11 дәріс. Жобадан жер бетіне көшірудегі геодезиялық жұмыстар туралы жалпы мағлұматтар
Дәрістің мақсаты: Жобадан жер бетіне көшірудегі геодезиялық жұмыстарды орындау тәртібі
Жерге орналастыру жобасын жер бетіне орналастыру негізінен жер учаскелерінің шекарасын белгілерімен бекітуден тұрады, бұл ретте шекаралардың ортасынан өтетін жолдар жобаланылады және олардың ені мен ұзындығы белгіленеді. Жобаны жер бетіне орналастыру жұмыстарында оңай әдістемелері қолданылады және ол жұмысты атқаруға мейлінше аз уақыт келтіру керек болады. Сонымен қатар шекаралардың дәлдігі сақталып, экономикалық тиімділігі техникалық сұраныстары жерге орналастырушы шаруашылықтың сұранысына толық жауап беруі шарт.
Жердің жобасын геодезиялық әдіспен жер бетіне орналастыруға жер-кадастырлық ісінің техникалық бөлімі екі кезеңнен құрылады, Олар: камералды дайындық және далалық жұмыстар:
1.Камералды дайындық жұмыстары.
Келісім сызбасындағы жер учаскесінің орнын басқа шекаралас жер пайдаланушылармен тексеріп анықтау.
Бұл жұмысты атқару үшін фотопланшет номенклатурасы арқылы кезекші картаны даярлау керек. Содан соң келісім сызбасында орналасқан орнын анықтап шектесіп жатқан жер пайдаланушылардың аттарын көрсетеді, соңынан фотопланшеттегі немесе компьютердегі мәліметтермен салыстырады.
Келісім сызбасы бойынша берілуге тиісті учаскенің шекарасы жобаланады.
Қазіргі кезеңде жер учаскелерін жобалау фотопланшет бойынша компьютерлік бағдарлама арқылы жасалады. Ол жұмысты Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агеннттігінің Мемлекеттік ғылыми орталығы (Гос НПЦ зем) жүргізеді. Сондықтан біз осы әдісті қарастырдық.
Ең алдымен шекаралас жер пайдаланушылардың шекара нүктелерінің көшірмесі мен геодезиялық берілген мәліметтерін аламыз: оның ішінде де бұрылыс нүктелерінің координаттары мен олардың ара қашықтық ұзындық өлшемдерін аламыз. Компьютерде МАРІNҒО бағдарламасын ашамыз. Осыдан соң бізге қажетті планшетті алып ГИС мәліметтерін ашамыз.
Берілген координат мәліметтерімен келісім сызбалары бойынша учаскелерді жобалауға кірісеміз. Учаскелерге кадастырлық нөмір беріп оған жер иеленушінің аты жөнін және пайдалану рәсімін жазамыз, содан соң осы мәліметерді компьютердің еске сақтауына енгізіп, онда учаскенің ауданын т.б. көрсеткіштерін енгіземіз.
Әдебиет және ресурстар
1. Нұрпейісова, М.Б.. Геодезия.- Астана, 2010
2. Геодезия: оқулық / Маржан Байсанқызы Нұрпейісова.- Астана: Фолиант, 2010.- 280, [8] б.- (Кәсіптік білім.).
3. Атымтаев, Б.Б.. Инженерлік геодезия.- А., 2005.
4. Геодезия негіздері: оқу құралы / Зейнеп Қадырбекқызы Сәрсембекова; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2013.- 133, [1] б
5. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негіздері. А., 1993
6. Пентаев, Т.П.. Инженерлік геодезия.- Алматы, 2002
7. Савиных В.П., Бородко А.В. Геодезия, картография, геоинформатика, кадастр: Энциклопедия. В 2–х т. – М.: Геодезкартиздат, южное АГП, 2008. – 960 с.
Электрондық ресурстар
1. Географические карты [Электронный ресурс]. http://www.worlds.ru/
2. http://window.edu.ru/catalog/pdf2txt/952/40952/18257
3. http://www.geokniga.org/bookfiles/geokniga-geodeziya-popov-vn-chekalin-vi-2007.pdf
4. http://www.miigaik.ru/upload/iblock/d33/d338f97b95beb6e28f390953050e9062.pdf