Жобаның атауы: «табиғат-баға жетпес сый» Әлеуметтік жобаның тақырыбы «Табиғат-тал бесігім»



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі23,96 Kb.
#119348
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ОЗ

Жобаның атауы: «ТАБИҒАТ-БАҒА ЖЕТПЕС СЫЙ»
Әлеуметтік жобаның тақырыбы «Табиғат-тал бесігім»

Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары: Приписнова Светлана Анатольевна


Өзін-өзі тану мұғалімі: Рахимова Гульжихан Иляловна
Сынып: 6 «А»
Сынып жетекшісі: Рахимова Гульжихан Иляловна

Жобаның атауы: «Табиғат-тал бесігім»

Бірінші кезең
I тоқсан
Қыркүйек, қазан
Мақсат қою. Іс-әрекет жоспарын әзірлеу.
6 сынып оқулықта немесе оқушы дәптерінде берілген сұрақтарға жауап беру. (сұрақтарға жауап үй жұмысына беріледі, орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабағында талқылау, талқыланатын тақырыпты таңдау)
Жоба тақырыбын таңдар алдында, оқу ісі жөніндегі орынбасарының жоспарларына жоба жұмысын енгізе отырып, олармен бірлесе ақылдаса отырып, оқушылармен және сынып жетекшімен бірге тақырыпты таңдау. Жоба күнделігі жұмысын бастау.
Таңдалған жобаның тақырыбы: «Табиғат-тал бесігім».
Мақсаты:
Қоршаған ортаны сүюді, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. Табиғат пен балалар арасында оңтайлы қарым-қатынас орнату. Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбие беру.
Міндеттері:
1) Тірі және өлі табиғат жөнінде таным - түсініктерін қалыптастыра отырып, қоршаған ортадан алған әсерлерін жеткізе білуге үйрету.
2) Мектеп орналасқан жердің табиғатын зерделеу
3) Табиғатқа, қоршаған әлемге жасайтын қамқорлық пен көмек көрсетуге баулу
Жобасын өткізудің даярлық жоспары:

  1. Оқудын тыс іс-шараны өткізбес бұрын, оқушыларға алдын ала біздің не істейтінімізді, не үшін, неліктен және неге көмек көрсететініміз туралы толық мәлімет беру үшін «Табиғат-тал бесігім» атты сынып сағатын өткізу

  2. Мектеп орналасқан жердегі сау және ауру ағаштарды, ағаштардың түрлерін қарастыру, мәлімет жинау.

3. Суретке түсіріп алу, сонымен бірге түсірілген суреттер мен бейнематериалдар бойынша фотоколлаж құрастырып, бейнероликтер, жаднама даярлау
4. Бұл кезеңдегі орындалған жұмыстың қорытындысы ретінде оқушылардың табиғат туралы салған суреттер байқауын өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет