5
Дата29.01.2020
өлшемі241,69 Kb.
#56766
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ойын технологиясын қолдану Құрманғазықызы І

Ақтобе обылысы, Мұғалжар ауданы,Ембі қаласы


Жоба: Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру


Психолог: Құрманғазықызы Інжугүл

2018 ЖЫЛ


Мазмұны


Кіріспе.




1

Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудың теориялық негіздері

1.1

Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру жолдарының педагогика – психологиялық негіздері.............................................................................................................

1.2

Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру жолдары







2

Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға бағытталған педагогикалық-тәжірибелік эксперимент..……….………....................

2.1

Танымдық белсенділік пен қызығушылықты арттырудағы ойын әрекетін қолдану туралы анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау............................................................................................

2.2

Танымдық белсенділік пен қызығушылықты арттырудағы ойын әрекетін қолдану туралы қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, салыстыру













Қорытынды..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім орталарында әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл еліміздің келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі жас ұрпақты білім дәрежесі мен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салалаларын да оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «... білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет .

Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін ойын технологиясы арқылы оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын, қызығушылығын арттыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту процесінде ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасымен сапасының қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтанда бастауыш білім – үздіксіз білім берумен дамытудың алғашқы басқышы.

«Білім туралы» Заңда

Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттың және азаматтың құндылықтары мен ғылым, тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдалуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау делінген [2].



Осыған байланысты баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру маңызды міндетке айналып отыр. Өйткені баланың алдында тұтқан мүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне, ешбір қызықпаса, оқудың да жемісі болмас еді.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, ойын оқушыларының лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін тиімді.

Қызығу оқу – тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді енгізуге ықпалы зор.

Оқушы өзі оқуға қызықпаса, зорлап оқытуға болмайды. Сондықтандамұғалімсабақтыбаланыңқызығушылығыноятатындайетіпұйымдастыруытиіс.

Қызығушылық мәселесінің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар: С.Бап –баба, Н.Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, Ж.Жарықбаев, И.Цветкова, К.Романова, И.Шевшенко, М.Морозова, А.Дусавецкийт.б.

К.Д.Ушинский оқушыларды сабақ татарту, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне аса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы, ешбірқызығусызтекқаназорлықкүшіменжүргізілетіноқуоқушыбойындағыбілімалуғадегенқұштарлықтыжояды [2.24].

Сонымен қатар қоғамыздың бүгінгі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман өзгерді. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі өз орнын алады.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. [3.7].

Әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Соның ішінде бастауыш мектептің оқу процесінде ойын технологиясының алатын орны ерекше. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды, ойын үстінде балалардың байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасында жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылған: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой –өрісінің кеңдігі, танымды, әрекетке қызығушылығының басымдығы [4].

Міне осыдан келіп, зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі шығады.

Зерттеуобъектісі:мектепоқушыларынөзарақарым-қатынасбарысындатәрбиелеупроцесі.

Зерттеу пәні:ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Зерттеу мақсаты:бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптарда ойын технологиясы тиімді қолданылса, онда оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығы артады.

Зерттеудің мақсатымен ғылыми болжамына сүйене отырып, біз мынадай міндеттерді шешуді көздедік:

  1. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жайлы материалдар жинақтау, талдау, жүйелеу;

  2. Тақырыпқа қажетті әдіс –тәсілдерді анықтау;

  3. Анықтауыш эксперименттің материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру;

Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеу әдебиеттерін талдау, бақылау, әңгіме, сауалнама педагогикалық эксперимент, зерттеу материалдарын математикалық өңдеу.

Зерттеу базасы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған орта мектебінің бастауыш сыныптың 2 сынып оқушылары.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде кафедра мәжілісінде тақырып бекітілді, жұмыстың теориялық бөлімі бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды, зерттеу әдістемесі таңдалып алынды.Екінші кезеңдеқазақ тілі пәні ойын технологиясы негізінде оқытылып, алдыңғы кезеңде айқындалған әдістеме іске асырылды. 2-сыныптың қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тәжірибе материалдары жинақталып, жүйеленіп, нәтижелері қорытындыланды.. Үшінші кезеңде дипломдық жұмыстың әдеби, техникалық даярлығы аяқталып, кафедра мәжілісінің талқылауына ұсынылды.



Жобаның құрылымы: кіріспе, екі тараудан, тарау бойынша жалпы қорытындыдан және пайданаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, қарым-қатынас процесінде оқушыларда азаматтылықты тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жөнінде ізденуі тұжырымдары мен әдістемелік ұсынымдары беріледі.



  1. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының педагогика –психологиялық негіздері

Қызығу – танымдық іс –әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып, үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. [5.250].

«Қызығу –бағыт бағдардың қандай да бір затқа ауысуындағы танымдық форма», – дейді С.Бап –Баба. [6.85].

Қ.Жарықбаевтың «Жантану негіздері» атты зерттеуінде былай делінген:

«Қызығу –шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі –қызығудың объектісі болып табылады. Адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады» [7.133].

Олай болса қызығу, қызығушылық негізінен психикалық құбылыс және жеке басқа қатысты туа қалыптасқан қасиет емес, ол адам бойында оны қоршаған ортаның әсерінен болатын нәрсе. Қызығу адамның саналы әрекеті. Адам алдында мақсат қойып, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отырады.

Қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс –әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да баладағы қызығудың даму деңгейін тек жасқа байланысты деп қарастыруға болмайды. Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу Н.Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, К.Романова, И.Шевченко, М.Морозова, А.Дусавецкий т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Баланың қызығушылығы оның жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалім әр түрлі жастағы баланың әр өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеруі керек.

Қызығу әр уақытта адам зейінінің қызыққан заттарына бет алып түйдектелуді керек етеді. Адам бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды эмоциялық сезімдер туғызу қажет. Егер адамға заттар таңқаларлықтай әсер етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды.

Қызығу дегеніміз – жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. [4.71].

