Жобаның тақырыбы: «Салт құпиясы» Жобаның мақсаты



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі2,54 Mb.
#48307
  1   2   3   4   5   6

Жобаның тақырыбы: «Салт құпиясы»
Жобаның мақсаты: Қазақтың тәрбиеге бастар әрбір салтын білуге және оны орындауға, өскелең ұрпаққа паш ету.
Міндеттері:
1. Салттың бір құпиясын ашып кету.
2. Қазағымның салт-дәстүрілерін жоғалтпай, ұрпақтан –ұрпаққа тарату.
Қазақ халқында салт-дәстүрлер өте көп олардың көбісі бала тәрбиесіне қатысты. Кішкене сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ержетіп өсіп толғанына дейін жасалатын жол-жоралғылардың бәрі баланың дұрыс өсіп, еліне қызмет етуіне қатысты. «Бала -елдің болашағы» деген мақал-мәтелдер де осы қазақтың осындай салттарына қатысты айтылса керек. Қазақ халқының осындай дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесу». Осы «Тұсау кесу» салтын дұрыс сақтамай кеткен бір қазақ отбасының жайы туралы айтпақпын.
Қазан төңкерісі тұсында бір адам өмір сүрген екен. Әлгі адам үйлі баранды болады. Өзі жоғары биілікке дейін көтеріледі. Бірақ әлгі адамның басынан қайғы арылмайды. Баласын өзіне қас болып жүрген қарақшылар тірідей жөнделіп жатқан асфальт жолдың астына көміп тастайды. Баласының қазасы жанына батқан анасы жындыханаға жатқызылып, бір күнде отбасы тас-талқан болады. Өзіде жоғары лауазымға ертең сайланасың десе, келесі күні бір жамандыққа тап болып отырады. Биікке қанша талпынса да, сағы сына береді. Бірде әлгі адам көрші қалаға ұшақпен ұшып келеді. Өзінің туып өскен қаласын аралап жүріп, өзі тұрған бір үйге келеді. Жасы үлкейіп қария болса да өзінің үйін көргісі келеді. Үйдің бөтен қожасы оны жақсы қарсы алады. Әлгі адамға шай береді. Дастархқан басында қария өзінің басындағы бар болған жайды әлгі үй иесі әйелге баян етеді. Сонда үнсіз тыңдап отырған әйел қарияға бір ғана сауал қояды. Дөрекілігіме кешіріңіз, бірақ сіздің тұсауыңыз кесіліппе еді-дейді.
Алпысты алқымдап қалған қария сасып қалып, онысын білмейтінін айтады. Сонда әйел сөзін жалғап, менің мұндай сұрақ қоюым егер, адамның тұсауы кесілмесе оның жүрер алдыңғы жолы жабық болады екен деп сөзін тауысады. Ата-анасының қалада өсіп, қазақша тәрбие бермегенін және осындай салтты еш сақтамағаны есіне түсіп, қария қазақтың осындай салтын сақтай білмеген өз әке-шешесіне наразы болады. Қапыда отбасы мен баласынан айрылған қария көзіне жас алып, әлгі әйелге енді тұсауымды кессем бола ма деген екен. Сіздің жасыңыз өтіп кетті, бірақ мен үлкен адамның тұсауы кеспеген екенмін,-деп орнынан тұрап, әлгі адамның тұсауын кесіп салттың жоралғысын жасайды. Кейін әлгі адамның тағы бір отбасы құрып, бақытты ғұмыр кешкенін естиді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет