2. Мүлікті пайдалануға беру міндеттемелерінің ерекшеліктері.
1. Лизинг және прокат келісім шарттарының салыстырмалы ұқсастығы мен айырмашылықтары
2. Ағзамов және Рахымжанов шарт жасасты, ол бойынша Ағзамов ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапар кезеңіне Рахымжановқа сақтауға компьютерді берді, онымен пайдалануға рұқсат етті. Тараптар сақтау үшін сыйақыны ақшалай емес, сол компьютерді Рахымжанов пайдалану құқығына иеленетіні ретінде болатыны туралы келісті, соған байланысты тараптардың арасындағы өзара есептесулер қарастырылған жоқ. Ағзамов іс-сапардан оралғаннан кейін Рахымжанов жарақаттың нәтижесінде қолын зақымдап, сақтаудың барлық кезеңі ішінде Ағзамовтың компьютерін пайдалана алмағандығын мәлімдеді. Рахымжановтың пікірінше, компьютерді сақтағаны үшін Ағзамов оған сыйақы төлеуге міндетті. Келісімге келе алмай, тараптар заңгерлік кеңеске жүгінді.
Оларға қандай түсіндірме беру керек?
- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. Әдебиет: - Гражданское право. Особенная часть. Том 1. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2002 - Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008 - Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2: Договоры о передаче имущества. – М.: “Статут”, 2000 - Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
3 апта
3. Жұмыс жасаудан туындайтын міндеттемелер. Мердігерлік шарттар
1. .«Алау» ЖШС тапсырысшы ретінде жобалық және мердігерлік жұмыстармен шұғылданатын «Ойыл» АҚ-н шарт жасасып, оған көкөніс сақтауға арналған қойманың жобасын жасауды және оның ғимаратын салуды тапсырады. Қойма екі жыл мерзімінің ішінде салынып, 2013 жылы 1 шілдеде пайдалануға ресми қабылданады. Алайда 2013 ж. қыс айларында «Алау» сол қоймаға сақтауға салған көкөністердің едәуір көлемі үсіп кетіп, қойма иесіне 10 млн теңгені құрайтын шығынға келтірді. Тауарлардың үсіп кетуінің себебі ретінде қойманың температуралық көрсеткіштері оны жобалау сатысында ескерілмегені, және құрылысты салу барысында қойманың қабырғаларына сапасыз арзан құрылыс материалдары қолданғаны анықталды.
Тапсырма: «Алау» ЖШС атынан борышкерге наразылық хаттың жобасын құрастырыңыз
2. Мемлекеттік орган тендер өткізу негізінде «Ғылым» акционерлік қоғамын жеңімпаз деп танып, онымен арнайы заң жобасын жасау туралы мемлекеттің мүддесіне келісім шарт жасасады, оның тармақтарына сәйкес заң жобасы 2014 жылдың 30 қарашасына дейін ҚР Парламентіне жіберілу белгіленген. Тапсырысшы орындаушыға келісім шарт бойынша белгіленген жалпы соманың 50 пайызын аударып берген. «Ғылым» акционерлік қоғамы 2014 жылы 01 қарашада бұл Заң жобасын тиесілі мерзімде жазып үлгермейтіндігін тапсырысшыға жазбаша мәлімдейді, себебі заң жобасын дайындау тобынан ең білікті маманы жұмыстан өз еркімен шыққан. Өзге мамандар ондай білікті емес екен.
Қалыптасқан жағдай қызмет көрсету ме әлде жұмыс жасау туралы нормаларымен реттеледі?
Жағдай қалай шешілу қажет?