«Қызығу –әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс –әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңадан білуге, әрекеттің жаңа әдістерін ісдестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, түрлі әрекеттерде көрініс табады. [5.46]

Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс –әрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін.

Қызығудың қалыптасуы әрқашан қажеттіліктерді, талантты немесе қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық тартымдылығы өз –өзінен және бет алды көрінуі мүмкін, ал кейін: қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілк сияқты көптеген себептер арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.

Қызығу адам өмірі мен іс –әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс –әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады [4.72]

Жеке адамның дамуы мен білімінің қалыптасуы үшін қызығудың мәнін ескеру педагогикалық практикада ерекше маңызға ие болады. К.Д.Ушинский ешбір қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жойып жібереді деп өте әділ жазған болатын. Сонымен бірге ол, барлық оқудың мәнін тек қана қызуға құруға болмайды деп атап көрсеткен. Білім беру қара жұмысты да, едәуір ерік күшін де қажет етеді.

Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, физикаға, химияға, қазақ тіліне, тағы басқаларға деген танымдық қызығулар. Бұған сондай –ақ әдебиетке және өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығу жатады.

Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс –әрекетке деген мүдделерді білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтын адамдар да аз емес (олардың арасында оқушылар да бар). Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық істің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.

Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз – іс –әрекет процесінің өзіне қатысты таным, білі алу, еңбек және шығармашылық процестеріне қызығу.

Жанама қызығу дегеніміз –іс –әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар [4.72]

Жеке адамның белсенді де жемісті іс –қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың арақатынасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің өзін сүйетін болса, онда ол белсенділік таныттырады, бір қызметке шығармашылықпен қарайды және еңбектің нәтижелі анықталуына қол жеткізеді. Қызығу мұндай үйлесімді болғанда адам көп қанағат табады.

Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөлінеді.

Самарқау қызығу дегеніміз –адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ терең тану, оны меңгеру және қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді.

Белсенді қызығу дегеніміз –пәнменді қызығу. Мұндайда адам көріп білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке көшеді. Белсенді қызығу – жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез –құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі. [4.73]

Қызығу іс –әрекетке деген бір жақтылықпен пайда болып, объектіге әсер ету нәтижесінен тартымды қарым –қатынас туғызады.

Оқу –тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектірін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

– ойлау, ес, сөйлеу, жігер, наза, психикалық үрдістеріне дидактикалықойындардың әсер ету сипаты;

– жеке оқыту маңызының артуы.

Оқушыда алдымен –білуге әуестік, содан кейін –білуге құмарлық, ең соңында қызығу пайда болады.

Білуге әуестік – оқушы санасы мен іс –әрекетінің алғашқы бағытталу сатысы. Бұл саты сыртқы әсер (стимул), мәселен, сабақтың жақсы жабдықталуы, ондағы жұмыс түрлерінің ауысып отыруы, мұғалімнің жылы шырайы, т.б.арқылы қалыптасады. Қажетті жағдайлар тудырылғанда ғана бағдарлау әрекеті жүзеге асып, білуге, құмарлыққа ұласады, жағдай тудырылмаса – сөніп қалады. Үшінші сатыда оқушы жаңалықты қабылдап, білімін молайтады да, қуаныш сезіміне бөленеді, құмарлық қызығуға ауысады.

Қызығудың физтологиялық негіздері И.П.Павлов, А.А.Ухтомский, П.А.Анохин, т.б. ғалымдардың шартты рефлекстер түзілу, екі хабарлау индукция процестерінің заңдылықтарымен түсіндіріледі. [4.46]

Қызығушылық феноменінің қоғамдық ғылымдардың барлығына бірдей қатыстылығы оның философиялық сипатын анықтайды. Қызығушылық философияның адам туралы ең маңызды мәселелерін бірлікте қарастырылатын ұғым. Адамның әлеуметтік мәні, оның қабілеті, субъектінің қоғамдық орны, объективті дүниемен қарым қатынасы, адамның өмір тіршілігінің мәні мен мақсаты секілді толып жатқан мәселелерді шешу адамның қызығушылығы мен қажеттерін танудан басталады. Қызығушылық мәселесін түбегейлі зерттеу философиясының осы мәселесін терең түсінуге де көмектеседі. Себебі адам бойындағы қызығушылық оның болмысымен де, практикалық іс –әрекетімен де, сана сезімдерімен де тікелей байланысты. Адамның танымдық әрекетіне түрткі болуы, оның жасампаздық қабілетінің кілт болуы да қызығушылықтығы қоғамдық маңызын көрсетеді.

Қызығушылықтың басты мәні ондағы объективтік пен субъективтік негіздердің бірлігінен сипатталады. Қызығушылық адамдардың еркі мен сана сезімінің жемісі месе, қоғамдық қатынастардың нәтижесі. Біріншіден, кез –келген қызығушылықтың тамыры объективтік дүниенің субъективтікке ауысуын көрсетеді. Екіншіден, қызығушылықтың мотив ретінде сыртқы ортаны адамның қажетіне, тілегіне сай өзгертетін әрекетке тигізетін ықпалы субъективтінің субъективтіге ауысуын танытады. Мұндай ішкі қайшылық қызығушылықтың дамуының қайнар көзі болып есептеледі.

Баланың объективті дүниені тану үрдісінде қызығушылық оның болмысы мен сапасының практикалық әрекет арқылы байланыстыру шын дәнекері ретінде қызмет атқарады. Философиялық таным теориясы бойынша сана сезім болмыстың ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қажеттігі мен мүддесінің де көрініс болып табылады. Қызығушылық танымының негізгі алғы шарты ретінде көрінеді. Сондықтан таным процесінің қалай жүзеге асуы адамның әрекет нысанасына қызығуының мазмұнына байланысты шешілмек.

Әлеуметтік қатынас тұрғысынан келгенде қызығушылық пен байланысты ұғымдар тізбегі қажеттік қызығушылық мақсатына қатынас түрінде көрінеді. Осы тізбекке әр бөліктің байланыстылығы оларды ортақтастыратын сипаттарының болуында: біріншіден, олардың субъектінің әрекеттеріне қатыстылығында, екіншіден, оладың жалпы әлеуметтік деңгейлігіндегі байланысты қоғамдағы кез –келген құбылыс пен оқиғаның өзі туғызған себептермен тамырластығында, үшіншіден, олардың қай –қайсысында да объективті, субъективті дамудың тән болуында, төртіншіден, олардың әр дәуірге сай қоғамдық талаптарға орай өзгеріп отыруында. Сонымен бірге, қызығушылықпен тығыз бірлікте қаралып, олардың қалыптасуына алғышарт жасауға қатысатын, оның орнын айқындауға негіз болатын бұл ұғымдардың әрбірінің ъзіндік ерекшеліктері де бар.

Әрекет құрылымында қажеттік қызығушылықтың ең басты алғы шарты болып саналады, бірақ ол өздігінен әрекетке нақты бағыт береалмайды. Әрекет бағытын сол қажеттілікке сай келетін мотивтер, оның ішінде баланың танымдық қызығушылығы да анықтайды. Дегенмен, қызығушылыққа қарағанда қажеттік кең ұғымды білдіреді. Біріншіден, қажеттілік барлық жанды құбылысқа тән, барлық тіршілік иесі әрекеттерінің негізгі стимулы. Қажеттік материя түрінің екеуіне де ортақ, ал қызығушылық тек қоғамдық қатынастар жүйесіне тән. Екіншіден, қажеттік әрекетін ең негізгі қозғаушысы болып табылады да, өзін қанағаттандыруды талап етеді, ал қызығушылық оны қанағаттандырудың жолы болып есептелінеді.

Әрекеттің мәні тек белгілі бір нәтижеге жетуінде ғана емес, сол әрекеттік жүру процесінде адмның ақыл ой белсенділігінің арттырылуында. Сол белсенділік адамға тән қасиет ретінде, рухани қажеттілік ретінде субъектіде ерекше қанағат сезімін тудырады. Ендеше, белсенділіктің бағытын анықтайтын мотивінің бірі болғандықтан, қызығушылықтың да мазмұндық жазғы баланың қажетіне барып тіреледеі. Себебі, қызығушылық арқылы объективті дүние адамға жақындай түседі, ол адам үшін бейтарап болып қала алмайды, керісінше, адамның өмір сүруі мен дамуы үшін басты қажеттілікке айналады. Бұл мотивтерінің сыртында үнемі қажеттік тұратынын, ал қажеттіктің ішінде мотивтердің жасырын күйде болатынын көрсетеді.

Мән –мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күнгірт болып көрінетін мотивтер толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар (установка), фрустрация, елігу, стереотиптерді жатқызуға болады. [8.251]

Баланың дүниені танып білуге деген қатынасы мен басқа мотивтер мен бірлікте, үнемі даму үстінде болған кезде қызығушылық жеке тұлғаның қасиетіне айнала бастайды.

Қызығушлықы жеке тұлғаның қажеттілігімен, бейімділігімен өзара бірлікте болады. Қызығу шындықты тануға, білуге деген қоғамдық қажеттіліктен туып, өзінің ең жоғарғы сатысында рухани қажеттікке айналады.

Қызығушылықтың жеке тұлғаны қалыптастыруға тигізетін әсері бірқатар шарттармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда:

Қызығушылықтың даму деңгейін білумен;

Оның басқа мотивтерінің ішінде алатын орнымен және олардың өзара қатынасын танумен;

Оқушының шынайы қалпымен бірлікте жүзеге асырумен байланысты шешіледі;

И.М.Подгаецкая қызығушылықты «оқушылардың пәннен берілетін білімге тілегін оятатын, пәнге құштарлығын қалыптастыратын эмоциялық қатынас» деп бағалайды.

Білім беру формальдылықтан аулақ болғанда ғана оны оқушының саналылықпен игеруіне жол ашылады. Қызығушылық формальдылықпен үнемі күрес үстінде дамиды. Олай болса, бұл екі маңызды фактордың бір –бірімен табиғи тамырластығын танытады.

Адамның жаңаға құштарлығы, тануға деген оның білігіне байланысты. «Білген сайын белгісіз нәрсе көбейе түседі, ал бәрін білдім деген адам ешнәрсе де білмейді» деген қағида осыдан туса керек. Білім арқылы туған қызығушылық арқылы жаңа ұғымдар адамның қабылдауы нәтижесінде оның білімін кеңейтеді. Яғни, танымдық қызығушылықтығ қалыптасуына қажетті фактордың бірі ретінде білім қаралса, сол білімнің одан әрі дамуына себептесетін стимул осы танымдық қызығушылық болып саналады.[4.46].

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқытуға деген қызығушылығын ояту.

Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психокалық дамуы мектептегі оқуға және өздігінен оқуға тығыз байланысты. Қазіргі заман талабы әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды. Ал мұндай дәрежеге жету үшін төмендегі мектеп оқушыларының іс –әрекетін бағыттау және реттеу керек, яғни іс –әрекетке, оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру қажет. Егерде оқушыда оқуға деген ынта, ниет қалыптаспаса, мұғалімнің жұмсаған бар еңбегі бекерге кетеді. Егер оқушы іс –әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. мотив –адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация болып табылады.

Оқушылар білімге мұқтаждығын олардың оқуға деген ынтасын көтереді. Л.С.Рубинштейн былай деген еді: «Оқушы жұмысқа шынымен –ақ беріле кірісу үшін қызметінің барысында оның алдына қойылатын міндеттердің түсінікті ғана емес, ол іштей қабылдайтындай болуы қажет. Олар оқушы үшін маңызға ие болып, осылайша оның толқулары жауап қататындай және іргетас табатындай болуы керек». Сонымен, оқуды тиімді ұйымдастыру «барлығын білгім келеді», «қызық нәрсені білгенді ұнатамын» деген қызығушылық тудыратындай болуы қажет.

Қызығу адамның саналы әрекеті. Адам алдына мақсат қойып, өздерінің ерік жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі құғылданып отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқудһлықтың мазмұнын түсінулері керек. Егер олардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу да болмайды. Адамның негізгі қызығушыларын мына төмендегілерге бөлуге болады:

Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса, сол мақсатына жетуді қызы көреді.

Әрекетке қызығу. Мұнда адамдар алдына бір үлкен мақсат қоймай, істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады.

Қорытындыға (нәтижеге) қызығу. Адам кейбір кезде істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетудің көздеп, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды. Адамның қызығуын осылайша үш түрге бөлуге шартты нәрсе [5.140].

Қызығудыңдамуынабалаларөздерініңкүшінесенетіндейболып, өздерініңатқаратынжұмысынаынталытүрдекірісуікерек. Бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл күйі де, рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін нәтижесіне сенімді болуы керек.

Балалардыңқызығуыөзбетіменпайдаболмайды, ортаныңәсерінен, үлкендердіңиқылықтарынанпайдаболыпотырады. Бала қандай әлеуметтік қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол қоғамның алға тұтқан мақсаттары, ерікті қалыпқа салып, бағыттайтын болады. Осы айтылғанға орай, оқу тәрбие жұмысында балаларды айналасындағыы тұрмыспен таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыруы керек.

Мектепжасынадейінгібалалардыңқызығуларыойынәрекетінебайланыстыболғандықтан, қызығуларыоншатұрақтыболмайды. Олар бүгін бір нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін. Бұл жастағы балалар, көбінесе, өзіне айрықша әсер еткен заттарға көңіл бөліп, қызығып оырады. Мектеп жасындағы (9-12 жастағы) балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі келіп, ол заттардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді, оқушылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибемен байланыстырыпе, оларды жүзеге асыра алатын, не аспайтынын белгілеп, ескеріп отырады. Көбінесе, жүзеге асатын заттарға, болмыстарға қызығады. Бұлардың қызығуы тұрақты келеді. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру үшін әрекет етеді, олардың белсенділігі артып, көңіл күйі де көтеріледі. [9.7].

Қызығу туралы психологтар арасында бірнеше теориялар бар. Олардың ең көрнектісі мыналар.

У.Мак Дугалл (1871-1938). Адамның қызғуларын соқыр сезімдерге алып барып теңейді. Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата –анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874-1949) айтуынша адамның қызығулары сыртқы дүниенің қоғамның әсерімен жүре пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі механистік бихевиоризм принципімен орайластырады.

Ж.Б.Қоянбаевтың пікірінше, балалардың тәрбиелегенде мынадай жайттарды ескерген дұрыс:

Балаларға танымдық қызығулар дами түсу үшін, оқу сапасын жақсарту керек. Оқу мазмұнды, идеялы, тартымды келегні жөн.

Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп олардың оқуға деген қызығуы артады.

Балалардың өз бетімен дербес жұмыс істеу жағын үйретіп, олардың оқуының еңбегінің мәдени түрде жүзеге асу жағын қарастырып отыру керек. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағынан артта қалмауын қарастырған жөн.

Балалардың білімі әр уақытта жүйелі түрде бағаланып отыруы тиіс. Баланың нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған дұрыс.

Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қараған жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы оларға өте қатты әсер етеді, олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын, мұғалімге сенбейтін болады. [10.64]

Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіругеқұмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен құғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады. Білуге құмарлық бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануға, оған терең енуге көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады. Балалар ерте балалық шағында «қайда?», «неге?», «бұл не?»т.б. сұрақтар қояды. Өзі қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі балалардың сұрақ қойғыштығы.

Баланың қызығулары жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу тәрбие жұмыстарында әр түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.

Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтарды қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өз білімін жан жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып, оқыту керек екенін айтқан. [10.65].

Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қызығудың бірнеше түрлері қарастырылған. Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, қазақ тіліне, дүниетануға, т.б. деген танымдық (сөздің толық мәнінде) қызығулар. Бұған сондай – ақ әдебиетке және өнердің алуан түрлі саласында (музыкаға, суретке) қызығуларда жатады.

Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс– әрекетке деген мүдделерді білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтын адамдар аз емес (олардың ішінде оқушыларда бар). Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық істің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.

Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз іс– әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және творчество процесіне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз – іс – әрекет бабына және қоғамдық жағдайға белгілі бір дәрежеге ие болуға, ғылыми атаққа немесе ең соңында еңбектің материалдық нәтижелеріне қызығулар.

Жеке адамның белсенді де жемісті іс қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың дұрыс ара – қатынасы неғұрлым ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің өзін сүйетін болса, оның нәтижелері қам житін болса, онда ол белсенділік танытады, іс қызметке шығармашылықпен құрайды және еңбектің нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самырқау және белсенді деп екіге бөлінеді.

Самырқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі.

Белсенді қызығу дегеніміз – пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп білумен ғана шектелмейді, өзі тындаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларын, қабілеттілігі мен мінез құлқының қалыптасуын қамтамасыз жайттардың бірі.

Басыңқы қызығу мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетінде аса қажет: мұндай қызығулар әсерлі, күшті тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріміне, білімді терең алуына көп жәрдемін тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерін дамуына байланысты қалыптастырып отырады.

Танымдық қызығу жалпы қызығудың бір түрі. Ол оқу немесе ғылыми зерттеу кезінде қалыптасады. Қызығу ұғымын мазмұны мен көлемінің тарылып шектелуіне қарай мына бағытта жіктеп орналастыруға болады.
Қызығу түрлері → танымдық қызығу → ↓

Белсенді қызығу

Рухани қызығу

Бір пәнге қызығу

Басыңқы қызығу

Таным әрекеті қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін оқушы дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Оқушының қызығуы мен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейінен бұл нәрсе оқушы іс – әрекетінің мақсатына, қозғағыш күші мотивіне айналуы мүмкін. Осыған орай кейбір ғалымдар қызығуды оқушының өзіндік дербес іс – әрекетке жұмылдыратын мотив ретінде қарастырады.

