Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу



бет6/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 2. Ұлттық мінез

Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлтын, хадықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың. этносың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы — тарихи шындық жзне объективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-касиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқынын мінез-

103

құлкына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдлық пен кеңпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен мен,пейілділ өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлық пен пайымшылдық қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де нез-құлық сииаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспешілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылық-тары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы шешен-дік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. бір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттерді жай-жапсары — әлеуметтік психология саласы — этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.



Адамнын мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеумттік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапалары қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік фактор.

Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стертип және мінез. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік бегілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі — динамикалық стереотип — жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл — жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын шартты тіркендіргіштер-дің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық стереотип осы тітіркендіргіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қылып пайда болуында.

Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсету де ерекше орын алатын жайт-жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И. П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі. 1. Ойшыл тип — бұл, негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы 2. Көркем тип — бірінші сигналдық шартты рефлекст басымдылығы. 3. Орташа тип — мұнда екі сигнал жүйсінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдадьщ көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезін-



104

де булардан басқа да мінез ерекшеліктерінін, пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтиал. Темпераменттеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып кследі-



§ 3. МІнездің құрылымы мен қасиеттері

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі (имптомкомплекс не факторлар деп те аталады.

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Пеихология ғылымында мінсз топтастырылып, онын қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. Мінездің еңбекке байланысты қасиетгері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қа-рау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы; өркөкіректік, даңғойлық, тәкаппарлық, мақтаншақтық өзімшілдік, қарайымдылық, кішіпейл-ділік. 4, Заттарға қатынасы: ұқьштылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.

Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар больш табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымра, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл касиет—мінездід күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшыра-ғанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Иәсілдік жэне мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психо-

105


логтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың ңәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсілі ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, он темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ де (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қаситері нәсілдік биологиялық заңдылыктар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.

Мінездің, нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егізде зерттеу нәтижелері аркылы теріске шығарылады. ні, бір тұкымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ор шеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірін бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшелік" де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болытт , майды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қар өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі он физиологиялық иегізі — жоғары жүйке жүйесінің шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.



Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жеке ген касиеттері адамзаттың еыртқы ортамен және ө адамдармен қарьш-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы коғамдық қатынас-тар не зінде қалыптасады. Адамның өз материалдык мұқтаждық-тарын қамтамасыз- етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұны бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамныд мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасьш, дамиды. Үйде дара больш өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-құлықтары-ның қальштасуына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбие-ленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен еттерініц қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.



§ 4. Мінез жэне темперамент

Мінез бен темпераменттщ өзара байланысы олардың физиология-лық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйсінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшелі

106

терінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әнгімені бірінші болып бастайды, флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұн-дайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшелікер темперамент қасиеттеріне негізделеді.



Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекс-тердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездіц физиологиялық негізі екендігі мәлім. Сейтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының, дамуына да ықпал етіп отырады Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағаңда меланхоликті оп-оңай корқақ етуге болады. Ал қолайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.

Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамнын, психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.

Мінездің үнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады, Дағдылар арқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мек белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің еңбек әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қағанаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді женіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекетер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет больш қа-

лыптасады да, оның қайрат-жігерін шындайды.

107

§ 5. Едіктеу және оның адам мінезін қадыптастыруда

рөлі

Бұл жөкінде үлы Абай: “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды керсеңіз”— дейді. Үйреншікті іс-әрекеттің бір тәсілі — еліктеу, сондай болсам екен деп ниет білдіру.

Бала өзіне ұнаған адамнық қимыл-қозғалысына, іс- әрекетіне еліктейтін болса, онда сол кісінің бала мінезі не, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп, мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қальштас-тыруға ықпал еткені. Адам мінезіне еліктеу оның іс-әрекетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы болмақ. Осы орайда, баланың жақсы көрген ұстазына, әдебиеттердегі кейіпкерлерге не тарихтағы саяси қайраткерлер мен Еңбек ерлеріне еліктеуі оның мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерді қалыптастырьш, дамытуға мүмкіндік береді.

