Кіріспе Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады. Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететін мынадай заңдарды басшылыққа алады: - Әлеуметтік педагог өз қызметінде гуманизация және демократизация қағидаларын жүзеге асыру мақсатында мынадай заңдарды басшылыққа алады: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - ҚР «Білім беру туралы заңы»; - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; - БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»; - ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»; - «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»; - «Патронаттық тәрбие туралы ереже»; - «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»; - ҚР Еңбек кодексі; - ҚР Қылмыстық кодексі; - «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
- Әлеуметтік педагог - Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроахуал қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр баланың қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты мәселелерге ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді; Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
- Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы
- Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.
- Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).
- Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары
- Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)
- Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
- Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.
- Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.
- Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест, семинар-тренингтар т.б.)
- Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.
- Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері - рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.
- Адамгершілік тәрбие отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.
Достарыңызбен бөлісу: |