Оқушыға алдымен білуге әуестік, содан кейін білуге құмарлық, ең соңында қызығу пайда болады. Бұл жағдайында Б.Теплова «Жақындағы мақсатқа жетіп, алыстағы мақсатты көздейді» деп түйіндейді.

Ал И.Морозова «Іс – әрекет көздеген пайдалы мақсатқа жетуге түрткі болады» дейді.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерден тұрады:

Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілер және іс – әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

Білім алуға және оны меңгеруге тырысу;

Таным үрдісі мен танымдық іс – әрекетінің эмоционалдық көрінуі;

Танымдық іс – әрекетке еріктің болуы;

Бос уақытын пайдалана білу сипаты;

Жаңалы білуге ұмтылысы;

Мектепке және оқуға жағымды қатынас.

«Қызығушылық» латын тілінен аударғанда маңызды мәні бар деген мағынаны білдіреді. «Қызығушылық» деген ұғым педагогика мен психология саласында алғаш рет XVII ғасырдан бастап ене бастады да, кейіннен ХІХ ғасырдың ғалымдары оны «психологиялық ерекше құбылыс» ретінде қарап, кірісті. [11.4].

Қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс – әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ресей ғалымдары, қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарланады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.

А.Леонтеевтің пікірінше, танымдық қызығу бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция тудыру. Психологтар Л.Божович, Н.Морозова, Л.Славина себептің екі негізгі құрамын көрсетеді:

Оқушылардың оқу іс – әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы.

Мазмұндық және үрдістік сипаттан тұратын оқу іс – әрекетінің өзі түрткі болатын таным қызығуы. [12.38].

Жеке адамның жан жақтылығын, маңыздылығын қызығушылықпен түсіндіруге болады.

Қызығулықты келесі шетелдік ғалымдар зерттеген:

Перридтің бихевиористік қызығу тұжырымдамасы

Мак Иверанның динамикалық бағалау теориясы

Маркузеннің теориясы

Оқушылардың қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудырады.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбаө, құрастырмалы ойындар).

Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс.

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын тудыру үшін қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады:

1. берілген білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелігіне, ақыл ойының даму деңгейіне сәйкестігі.

2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.

3. Оқу әрекеті мотивінің, міндет, мақсатының айқындығы.

4. Мұғалімнің кәсіби және мәдение құзырлығының жоғары деңгейі.

5. Оқуға қолайлы жағдайлардың болуы.

6. Оқушылардың мінез – құлық қабілет ерекшелігін ескерілуі.

7. Оқытудың көрнектілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.

8. Дидактикалық материалдар қолдану тиімділігі.

9. Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.

10. Сабақ құрылымының әр түрлілік сипатта болуы. [13.36].

Қызығудың тағы бір ерекшелігі: оның әсерінен әрекет сипаты тез өзгеріде белсенді, дербес жан – жақты, шығармашыл, т.б.

Қызығуды қалыптастырудың үш жағдайы бар:

1) Оқытудың мазмұны. Мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың ашылуы.

2) Оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын құралдарын, әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізуді оларда техникалық және көрнекті құралдардың тиімділігін арттыру, дидактикалық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланысын ашып көрсету, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын өздігіне білім алуды ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

3) Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қатынасқа сыйластық, ізеттік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. [14.12].

Қорыта келе, оқуға деген қызығушылық, қызығу адамды жаңаны білуге әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады. Білуге құмарлық –бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі.

1.2.Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары

Технология ұғымы – біздің жүз жылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас технология – теория мен практиканың арақатынасы контекстінде қарастырылады.

Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиясы қолданылып жүргендігі мәлім [15].

«Технология» деген термин гректің түп тамыры (techne) өнер, шеберлік кәсіп және logos ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б.

Технология ғылым ретінде міндетті практикада өндірістік процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне содан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:

Технология жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек.

Еңбек затын өндеу тәсілдерін білу.

Еңбек затының жағдайын анықтай білу.

Еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін білу [16.4].

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әр түрлі түсіндіріледі. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктердің сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттарына сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар: ол оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техника (В.П.Беспалько) педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс –әрекеттің моделі (В.М.Монахова) барлық сабақ беру процесін жасаудың қолданудың жіне анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам, олардың дара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО) мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко), В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардық жүйелік іс –әрекеті. Ол мақсат, мазмұн, әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа, ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары, нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі. Ол білім берудің мазмұны, оқу жоспары мен бағдарламаларындағы ескерілген іс – әрекеттердің түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады. [17.53].

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау, дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін түсінік. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалынатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс – әрекеттердің ретінде қарастырылған. Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады.

Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздың жоспарланған мақсаттарымен оқушылардың іс – әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.

«Педагогикалық технология» түсінігі үш жақты көрініс беру мүмкін. Ғылыми: педагогикалық технологиялар педагогика процестерін жобалайтын, оқытудың мазмұны мен әдістемесін зерттеп, мақсаттарды қорытып шығаратын педагогика ғылымының бір бөлігі.

Процессуалдық суреттеушілік: процесті (алгоритм) суреттеу, оқытудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізу, бағытталған мақсаттар, идеялар, мазмұн, әдістер жиынтығы.

Процессуалдық әрекеттік технологиялық (педагогикалық) процесті іске асыру, тұлғалық, инструментальдық және әдістемелік құралдардың қызмет етуі [17.6].

Технология бұл іс – әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды таңдау ережесі (В.В.Гузеев).

Қазіргі кездегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: (Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларға бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың қарама қайшылығы келеді.).

Осы тұрғыдан Н.Д.Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның ла, ұжымның да, даму динамикасын көруге болатын, педагогтармен оқушылардың өздерін өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс – әрекеттер кешені. Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары топтастыруды талап етеді. Бұл мәселемен А.Я.Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксенова, Г.К.Селевко, В.В.Юдин және т.б. басқалары шұғылданған.

Педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру технологиялары ұсынылады: дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; ірі блоктік оқыту технологиясы, перспективалық озық оқыту технологиясы, негізінде жеделдетіп оқыту технологиясы жекелеген оқытудың технологиясы сынып ішінде саралап оқыту технологиясы т.б.