1/Адам мінезіндегі кейбір ерекшеліктер мен қасиеттердің күрт өзгерістерге ұшырауы да мүмкін. Бұл адамның тіршілік бейнесіне, сыртқы жағдайдың өзгеруіне, сондай ақ, талас-тартысты, дау-дамайлы жағдайларға да байланысты. Мысалы, баланың жас кезіндегі басынан кешірген қиыншылықтары мен керіс-жанжал арасында өсуі, бір мектептсн екінші мектепке ауысқанда оған қой- ылатьш талаптардың түрліше болуы және мектеп пе ата-ана тәрбиесінің арасындағы алшақтық оған ерекш әсер етіп, мінез-құлқын өзгертетіндігі анықталған жайттар. Мұндай жағдайларда мінездің кейбір сапалары өзгеріп қана қоймай, соған ыңғайланып, қалыптаса да береді. Сонымен, адам мінезінің дамуы мен қалыптасу: сыртқы жағдайлар мен ішкі факторларға, тіршілік еткен ортаға, әлеуметтік жағдайға, тәлім-тәрбие істеріні нәтижесіне байланысты болып, олардың бәрі адам бойында із қалдырып отырады.

Демократ ұстаз К. Д. Ушинский бала мінезінің дамуы мен қалыптасуын жаңа отырғызылып, көктей бастаған ағаш көшетімен салыстырып, көктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із салса, ол өсе келе шорланып буынданып кетеді дейді, Сондықтан, бала мінезін тәрбиелеу — әрі нәзік, әрі игі мақсатты іс. Адамның мінзі — оның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып дамып отыратын психологиялық даралық қасиет.

Халқымызда “Баланы жастан” деген мақал бар.



108

Оның түпкі мәні адам бойындағы жағындағы мінез-құлық пен игі қасиетгер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.



Хтарау. ҚАБІЛЕТ



§ 1. Қабілеттің жалпы снпаты

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді.

Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

1. Іс-әрекетті тез өзгерту.

2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай-игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Ңе себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

109


Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сізім мүшелерінің сыртқы тітіркен-діргіштерге әсерленіп, былдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан ырмашылығын көрсететін пеихологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы бол-уы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу — баскетболшы спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ершеліктер қабілет-тіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табыска жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады, Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен мен пайдасы тиері даусыз,

Кез-келген адамньщ екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі.Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетім байланысты түрде жүзеге асады Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады Бұл — адамдардың даралық ерешеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алма сол іс-әрекеткелайық әдет-дағдыларын қалыптасты мағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқару мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгей, дамығандығын көрсетеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің, әлшпесімен әлі

110

танысьш үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қанщалықты бейімді екендігін білуге болады.



§ 2 Нышан және қябілет

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралык психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардьщ қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардыд алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбне істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиядық ерекшеліктері Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қа-лыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттіа нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тә-лім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкіи Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі — хирург, дәрігер, екшшісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с. с.

Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып. бір-ақ рет тыңда-

111


ған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезоз өзінің “Еңілік— Кебек” пьесасын 20 жасында жазғаи. Әйгілі суретші К. П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға тускен. Ал Л С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да, естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай же-тістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондан балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н. Н. Лузин, биолог К. Линнсй, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т. б. өздерінің. қабілеттілігін әлдекайда кешірек танытқан.

§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісшікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылнқ адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік — нақты іс әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пеп бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауьш, бір бағытта тоғысъш отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ; ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, кызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбек-сүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамнын өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен карап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

112


Аіам кабілетішн, даралық ерекшеліктеріне талант,дарылық данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері,

Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да талант-тардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.

Қабілеттід жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол ба-ғытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында онын іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.

Адам кабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамьш, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелсрі адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызура болады.

Кабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет — адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатыи, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірнбелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сезбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі Факторы — еңбек.

113


114

Үшінші бөлім



ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ

ХІ тарау. ТҮЙСІК

§ I. Түйсік туралы түсінік

Түйсік — материялық дүниедегі заттар мен кұбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйну дегеніміз — дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмай-ды. Ол — біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады Сол шьшдық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік — сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүнненің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы — осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәлімет-тердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамнын, дүние шындығы мен болмысын танып білуі — диадектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның “нақты айымдау” не “тікелей таным процесі” деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен кұбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда больш, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік — тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер — ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды-

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол — адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу кызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады. Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ. Алайда, сезімдік бейнелеу түрлері — түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер жану-

115

арлар дуниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.



Дүниетзнудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы — абстрактылы-теориялық ойлау. Ол — тек адамға ғана тән қасиет, Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән-мазмұнын енбектену процесіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық проце- сінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындын көрсетеді.

§ 2, Туйсіктің физиологиялык, негіздері

Туйсіктің табиғи-физиологиялык негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылылымының анықтауынша адам өзін-өзі бас-қаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырьш, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына езгеріс кіргізіп,оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Тал-

дағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган — бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім — рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар (19-

сурет) -


Бірінші бөлік — рецепторлар — түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі-сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші бөлік өткізгіш-бөлік — сырткы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарынын

116


16-сурет Ми қабығының

локализациясы, яғнн орталықтардың функционалдық қызметтерге бөлінуі.

0000-_ көру орталықта-0000- рының бөлімі.

VVVV-қозғалыс

ОООО)®— иіс ,дәм

 -тері, + + +-есту



-ішкі

1.Жұлын мен ішкі ми аймағы 2. Көру төмпешігінің аймағы, III Мн жарты шарлары.



1. Көз,2 Кұлак, 3 Тері, 4 . Иіс мүшес, 5 Дәм мүшесі,6. Бұлшық еттер мен сіңірлер, 7 Ішкі орган рецепторлары.

ұшынаа қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді, Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. Үшінші бөлік — мидағы орталықтар. Бұл — талдағыштардың негізгі бөілімі.

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше — мидары осы орталықтар.

Функциялардық динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алқап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қаръш-катынаста, өзара тығыз байланыста болады .Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп бір нёйрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығының мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады



117

Түйсік жайында түрлі бағдар ұстанған бірқатар философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың обьективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгертерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды Түйсікке қатысты мәселеде Беркли, Юм, Мах т б түйсік дүниедегі заттар мен құбылыстардын қасиеттері не байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өз дерінід жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады дейді. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен -иероглифтер, символдар болып шығады. Түйсікті мән-жайын мұндай түсінік бойынша айқын түсіндіру өте қиын

XIX ғасырдың басында түйсікті идеалистік тұрғыдан түсіндіруге тырыскан И Миллер сезім мүшелерінің ерекше энергиясы деген заң шығарып, әр сезім мүшес кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап береді дейді. Ол түйсік зат пен тітіркекдіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл — сезім мүшесіне тән

энергияның еркіндік алу нәтижесі және соған ғана тәуелді болады-мыс деген қорытынды жасайды. Миллердің мұндай тұжырымы “физиологиялық идеализм” деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің “түйсік организмді сыртқы дүниемен байланыс-тырмайды, қайта тірі организмді қоршаған ортадан бөлетін қабырға болып саналады” деген қате тезисіне сай келді.

Мұндай көзқарастардьщ шындыққа жанаспайтындығын

В. И. Ленин материалистік ілім тұршсынан дәлелдеп, сынға алды. Адам түйсігінің ерекше дамуына еңбек пен тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің шығуы (дыбысты анық тіл) күшті ыкпал еткендігі, адамның сыртқы бес сезім мүшесінін жетілуі бүкіл әлемдік тарихи дамудың жемісі екені ақиқат.



§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бас тап адамның сыртқы бес сезім мушесіне орай керу, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецеіпторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түй-

118

сіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі Тітіркендіргіш пен рецеп-торлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жатады.



Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына карай рецепторларды үш топқа бөлуге болады-экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т. б.); проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интерорецепторлар (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді Организмнің сыртында орналасқан қоз, кұлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері — экстерорецеп-торлар Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипатгарын бейнелейді. Бұлшық, ет-терде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім м\шелерін интерорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органиқалық түйсіктер деп те атайды

Жануарлар дүниесінің эволюциялық даму процесінде сезгіштіктің және түрлері (ауырғанды сезіну), жаңа түрлері (тактильдік түйсіну, дистанттық түйсіну т. б.) деп бөлшуі жалпы түйсікті бірнеше негіз-дерге сүйене отырып топтастырьш, жіктеп, өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін барынша ашып көрсетудің жолы мен тәсілдері болып саналады.

Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазоиьшын өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы “Мың рет естігеннен бір рет көрген артық> деген түсінік осындай тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсің үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозға-көріп білеміз. Заттар мен кұбыдыстардың- жеке

119


сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен,көру түйсігі арқылы іске асады.

Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің ұзындығы — 390—780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). Осы арқылы жарық толқындарын бір-бірінің түрлі сипаттарына қарап айыруға болады: а) Толқынның ұзындығы онын, бір секунттағы шайқалу санына байланысты. Шайқалу жиілей түссе, толқынның ұзындығы қысқара береді, шайқалу саны азайған сайын толқынның ұзындығы арта бастайды. I секунтта ең аз шайқалатын ұзын толқындар қызыл түсті көрсетеді, көп шайқалатын ең қысқа толқындар күлгін түсті бейнелейді. Әр түрлі толқындардың қандай түс түйсігін тудыратындығы миллимикрон есебімен алғанда мынадай сипатта болады.

380—450 миллимнкрон — 510—560 миллимикрон

күлгін түс; — жасыл түс

450—470 -”- — көк түс; 560—575 -”- — сарғыш

жасыл түс,



470—480---- көгілдір тус; 575—590 -”- — сары түс.

480—490 -”- — көгілдір жасыл 590—610 -”- — қызғылт

түс, сары түс;

590—510 -”- — жасыл көгілдір 610—780 -”- — кызыл түс

түс-

ә) Жарық толқындары шайқалу амплитудасы арқылы бір-бірінен айырылады, Бұл толқынның энергиясына байланысты. Шайқалу амплитудасынан біз түстіқ анықтығын байқаймыз.



б) Жарық толқындарының түріне қарап, бір-бірінен айыра аламыз. Жарықтың түрі түрлі ұзындықтағы толқындардың өзара араласуынан туады. Түстердің қоюлығы жарық толқындарының түріне карай болады,

Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғнн бояусыз (ақ, қара және барлык сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық, түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы -” түстердің кара



120

түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ак түс — ең, жарык түс, қара түс жарықтығы ең төменгі түс болып саналады. Түстердің, өңі дегеніміз — бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтығы бірдей сұр түстерден жеке түстердін айырмашылығы. Ең кою түс — қызыл түс.

Көру мүшесі — көз. Онын, негізгі бөлімі — көз алмасы (20-сурет). Көз алмасының ішкі ортасын толты-

20сурет. Көз алмасыныя құрылысы.



1 - кірпікті дене, 2 — нұрлы қабық 3 — ылғал сұйықтығы, 4— 5— көру осі, 6 — қарашық, 7 — қасаң кабықша, 8 — көз бұршағына бекітетін байлам, 9 — коньюнктив, 10—көз бұршағы, 11— шынылы дене, 12—дәнекер тканьді қабықша, 13 — тамырлы қабық, І4 - - тор қабық, 15 — ортағы ойыс. 16 — соқыр дақ, 17— көру нервісі.

