Жоба
VІ шақырылған Жылыой аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Құлсары қаласы №__ «__»_______ 2016 жыл
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
23 маусымдағы №30-2 «Жылыой
ауданының ауылдық округтерінің
және Жаңа Қаратон кенті аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше,
көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 маусымдағы №30-2 «Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3238 болып тіркелген, «Кең Жылой» газетінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшада:
10 тармақта:
«Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) көрсетілген шешіммен бекітілген 2 қосымшада:
10 тармақта:
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
3) көрсетілген шешіммен бекітілген 3 қосымшада:
10 тармақта:
«Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
4) көрсетілген шешіммен бекітілген 4 қосымшада:
10 тармақта:
«Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
5) көрсетілген шешіммен бекітілген 5 қосымшада:
10 тармақта:
«Жем ауылдық округі әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
6) көрсетілген шешіммен бекітілген 6 қосымшада:
10 тармақта:
«Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппаратына» деген сөздер ««Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Жамалов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
__ cессиясының төрағасы ____________
Аудандық мәслихат
хатшысы М. Кенғанов
Достарыңызбен бөлісу: |