Технологиялар түрлері (Н.Д.Хмель):

Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы, (модульдік технология) В.Давыдов, Д.Б.Элконин, Л.В.Занков бойынша оқыту технологиясы, ЭВМ электрондық есептеу машиналары негізіндегі ақпараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу» Д.Ховардың «ертеңгі күн мектебі» және т.б. «Еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологиялар. (Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық оқыту, вальдорф педагогикасы, Л.Н.Толстой мектебі», «Отбасылық мектеп» және т.б.

Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктелуін ұсынады:

Педагогикалық қарым – қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыруға негізделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, Е.Н.Ильинаның әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т.б.)

Оқушылардың іс – әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы В.А.Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы.)

Педагогикалық технологиялардың жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын нақтылы анықталуы.

Нәтижелердің жетістілігін бағытталуы.

Тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс – әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымның анықталуы.

Мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау

Тәжірибенің қайталануы мен алмасуы.

Сонымен белгілі технологияларды жіктелуіне жасалған шолу бір қалыпта емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне бағдар беруге негіз болып және оны кеңейтуге, сапаландыруға, тармақтандыруға, толықтыруға бағытталған [18.15]

Педагогикалық технология оқытудың неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқытуда қолданылатын тәсілдер жүйесі және оқытудың шынай процесі ретінде қызмет етеді.

Бастауыш мектеп оқыту үрдісінде ойын технологиясының орны мен ролі ерекше. Соның ішінде дидактикалық ойындар көп сатылы педагогикалық процесс. Ол балаларды жан жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп санауға болады. Педагогикалық процессте ойын арқылы оқушының білім мен бейімін жеке тұлғалық қасиеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойын технологиясын жүйелі түрде, терең білім алудың бірден бір бүгінгі күні нәтижелі оқыту формасы болса, соның өзінде де тиімді ойындарды қолдану өз нәтижелерін көрсетеді. Технология жүйесінде ойындар бірнеше түрге бөлінеді:

– Еліктегіш

– Проблемалық

– Сюжеттік ситуациялық

– Шығармашылық

– Ролдік

– Шарттыэролдік

– Іскерлік

– Өндірістік

– формалдық

– ұжымдық

– сайыстық

– нәтижелік

– ойын технологиясы әр топ мүмкіндіктерін ескереді, ал оның нәтижелігін арттыру үшін ойын әдісін тиімді қолданса оқушының сабақ барысында қызығушылығын оятады.

Адам айналасындағы сан алуан заттарға сан алуан заттарға көңіл бөліп қызығып отырады.

Ойынның педагогикада, оқу процесінде алатын орны платон заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі маңыздылығы жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Мектепке ойынға асыққандай бар, ол сондай ғанибет». Ал ХҮІІІ ғасырда Жан Жак Руссо мен И.Г.Песталоцкий ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д.Ушенский мен П.Ф.Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде және оқыту барысында ойынның өз алатын орынын В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап көрсеткен.

Баланың негізгі психологиялық қызметтерінің дамуында, тұлғаның өзін – өзі басқаруында әлеуметтану процесінде ойынның маңызы зор.

Тұлғаның әрекеті ретіндегі ойынның құрылымы мынадай кезеңдерден тұрады:

– мақсат белгілеу

– жоспарлау

– мақсатты жүзеге асыру

– субъект ретінде өзін тұлға етіп көрсете білу нәтижесіне талдау жасау.

С.А.Шмановтың пікірінше, педагогикалық мәдениеттің феномені ретінде ойын мынадай қызметтерді атқарады:

– әлеуметтану қызметі

–ұлтаралық коммуникация қызметі

– баланың өзін өзі жұмсау қызметі

– коммуникативтік қызмет

– диагностикалық қызмет

– терапевтік қызмет

– коррекциялық қызмет [19.20].

педагогикалық ойындар қарапайым ойыннан мынадай айырмашылықтар бойынша ерекшеленеді:

–оқыту мақсаты мен педагогикалық нәтижеге қарай құрылуымен

–оқу процесінде ойынның орны мен ролінің анықталуы

–ойын элементі мен оқу элементінің сәйкестендірілуімен

Бастауыш мектепте көбіне Б.П.Никитаның дамыту ойындар технологиясы қолданылады. Әрбір ойынның кубиктер, квадраттар, механикалық конструктор бөліктерін қолдану арқылы шешетін міндеттері болады. Міндеттер түрлі формада беріледі: модель, сурет, сызба, жазбаша, не ауызша нұсқаулар. Сөйтіп оқушы ақпарат берудің түрлі тәсілдерімен танысады.

Ойын технологиясы оқу процесінің белгілі бір бөлігі болып саналуымен қатар білім берудің біртұтастығын құрайды. Әр түрлі ойындардан ойын технологиясын құрастыру бастауыш мектеп мұғалімнің міндеті. Ойынның бала өмірінде алатын орны ертеден дәлелденген. Тіпті ХҮІІІ ғасырда Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек». [20.9].

Психолог –ғалым Т.Тәжібаев: «Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс –әрекетінің басты –басты белгілерін атап екен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі –адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар соғуы, зейін қоюы, әр уақыт адам санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып» отыруын іс –әрекет деп таниды [21 107].

Үлкендер үшін қарым қатынас құралы тіл болса, ол балалар үшін ойын және әр түрлі іс әрекет болып табылады. Балалармен жұмыс істеу ойында ойын мен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланы өзін өзі басқарудан тұрады.

В.А.Сухомлинский «Ойында балалардың алдынан дүние ашылады, жеке бастың шығармашылық қабілеті ашылады».

Ойынсыз толық ақыл ой дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құйылады.

Ойын дегеніміз – бұл құштарлықтың отын жағатын ұшқыш деген болатын.

Олай болса, ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Бала ойын арқылы өзі үйренеді.

Психолог балалар әлеміне толығымен қол үшін тигізе алады. Баланың берген нәзік сезімін қабылдайды. Баланың жеке басының дамуына көмектеседі. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.

Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да бала ойынның мәнін айқын түсінді. Ол былай деп жазды: «Біз бала басынан елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс –әрекеті ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұқсас келеді: ол өзінің жеке әлемін жасайды. Немесе әлемді өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп қабылдамайды десек қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шын беріледі және барлық эмоциясын салады».

Френктің тұжырымы бойынша, бала үшін ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл шың өмірдің кеңістікпен уақыттағы заттардағы, жануар құрылымындағы және адамдардағы зерттеу және ориентациялау әдісі, ойын процесіне араласа отырып балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді.

Уолтман былай деп жазады: «Баланың өзінен туындайтын іс –әрекеті өз тәжірибесін және соған байланысты сезімін құруға мүмкіндік береді. Кішкентай балаға семантикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну қабілеті енді ғана қалыптасып келеді» [22.125]

Қазақстан ғалымы Т.Мұқановтың пікірінше, ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.бала ойынында да қоғамдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Бала ойынында да қоғамдық сипат болады. Мәселен кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір – бірімен өзара қатынас жасайды. Ал бұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатындықтан, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, деп жазады ол, балалар өмірінде де сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста сондай үлкен маңызды болады. Сондықтан келешекке баланы тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады». Сабақ барысында ойынның басты мақсаты білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.

Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байтды. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, лексико фонетикалық материалдарды берік меңгерту. Сондай ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Оқушылардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету мұғалімнің асты парызы. Ойын үстінде оқушылардың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен.

Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын Қазақстандық ғалым Н.Құтжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі іс әрекет және оның жеке өмірі деп дәлелденген. Оның айтуы бойынша ойында әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану болашақ өмірін түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі, өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін және қиялдау қабілеттерін дамытуға жетелейді.

Ойындардың қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Бастауыш сыныптарда сөздік ойындардың алатын орны ерекше. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға болады.

Қазақ тіліндегі сөздерді оқушылардың есіне берік бекітіп, меңгерту мақсатында ойынды сайыс түрінде «Кім тез шапшан?» деген девизбен өткізуге болады. Бұндай ойындар сайыстарға тән шарт бойынша оқушының терең теориялық білімі сайыстарға тән шарт бойынша оқушының теориялық білімі және шапшандық, жігерлік қасиеттері болғанын талап етеді. Сайыс барысында эмоционалдық деңгей материалдың есте берік қалуына әсер етеді.

Сабақ барысында алған білімдерін оқушылар практика жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытады. Грамматикалық өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ойын әр түрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.

Ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, 2 –сыныпта қазақ тілін ойын тенологиясын қолдану арқылы оқуға деген қызығушылығын арттыру жұмыстары үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде қазақ тілінің ережелері мен заңдылықтарын, сөздің тура және ауыспалы мағыналарын меңгертуге назар аударылады. Бұл кезеңде оқушылар қазақ тілінен жинақтаған білімдерін еске түсіруге, негізгі білімдерін жүйелеуге, оқушылардың жады мен зейінін жетілдіруге арналған ойындар жүргізілді.

Екінші кезеңде оқушылар өздігінен ізденуге, тапсырмаларды түрлі әдіс –тәсілдер арқылы шешуге үйренді. Тілдік қатынаста сөздерді орынды қолдану дағдыларын игерді.

Үшінші кезеңде оқушылар өз ойын анық, дәлелді және сенімді жеткізуге үйренді. Игерген білімдерін тілдік қарым –қатынаста орынды қолдану, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері жетілді[23].

Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау сабағында пайдаланады. Оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізуге үйретуде, қазақша тілін дамытуда грамматикалық лото ойыны оқушыларды сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібін, құрылысын меңгеруге дағдыландырады. Ал ролдік ойындарды сабақта қолдану үшін мұғалім жеке дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін терең ойластыру керек. Олар: а) қажетті лексика б) ойынның мақсаты мен шарты в) ойынға қажетті заттардың өзі немесе суреттері әзірленеді. Ролдік ойындар сабақтың қалыптасқан дәстүрін өзгертеді. Мұғалімнің де ұйымдастырушы ретінде орын анықталып, кәсіби беделі артады. [24.4].

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында немесе тексеру сипатында болып кледі.

Ойын технологиясы балалар үшін өзіне тән жүру барысы мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда келесі мақсатты көздейді: танымдық яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту.

Ойын баланың қызығушылықтан даму ұласатын, қызығушылығын ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі [25.11].

Ойын тәрбие әдісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді. Әсіресе ойынды қолдану халықтың педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлылығы мен тиімділігі оқушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификациясын түсінуімен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.

Белгілі педагог ғалымы Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей классификацияға жіктейді.

Әрекет саласына қарай:

Білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау

Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық

Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық

Қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық

Психотехникалық деп:

Ойын әдістемесіне қарай:

Пәндік

Сюжеттік

Ролдік

Іскерлік

Иммитациялық

Драмалық

Пәндік саласына қарай:

Математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық

Музыкалық, театрлық, әдеби

Еңбек, техникалық, өндірістік

Дене шынықтыру, әскери қолданбалы, туристік, халықтық деп:

Ойгау ортасына қарай:

Нәрселік, нәрсесіз

Үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын жергілікті

Компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ

Техникалық, қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі [17.7].

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оны қолданудың жүйелілігіне, екіншіден ойын бағдарламасының мақсаты мен дидактикалық жаттығулардың сәйкес келуіне байланысты.

Сабаққа ойын технологиясын қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейінде меңгеруіне ықпал етеді. Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлерін былай көрсетуге болады:

Ойын саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық оңай жолмен, қажеттілер қызық жолмен беріледі.

Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

Ойын болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді?, егер...? мен «Не істер едім, егер?» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюмен ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

Ойын жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңдеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

Ойын әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым –қатынасына негізделеді. Бұл қарым –қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы олар эмоциялдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын сабақ, ойын жаттығу, серігіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т.б.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам дәл орындауға тырысады. [27.28].

Төмендегі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте –бірте күрделілендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шындап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, қызығушылығы мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу [28.17].

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау бекіту немесе тексеру болып табылады. сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материаолы қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез – келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады [29.135].

Сабақта мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

«Ойлап тап, мұғалім қима қағазға сөздің бірінші буынан жазып қояды, екінші буынын бала өзі тауып, суретін көрсетеді, мысалы, дәп (тер), пар (та), кі (тап).

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны. Қима қағазда сөйлемнің басы немесе аяғы жазулы тұрады. Бала сөйлемді аяқтау керек. Мысалы: кітап (оқыды), картоп, пияз (көкөністер), көктемде күн (жылыйды).

«Не жоқ» ойыны. Мұғалім үстелдің үстіне бірнеше ойыншықтарды қояды. Оқушы сол затты көріп, есінде сақтау керек. Содан мұғалімнің нұсқауымен оқушы көзін жұмады, сол кезде мұғалім екі затты тығып қояды. Оқушы жоқ затты атау керек [30.19].

«Ғажайып қоржын» ойыны. Мұғаліммен бірге оқушы үстелдің үстінде жатқан заттарды көреді, атайды. Содан кейін оқушы көзін жұмады, ал мұғалім бір затты қоржынның ішіне салып қояды. Оқушы қоржынның сыртынан затты ұстап, атын дұрыс айту керек.

«Домино» ойыны. Мұғалім оқушының тапсырманы орындағанын және дыбыстарды дұрыс анық айтқандығын қадағалап отырады. Ойын жұмыс түрін түрлендіруге және оқушылардың назарын аудартуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі, сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болуы керек.

Ойын барысында оқушылар сөз ішінде дыбыстардың дұрыс жазылуына (егер сөздің бір дыбысы дұрыс жазылмаса), сөздің мағынасының өзгеріп кеткеніне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуына да көңіл бөлінеді.

«Іздеп тап» ойыны. Ойын бірінші сыныпта кісі аттарының бас әріпінен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады.

Ойынға кісі аттарына сай әріппен жазылған бірнеше буындар дайындалады. Әрбір қалтада он кіші әріп кеспе буындары және бастаушы үшін кісі аттары толық жазылған карточкалар салынып қойылады.

Бұған сондай – ақ «Қай буынды жоғалттым?» ойыны арқылы кеспе буындарын қолдануға да болады. Кеспе буындар мен сөз парақшалар төмендегідей:

Са, Ша, Ро,Ра, Мұ, Сә, Бо, Ду, Ай.

Ра, Ра, За, Я, Рат, Кен, Лат, Ман, Дар.

Кісі аттары: Сара, Шара, Роза, Рая, Мұрат, Самат, Болат, Думан, Айдар. Осы сияқты бірнеше қалталар жасалады.

Ойын тәртібі:

a) мұғалім әрбір партаға (екі оқушыға) бір қалтадан таратып береді. Олардың біреуі бас әріп буындарын, екіншісі кіші әріп буындарын алады. Ал кісі аты толық жазылған парақшалар мұғалімнің өзінде ұялады. Екінші оқушы парта үстіндегі буынға сәйкес парақшаны іздеп тауып қасына қояды:

b) мұғалім сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп өткізуіне де болады. Әр ойынға арналған парақшалар жеке – жеке қалталарға салынады. Жоғарыдағы үлгіге арнап, жуан, жіңішке болып келетін ұқсас буындарын ойындар ұйымдастыруға болады.

8. «Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Бұл ойын буын тақырыбын өткенде сөздерді буынға дұрыс бөле білуге төселдіру үшін қолданылады. Ойында бір буыны қалдырылып кеткен сөз паракшалары жасалынады. Ойын сабақта пысықтау кезеңде немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі. [32.9].

Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен материалды пысықтау қайталау кездерінде қолдану пайдалы.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарына туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне сәйкес келе бермейд. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану ұсыну қажет [33.28].

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын технологиясын пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

БІРІНШІ ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру процесі баланың еркін дамуының белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Олай болса, оқу үрдісі бала үшін «бәрін білгім келеді», «қызық нәрсені білгенді ұнатамынә деген қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Жалпы алғанда, қызығу – психикалық құбылыс, қызығу танымдық іс – әрекеттің қозғаушы күші.

Қызығу психологтар Т.Тәжібаевтың, Қ.Жарықбаевтың, С.Бап – бабаның т.б. еңбектерінде зерттеліп, оның қалыптасуы бала әрекетіне байланысты болатындығы дәлелденген.

Қызығушылық оқу – тәрбие жұмысында өте қажет. Өйткені бала оқуға қызықпаса, онда оқу нәтижелі болмақ емес. Қызығушылық балаларда алғашында қарапайым болады, ол баланың жас және дербес ерекшелігіне байланысты болады. Сондықтан да мұғалім әр түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру керек және де тұрақта қызығу ғана бүкіл бойын билеп, қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, іс – әрекеттен жақсы нәтиже береді. Мектепке келген балада оқуға қызығушылық болады. Мұғалім сол қызығушылықты жойып алмай, дамыту керек.

Білім негізі бастауышта қалатыны баршаға мәлім. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары болуы заңдылық. Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білумен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді.

Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта қызығушылығын оятатын түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану ұтымды. Әсіресе қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану өте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызады. Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта ойынды жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып, кіріктіру, оларды өзара біріктіру сапалы тәрбие берудің негізі бағыты.

Демек, қазақ тілі сабағында ойын түрлерін тиімді қолдана білсек, оқушыларды ізденімпаздыққа бағыттаймыз, сабаққа деген қызығушылығын арттырамыз. Ал ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой – пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында дидактикалық ойын түрінде өткізу элементтерін пайдаланудық қажет етеді. Н.К.Крупская бала жас болғандықтан ғана ойламайтын, балалықтың өзі ғана ойнау үшін яки жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру берілетін айтқан болатын. [34.8].

Сабақты ойын түрінде жүргізу шәкірттердің білімге деген ынта ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды түсінікті болады.
2.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет