Жоба Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасуы»



Дата12.10.2019
өлшемі31,54 Kb.
#49742
Байланысты:
docx1542636929

Жоба

Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасуы»

Дайындаған:Бакимова З.К

Қостанай 2018



Жоба

Тақырыбы: «Дидактикалық

ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық

түсініктердің қалыптасуы»

Мазмұны

Жобаның мақсаты және міндеттері

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Дидактикалық ойындардың тиімділігі

2. Дидактикалық ойын түрлерін қолдану

3. Дидактикалық ойындардың түрлері

4. Геометриялық пішіндерге арналған

дидактикалық ойындар

5. Қарапайым математикада қолданылатын

дидактикалық ойындардың топтастырылуы

. Қорытынды

. Қолданылған әдебиеттер тізімі



Жобаның мақсаты:

Балабақшадан бастап баланың математикалық түсініктерді

дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне

байланысты болып табылады. Балаларға математикалық

қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.
Жобаның міндеттері:

1. Балаларды заттың

2. Логикалық

3. Балаларды кеңістік

көлеміне қарай ойлауларын

қатынастарымен (оң -

салыстыруға үйретуді жетілдіру, кеңістікте

сол, үстінде, астында,

жалғастыру. (жоғары орнын дұрыс табуға

арасында) таныстыру.

- төмен, ұзын - қысқа) тәрбиеле

Кіріспе


• Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен

ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс -

әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін

кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен

оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни

балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады

• Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс -

әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі,

сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. қарапайым

математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды

үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің

көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін

жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі

бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.

• Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін

логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден

басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын –

балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал,

баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің,

жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады

•“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға”

арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата –

аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. Дидақтикалық ойындар

арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.

•Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық

білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды

қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау,

немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері

баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай

іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

•Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым

математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша

дидактикалық ойындар сипатталған.

•Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге

қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық

ойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін жандандыруға

арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты

түсіндіру, оны пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау

үшін дидактикалық ойындарды пайдалану қажет.

•Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты,

керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым,

тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп

сұрыпталған.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі

• Дидактикалық ойын барысында есту, көру,

сезіну, қабылдау сияқты үрдістер дамиды.

Мұндай ойындарда балалардың ептілігі,

қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады,

кеңістік, уақытты бағдарлауға үйренеді,

тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты

адамгершілік сапаларын қалыптастырады.

Мысалы, математика сабақтарында ойындар

арқылы балалар әр түрлі амалдар мен

жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар

математикалық сипаттағы қиыншылықтарды

меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Сауат

ашу сабақтарында, көркем әдебиет

шығармаларын оқуда сөз белгілі бір заттың,

жеке айналадағы құбылыстың әрекетін

білдіретінін және өз ойын жеткізуде

мағынасына қарай сөзді дәл сәйкестеп табу

керектігін саналы ұғындырумен баланың тілін

дамытуда тілдің дыбысталуы мәдениетіне

тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Бұл

ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып

табылады.

Баланың ойлауы – ересектердің ойлануынан

ерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың

ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады:


1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс –

әрекетіне қарапайым тапсырмаларды орындайды –

айналдырады, тартады, ашады, басады. Іс жүзінде ол себеп –

салдар байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді,

қателеседі.
2-Кезең. Көрнекілік – бейнелі (Нақты – заттық)

ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен әрекет жасаудың қажеті

жоқ, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын

бейнелі (көрнекілік) елестетуге қабілетті.


3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі -

логикалық)ойлау. Балалар үшін ең күрделі – ойлау процесі.

Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, күрделіанық түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды.

Дидактикалық ойын түрлерін қолдану

• Даярлық топ балаларының білуге деген ынтасы

мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу

үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында

алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын

қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін көп

пайдалану тиімді.

•Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке

тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік

толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез

– құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері,

сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл

есептер, ахуал жағдайлары,сайыстар балалардың

белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын

барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады,

ұшқырлана түседі.

•Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің

де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат

сезіміне бөлейтін іс – әрекет. Бала тұрмақ, үлкен

адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның

түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп

отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне

байланысты.

Геометриялық пішіндерге

арналған дидактикалық

ойындар

« Жұбын тап»



• Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін

бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

• Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

• Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде

бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің

дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.


«Пішіндерді боя»

• Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.

• 2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын

арттыру.


• Көрнекілік: Геометриялық пішіндер

• Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің

суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші

балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол

тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды.

Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Қарапайым математикада қолданылатын

дидактикалық ойындардың топтастырылуы

Он көлеміндегі Он көлеміндегі Он көлеміндегі Қарапайым

сандардың атауын, сандардың құрамы сандарды қосу мен геометриялық

ретін меңгертуге туралы білімді азайту дағдыларын материалды

бағытталған бекітуге қалыптастыруға меңгертуге

бағытталған бағытталған бағытталған
Дидактикалық ойындар( мектепалды даярлық)

Санамақ ойындар, «Мынау кімнің үйі», «Айға кім бұрын «Геометриялық

жаңылтпаш «Допты қай жетеді?», эстафета»,

ойындар, жұмбақ ойыншыға беру «Есептеуіш «Ою құрастыру»,

ойындар, «Тізбек», керек?», «Хаттың машиналар»,

«Поезд», «Орнын иесі кім?», «Керекті «Дүкен», «Фигураны тап»,

тап», «Жалғастыра санды қой» «Бірден сызып

санау», «Көрші – «Баспалдақ», «Аң шық», «Сыр

көрші» патшасы», сандықты ашып қара»

«Орамал тастамақ»,

«Ханталапай»,

«Қасқыр мен қой»,

«Теңге алу»
Қорытынды

•Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс – әрекеті дамытуда ғы ойындар,

жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар ар қылы балаларды ң бастамашылы ғын,

байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылы ғын, қабілетін, шы ғармашылы ғын

дамыта отырып бала бойына құзырлылықтардың қалыптасуында: мейірімділік,

инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу.

•Дидактикалық ойындарды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын мінез-

құлық ережелері мен нормаларын бекітетін құрал ретінде пайдалану, олар ға

байқағыштықты, зейінді дамытатын ойындар, заттарды ң белгілерімен таныстыруға

арналған жұмбақ–ойындар, есте сақтауды дамытуға арнал ған ойындар, топтау іскерлігін

дамыту, логикалық ойындар және т.б.

•Сондықтан, дидактикалық ойын балаларды ң қорша ған орта туралы т үсінігін

кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі

адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балаларды ң ізденімпазды ғын арттырып,

сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызы ғушылы қтарын

арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлы қтарын

дамытады.

•Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жағымды қарым – қатынаста, ұйымдаса

ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін –

еркін демалуға тәрбиеленеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Жас ерекшеліктер педагогикасы. Қ.Р.Б.және ғылым

министірлігі С.А. Мусаева, Т.Б. Бегалиев «Фолиант»

баспасы Астана-2006.

2. «Математика және физика» журналы №1-2009, №2-

2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004

3. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков

4. Математикалық шкатулка

5. Халық есептері. Ә.Абдықасымов

6. Мектепалды даярлық №2 2011

7. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» -

Алматы «РАУАН» 1992, 20 – 46 беті

8. Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика»

Астана «ФОЛИАНТ» 2008 55 – 78 беті.

9. «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 –

20 беті.


Ұқсас жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар

Дидактикалық ойындар-оқыту құралы. Мектеп жасына дейіңгі балалардың қимыл қозғалыс ойындар

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі – сенсорлық тәрбиесі

Балабақшаның педагогикалық процесінде дидактикалық ойындар

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясы

Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінінің дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындары

«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»



Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Режиссерлік ойын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет