4. Студенттердің білімін бақылау 4.1. Студенттердің ағымдағы үлгерімін бағалау өлшемі Студенттің ағымдағы сабақ үлгерімін және сабаққа қатысуын (сабақ түрлері бойынша) бағалау өлшемдері 1. Дәріс:
- дәріс барысындағы жұмысы және қатысқаны үшін – 100% (дәріске қатысқаны жалпылай бағаны шығару барысында баға үлесі 20% құрайды (100%х0,2));
- дәріске қатыспағаны үшін – 0%.
2. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
- СӨЖ тапсырмасын (пән бойынша силлабусқа сәйкес) сапалы және уақытылы орындағаны үшін– 0-ден 100% дейін (жалпылай бағаны шығару барысында СӨЖ тапсырмасын сапалы және уақытылы орындағаны баға үлесінің 80% құрайды (100%х0,8))*. Тапсырмалар СОӨЖ барысында тапсырылады.
Дәріске қатысқаны, СӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін орташа арифметикалық бағасы қосылып, 100% деп бағаланады (бір баға ретінде).
Дәрістік сабақтар қарастырылмаған пәндер бойынша (шет тілі, иоформатика және т.б.) СӨЖ тапсырмасын сапалы және уақытылы орындағаны үшін бір баға қойылады( 0 -ден 100% дейін).
3. Семинар (тәжірибелік, зертханалық) сабақтары:
- семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабағына қатысқаны және жұмысы үшін – 20-дан 100%-ға дейін (семинар (тәжірибелік, зертханалық) сабағына қатысқаны үшін – 20%) ;
- семинар (тәжірибелік, зертханалық) сабағына қатыспағаны үшін – 0%.
Журналға 20-дан 100%-ға дейінгі бір баға қойылады.
Сабақтағы үлгерімі және/немесе қатысқаны үшін баға әр сабаққа қойылады. Үлгерімі мен сабаққа қатысқаны үшін ағымдағы бақылаудың түпкі нәтижесі барлық жинаған бағаларының арифметикалық ортақ сомасы есептеліп, аралық бақылау аптасында шығарылады.
Студент сабақты негізді себептермен жіберген жағдайда, жоғары мектеп директорының өкімімен оқытушы электронды журналды толтыру барысында «0» орнына «1» қойылады.
4.2. Студенттердің пәнді меңгеру бойынша бақылау және бағалау материалдары (аралық бақылау және емтиханға дайындалу үшін сұрақтар)
ҚР-ның Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) жалпы сипаттамасы, заңды күшіне енуі. ҚР-сы Азаматтық кодексімен (жалпы бөлім) арақатынасы.
Мүлікті меншікке немесе өзге де заттық құқыққа беру жөніндегі шарттардың жалпы сипаттамасы, олардың ұқсас шарттардан айырмашылығы.
Сатып алу-сату шарты туралы жалпы ережелер. Үшінші тұлғалардың құқықтарынан сатып алу-сату нысанасының бос болуы. Эвикция.
Сатып алу-сату шарты бойынша меншік құқығының пайда болу сәті. Сатып алу-сату нысанасының кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелі.
Кәсіпорынды және қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сатудың ерекшеліктері.
Бағалы қағаздарды және тауар биржаларында валюталық құндылықтарды сатып алу-сату ерекшеліктері.
Мемлекеттік сатып алу шеңберіндегі сатып алу-сату ерекшеліктері.
Бөлшектеп сатып алу-сату ерекшеліктері.
Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, тараптары, оны айыратын ерекшеліктер. Шарт мазмұны.
Келісім шарт жасасу (контрактация) шарты
Энергиямен жабдықтау шарттары.
Жекешелендіру түсінігі, субъектілері мен объектілері. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану негіздері мен мерзімдері.
Айырбастау шарты. Сыйға тарту шарты.
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттары.
Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттарға жалпы сипаттама беру. Оның ұқсас шарттардан айырмашылығы.
Жалдау шартының түсінігі мен сипаттамасы. Жалдау шартының мазмұны. Жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу негіздері. Жалға алынған мүліктің жақсартылуы.
Прокат шарты.
Лизинг шарты. Қаржылық лизингтің ерекшеліктері.
Ссуда шарты.
Тұрғын жай жалдау шартының ерекшеліктері. Жеке тұрғын үй қорындағы және мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайларды жалдау.
Жұмыс жасау міндеттемелерінің қызмет көрсету міндеттемелерінен айырмашылығы. Мердігерлік шартының түсінігі мен сипаттамасы, мазмұны.
Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері.
Құрылыс мердігерлігі шартының ерекшеліктері.
Жобалау және іздестіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.
Өтемелі қызмет көрсету шарты. Қызметтердің кейбір түрлерін көрсету туралы ҚР-ның заңнамасы.
Тасымалдау туралы жалпы ережелер. Көлік заңнамасы. Көлік түрлері.
Әуе тасымалдауының ерекшеліктері. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау шартын біржақты бұзу. Әуе тасымалдаушысының жауапкершілігі.
Теміржолмен жолаушыларды және жүктерді тасымалдаудың ерекшеліктері. Тараптардың жауапкершілігі.
Теңіз көлігімен тасымалдаудың ерекшеліктері.
Көлік экспедициясы шарты.
Сақтандыру туралы жалпы ережелер. Сақтандыру құқықтық қатынастарының қатысушылары. Сақтандыру түрлері.
Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны, оны жасау тәсілдері. Сақтандырушының сақтандыру өтемін төлеуден бас тарту негіздері.
Сақтандырудың жекелеген түрлері.
Заем шартының түсінігі және сипаттамасы. Заем шартының түрлері.
Факторинг шарты.
Банктік қызмет көрсету шарттары.
Есеп айырысу туралы жалпы ережелер. Төлем тапсырмасы, чек, инкассо арқылы есеп айырысу.
Тапсырма шартының түсінігі мен сипаттамасы, мазмұны.
Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
Комиссия шартының түсінігі мен сипаттамасы. Комиссия шартының мазмұны.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі жалпы ережелер. Сенімгерлікпен басұарудың пайда болу негіздері.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.
Сақтау шартының түсінігі мен сипаттамасы. Әдеттегі және кәсіби сақтау, заттарды иесіздендіріп сақтау.
Сақтау шартының түрлері. Оларды айыратын ерекшеліктер.
Бірлескен қызмет туралы шарттың түсінігі мен сипаттамасы, мазмұны, тараптардың жауапкершілігі. Консорциум.
Жай серіктестіктің шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы. Жай серіктестіктің мүлкі және ісін жүргізу.
Құрылтай шартының түсінігі мен қатысушылары. Құрылтай шартының сипаттамасы.
Конкурстық міндеттемелер.
Шарттан тыс міндеттемелерге жалпы сипаттама беру. Шарттан тыс міндеттемелердің түрлері.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен сипаттамасы, пайда болу жағдаяттары. Кінәнің азаматтық құқықтық жауапкершіліктегі ерекшеліктері.
Жоғары қауіптілік көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Кәмелетке толмағандармен және әрекетке қабілеті жоқ және өз іс-әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік.
Әкімшілік басқару саласындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Алдын-ала анықтау, тергеу, прокуратура жәәне сот органдарының заңсыз әркеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Тауар, жұмыс, қызметтердің кемшіліктері негізінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
Моральдық зиянның түсінігі, сипаттамалары. Моральдық зиянды өтеу. ҚР Жоғарғы Сотының моральдық зиянды өтеу жөніндегі нормативтік қаулысы