Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы


Синтездеуге қолданылатын реагенттердің сипаттамасы



бет13/16
Дата22.01.2022
өлшемі481,75 Kb.
#129611
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
формаль

2.2 Синтездеуге қолданылатын реагенттердің сипаттамасы

Формалин 40% формальдегидтің сулы ерітіндісі құрамында 8 % метил спирті және 52 % су бар. Бұл ерітінді ұзақ уақыт сақаталса, лайланып ақ тұнба түзіледі. Бұл қосылыс параформальдегид деп аталады.

Мочевина таза күйінде түссіз ұзын ине тәрізді және ақ призма күйінде кездесетін кристалдар. Ол көмірқышқылының диамиді болып табылады:

Мочевина – бұл түссіз кристалл, молекулалық массасы 60,06 г/моль, тығыздығы 1,335 г/см3, сыну көрсеткіші 1,484, балқу температурасы 132,70С және вакумдегі айдау температурасы 120 – 130 0С тең.

Тұз қышқылы хлорсутек қышқылы, HCl –  хлорсутек газының судағы ерітіндісі; бір негізді қышқыл. Оның ең жоғары концентрациясы 36%, бұл ерітіндінің тығыздығы 1,18 г/см3, буы өткір иісті мөлдір сұйықтық, ауада түтене бастайды. Күшті қышқыл, суда жақсы ериді. Тұз қышқылы көптеген металдармен және олардың тотықтарымен әрекеттесіп, көпшілігі суда жақсы еритін тұздар (хлоридтер) түзеді.

Өнеркәсіпте тұз қышқылын өндіру екі сатыдан тұрады: хлорсутек алу және оны сумен абсорбциялау. Таза тұз қышқылын жай заттардан тікелей синтездеу арқылы алады. Сату үшін өндірілетін тұз қышқылының құрамындағы хлорсутек 12,2% болса сұйытылған, ал 24%-дан көп болса концентрлі, лабараториялық мақсатта пайдаланылатын 7%-дығы ерітілген деп аталады. Тұз қышқылы 0,3% шамасында адам асқазанында болады. Өнеркәсіпте тұз қышқылы металл (мырыш, кальций, барий, т.б.) хлоридтерін және көптеген органикалық қосылыстарды синтездеуге жұмсалады. Спирт, глюкоза, қант өндіру, тері илеу және бояу, активтелген көмір алу, металл бетіндегі оксид қабыршағын кетіру, т.б. көптеген процестерде қолданылады. Газ тәрізді хлорсутек (HCl) өте улы, оның ауадағы мөлшері 0,005 мг/л-ден асса адам өміріне қауіп тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет