Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы



бет11/16
Дата22.01.2022
өлшемі481,75 Kb.
#129611
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
формаль

Формальдегид (құмырсқа альдегид) – түссіз газтәрізді қосылыстар, өзіне тән өткір иісті қайнау температурасы –19,2 °С; балқу температуасы –92 °С; 20°С тығыздығы 0,8153 г/см3 тең.

Ол улы зат, көздің кілегейлі қабықшасын, тыныс жолдарын тітіркендіреді. Суда жақсы ериді. Өнеркәсіпте формальдегидті екі әдіспен алады:



  1. Метанды және оның кейбір гомологтарын шала тотықтыру арқылы алады.

  2. Пемзаға тартылған күміс – катализаторға қолданып және 650 – 7000 қыздырып метанолды каталитикалық тотықтыру немесе оны сутексіздендіру арқылы алады.

СН3ОН Н2 + Н2СО


Газ тәрізді формальдегид өздігінен бөлме температурасында және аз ғана мөлшерде тұз қышқылының, бор фторының, қалайы хлоридінің қатысуында 90°С температурада полимерленеді, нәтижесінде жоғарғы температурада (балқу температурасы 164 – 172 °С) балқитын ақ түсті ұнтақ – параформальдегид түзіледі.

Параформ немесе параформальдегид (СН2О)n – бұл аморфты формальдегид полимері болып табылады.

Формальдегид оңай суда немесе сулы метанол ерітіндісінде ериді. Су 50% СН2О ерітіндісінде жұтылады. Көптеген зерттеушілер сулы ерітіндіде формальдегид көбіне гидратталған күйде метиленгликоль түрінде болады.
СН2О + Н2О HOCH2OH
Бұл нәтижені қорытындылай келе сулы ерітіндідегі формальдегид 100°С температурада қайнауына негізделген, айдау дистиллатында формальдегидтің құрамы аз мөлшерде болады. Егер еріген формальдегид гидрат түрінде болмағанда, онда ол жай қыздырудың нәтижесінде бөліну қажет еді.

Формальдегид сулы ерітіндіде әртүрлі концентрацияда нығыздалуға бейім, нәтижесінде полиоксиметиленгликоль түзіледі. Ол келесі реакция арқылы жүреді:

1) Димердің түзілуі:
НОСН2ОН + НОСН2ОН HOCH2OCH2OH + Н2О
2) Тізбектің ұзаруы:
НОСН2ОСН2ОН + nНОСН2ОН HO(CH2O)n + 1CH2OH + nH2O,
Мұндағы n = 3 – 4.

Осыған байланысты, формальдегидтің сулы ерітіндісі формалин деп аталады, құрамында еритін полиоксиметиленгликоль бар.

Формалиннің құрамында аз ғана мөлшерде құмырсқа қышқылы бар, себебі, оны ұзақ уақыт сақтау кезінде формальдегидтің тотығу артады:
2СН2О + О2 2НСООН
Бұл қарапайым альдегидтің басқа қосылыстардан шайыр түзілу заңдылықтарының айырмашылықтары төменде берілген:

1) альдегид топтарының сулы ерітіндісіндегі сілтілердің өздігінен тотығуы мен өздігінен тотықсыздануынан метил спирті мен құмырсқа қышқылы түзіледі;

2) формальдегидті спиртпен қыздырғанда ацеталь түзіледі (мысалы, бутилмен):
СН2О + 2С4Н9ОН С4Н9ОCН2ОC4Н9 + Н2О
3) аммиакты формальдегидпен әрекеттестіргенде гексаметилентетрамин (уротропин) түзіледі:
6CH2O + 4NH3 (CH2)6N4 + 6H2O
Формальдегид алудың негізгі өндірістік әдістерінің бірі метил спиртінің оттек ауасында 400 – 600°С температурада катализатор қатысында тотығуы болып табылады. Бір уақытта екі реакция – тотығу және дегидрлеу жатады:
СН3ОН + О2 СН2О + Н2О + 36,8 ккал/моль

СН3ОН СН2О + Н2 - 28,8 ккал/моль


Катализатор процесі ретінде күміс, мыс, молибден тотығы (темірмен қапталған), марганец фосфаты (молибденмен қапталған) және т.б.

Соңғы жылдары формальдегидті 400 – 600°С температурада азотоксиді қатысында метанды оттегі ауасымен тотықтыру арқылы алады. Тотығу төмендегі реакция бойынша жүреді:


4 + O2 CH2O + H2O (негізгі реакция)

2СН4 + О2 2СН3ОН (қосымша реакция)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет