басымдықәрекеттерболуытиіс,өйткені,олбелгілібірәлеуметтікортаныидеалдарғасәйкесқайтажаңғыртуқызметінатқарааладыдеп түсіндіреді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ғылыми контекстін жасаудың өзектілігін ұсынады.
Жобалаудыой-әрекетжүйесіәдіснамасынегізіндеқалыптасатынбасқаруқызметіретіндежүзегеасыруидеясы. Жобалау әуел бастан техникалық объектілердің құрылымдық қамтамасыз етілуіне қатысты қызметтер атқарды. 70-жылдардың басында жобалау теорияларының тенденцияларын зерттеу барысында ғалымдар әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жүйелерде, соның ішінде білім беруде жобалауды қолдануға болатынын атап көрсетті. Осы кездері әрекет теориясының негізінде қоғамдық жүйелерді жаппай жобалаудың әдіснамалық негіздерін құрастыра бастады. Осылайша жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасы негізінде әрекеттің күрделі жобаларын жасау құралдары пайда болды. Жобалаудың эпистемологиялық тәсілі ретінде 50-жылдары Москвадағы логикалық үйірмеде құрастырылған мазмұндық-генетикалық логика алынды.
Жүйелі ой-әрекеттері әдіснамасы негізінде жобаланған әрекетті имитациялық - ойын түрінде көрсетудің әдістемесі – ұйымдасқанәрекеттікойындар–бүгінгі күні алдыңғы қатарлы ресейлік менеджмент тәжірибесінде кең қолданыста жүрген «ОДИ – организационно-деятельностные игры» – ұйымдастырушылық - әрекеттік ойындар атымен белгілі әдістеме жасалды. Аталған жүйелі ой-әрекеттері теориясына сай жобалау қызметінің дамытушылықты көздейтін идеясы тұжырымдамалық және технологиялық түрде дәлелденген. Осыған орай, жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасы дамыту принциптерін табиғи немесе әлеуметтік ортада болып жатқан үрдістердің кейбір көріністері ретінде емес, қоршаған ортаны түсінуді ұйымдастыратын орта ретінде қарастырылуын ең алдымен талап етеді. Аталған принципке сәйкес дамытудың жалпы сипаттамасы белгілібіржүйеніңосыкездегіжағдайымен салыстырғанда жобаланып отырған болашақжағдайының басым тұрғанқұндылық екенін мойындаудыбілдіреді. Бұл жерде жобалаушыға даму қадамдарын жүзеге
асырушы «белсенді агент» позициясы беріледі, оның санасында өзінің мақсаттық - құндылықтық ұстанымдары негізінде болашақтың бейнесі пайда болады және бекітіледі.
Осылайша,жобалаудыңеңбастыоперационалдықерекшелігі–оныңқайтақұруларменжаңғыртуларғабағытталғандығында. Жобалау белгілі бір объектіні жаңатүргеайналдырып,онықайтажаңғыртуқызметінатқарады. Осыған сәйкес, жобалаудың басқарудың ерекше қызметі ретінде дамытудың маңызы зор екені дәлелденуде.
Әлеуметтік жүйелерде қазіргі өркениеттік дағдарысқа рефлексия ретінде өндірістік қызмет салаларында (әкімшілік басқару, өндіріс технологиялары т.б.) және өндіріспен байланысы жоқ салаларда – театр, бейнелеу өнері, әдебиет, философия, жаратылыстану ғылымы және педагогикада жалпы ғылыми және арнайы сипаттағы әдіснамалық проблемаларға қызығушылық пайда болды. Жекелеген және бөлек-бөлек сипаттағы өзгерістерді көздейтін дәстүрлі әрекеттерге қарағанда жаңа әдістердің ерекшелігі пәнаралық байланыстарды және тұтастықты көздейді. Олар бір жағынан, дәстүрден тыс әдістер, екінші жағынан – адамның жеке тәжірибесіне бағытталған әдістер.
Осылайша, басқарудыңсубъективтікфакторларынасайжаңа қоғамдағы қайта құрудың барлық күрделі құрылымдарында олардың жүйелік байланыстарын сақтап және жүйелік қасиеттеріне сүйене отырып, жобалаудың мүмкіндіктерін талдау, ұйымдастырушылық қызметінің мәнін ашу қажеттігі бар деп есептеледі.
Күрделі жүйелердегі жобалау стратегиялық бағдарға сай жүйе құрылымдарының өзгермелі жағдайларда дамуына мүмкіндік береді, атап айтқанда:
-жүйені белгілі бір қызметтері, қарым -қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
-жүйенің жаңа қарым - қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын қосымша қызметтерді дамытып отырады;
-тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
-белгілі бір қызметтердің, қарым–қатынастардың және қасиеттерінің өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Көрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі. Жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де осыдан болады. Жобалау қызметінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанынан көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастырушылар жоба–жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба–белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту деген пікірге сай дей аламыз өйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін
көрсетеді.
Трансформациялық үрдістің кездейсоқ сипатын болдырмау үшін басқарудағы жобалау қызметі жүйенің түрін өзгерту қызметін атқара алады. Бұл жердегі жобалаудың атқаратын рөлі–дәстүрлі тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жаңа құрылымның қолданылуына қажетті жағдайлар жасалмаса, онда ол іске де аспауы мүмкін. Жаңалықтың әкімшілік нұсқауларымен жүйеге ендірілуі нәтижелі болмайтыны тәжірибеде дәлелденіп жүргені белгілі.
Жүйе элементтерінің сандық көрсеткіштеріне белгілі бір мақсатпен ықпал ету олардың сапалық өзгерістеріне әкеледі, соған орай, біртіндеп қасиеттері өзгереді, одан кейін қарым -қатынастары, одан әрі жүйенің қызметтері өзгереді. Осы тұрғыдан қарастыру бірте-бірте жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруын, ішкі және сыртқы байланыстары мен қарым
- қатынастарын қамтамасыз етеді.