рып тұрған мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірі-нен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабық бар. Сыртқы қабықты -ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа (роговяда) ай-

налады. Көздің торлы қабығына (сетчатка) жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады, Сыртқы ақ ! қабықтыц астыңғы екінші қабығы — тамырлы қабық.; Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп ' аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке (бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы

қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Торлы қабықта жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатыи фоторецепторлары орналаекан, Онда 130 млн-ға жуық таяқша, 7 млндай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қа-

раңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді, Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оныңд шеткі жағына орналасқан. Таяқша клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарық әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру жүйкелерін қоздырып отырады. Редептор құрылысынан

табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері — таяқша пигменті — родопсин, шақша пигменті — иодопсин. Көру мүшесі үшін көмекші анатомия-



112

лық аппараттар да (бездер, қабық, кірпік, кас т. б-) тиісінше түрлі кызметтер атқарады,



Заттардын түстерін көру “үш түс теориясы” деп аталатын теорияға негізделеді. Бұл теорияны алғаш 1756 жылы ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов ашқа болатын. 100 жылдан кейін оның көзқарасьш неміс ғалымы Г. Гельмгольц жақтап шықты, Бұл теория бойынша көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткал бар, олар жарық сәулелері-нің әсерін түрліше сезінеді. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірін жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де, осының нә- жесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр келткалар қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады. Ал үшінші жұмыр клеткалардың қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын болса, адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса, аралық түстерді түйсінеді (2 сурет).



21-сурет. Тустерді көру теориясының сызба кескіні

Көру талдағышында ми қабығындағы көру орталықтары айрықша рөл атқарады. Көру орталықтары мидың желке тұсында орналасқан (І9-суретті қараңыз)- Көз алмасында сыртқы әсерлерден пайда болған қозу осы орталықтарға жеткенде ғана көру пайда болады. Шындықты жоғары деңгейде талдау мен біріктіру талдағыштардың осы бөлімінде өтіп жатады.

Көру жүйкссінің торлы қабықта байланысқан жерін соқыр дақ деп атайды (22 сурет). Торлы қабықтың бұл жерінде сезгіш элементтер кездеспейді, егер, де қарап тұрған заттың сәулесі дәл сол жерге түссе, адам ештеңе көре алмайды. Мұны қарапайым тәжірибе жасап көрсетуге болады: 22-суретті қашықтығы 25—30 см. жерге қойып, сол көзді жұмьш, оң көзбен дөңгелекке қарап тұрып, сурстті ілгері, кейін жылжытсақ кәрініп

122


22-сурет Соқыр таңбаны табу

тұрған- оң жақтағы дөңгелек бір кезде көрінбей қалады. Себебі, дөңгелектің сәулесі соқыр даққа түседі. Қағазды алыстата, жақындата қозғап тұрғанда, дөңгелек жоқ болып кетеді.

Қасаң қабықтың сезгіштік күші — сары дақ, ондағы шақшалардың жиналған жері — орталық шұңқыр деп аталады Адам көру үшін қарап тұрған объектісінін сәулесін сары даққа түсіруге тырысады. Ол үшін көзімізді ылғи қозғай береміз, сөйтіп, заттың барлық бөлшектерін бейнелеп аламыз. Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау керек. Бұл заңдылыкты конвер-генция деп атайды. Көз конвергенциясы жаңа туған нәрестеде болмайды, алғашқы күндері оның екі көзі екі жаққа қарап жатуы мүмкін. Көп ұзамай бөбек көзін бір объектіге тоқтата алады. Бір объектіні екі көзбен қарай отырьш көру түйсігін бинокулярлық көру дейді.

Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады Енді біреулер түстердің әр түрін жекслеп көре алмайды Айналадағы заттардың бірі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Көздің осындай кемістігін дальтонизм дейді. Ондай адам, әсіресе, кызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4—5 проценті далыондық болса, әйелдер 0,5 проценттей ғана. Дальтондық адамдар машина жүргізсе, жол апатына ұшырауы мумкін. Сондыктан түсті көрсететін сигналы бар жерге қызметке орналасу үшін ондай адам арнайы сыннан өтуі керек.

II, Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын — ауаның толқьшдары. Ауа толқыны деп ауанын, белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқьшдардың жиілігін, амплитудасын (құлашын) және формасьш ажырата аламыз. Ауаның бір секунтта өтетін толқынын герц деп атайды Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта еееппен 16000-нан 22000 гер”,ке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтьш 12—16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22 000-нан

123


асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыст дейді.

Жануарлардьщ дыбысты сезгіштігі адамнан асып түседі. Мысалы, насекомдар 80 000 герцке жететін ультрадыбыстарды түйсіне алады. Жарқанат ұшканда қанатымен улътрадыбыс шығарады. Ультрадыбыстард айналадағы заттарға осғылып қайтқан жаңғырығы; жарқанат түйсіне алғандықтан, тас қараңғы бөлмеде ештеңеге соқтықпай, ұшып жүре береді. Тәжірибелі зерттеу нәтижелері арқылы жарқанаттын, ми бағанасындағы есту орталық-тарының адамның миындағы сонда бөлімдермен салыстырғанда 100 есе артық дамығаны байқалды.

Есту түйісігі дыбыс шығарашн заттың периодикалық та, периодикасыз да тербелуінен тууы мүмкін. Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Мысалы, ән айту, саз аспаптарының дыбыстары музыкалық кұлаққа жағымды дыбыстарға жатады. Тұрақсыз жиілікпен шай-қалудан туған дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталадь'. Мұндай дыбыстарға түрлі сықыр-сыбдырлар мен тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады. Дыбыстың тембрі қосымша дыбыс шығаратьш мүшелердің 1 сек. ішіндегі тербеліс саны мен амплитудасына байланысты болады.

Музыкалық аспаптар мен адам даусыньвд өзіндік үнін тембр дейді. Тембр ауа толқьшының шайқалу түріне байланысты. Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарьшан әсер етсе, ол дыбыстар бір-біріне қосыльш кетеді. Мәселен, пианиноның үш клавишасьш (до, ми, соль) бірдей балсақ, олар үндесіп, аккордка ай-налады. Біз түйсінетін дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі — консонанс (үйлесімді, жағымды;. жағымсызы {үйлесімсіз, жағымсыз) — диссонанс деп аталады.

Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1} сыртқы құлақ; 2) орта құлақ 3) ішкі кұлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың барытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалканның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің фи-зиологиялық күші ерекше. Кейбір жануарларда қалқан бұлшық етінің де рөлі күшті. Оны біз құлағын қайшылап тұрған аттан, дыбысқа құлағын тігетін иттен бай-

124




23-сурет. Құлақтың құрылысы

1-құлақ қалқаны, 2— сырт-есту жолы, 3 — балғашық, 4- төс, 5 — жартылай ирек каналдар, 6 — есту жүйкесі. 7 иірім түтік (құлақтың құрышы) , 8 — үзенгі, 9— Евстахий түттігі, 10 — дабыл жарғағы.

қаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда бұлақ шығаратын бездер болады. Есту жолының ұзындығы — 2,5 см.

Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше — дабыл жарғағы, Ол нәзік (0,1 мм) болғанымен, өте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.

Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден — балғашық төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның жарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады. Үзенгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді.

Ортаңғы құлақтың қуысы евстахий түтігі арқылы кеңсірік, жұтқыншақпен жалғасады. Осы түтікпен өтетін ауа дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымын теңестіріп отырады. Егер екі жағындағы ауа қысымын теңелуі бұзыла бастаса, есту де нашарлай бастайды. Ал екі жақтың қысымы күшейіп кетсе, дабыл жарғағының жыртылуы мүмкін. Мәселен, атыс кезіндегі өте күшті (200 децибел) ауа толқыны жарғақты жыртып жібереді. Ондайдан сақтану үшін оқ атылғанда ауызды ашу керек, сол кезде евстахкй түтігінен орта құлаққа енген ауа мен атмосфералық ауаның қысымы теңдеседі.

Ішкі құлақтың құрылысы өте-мөте күрделі. Ішкі құлақты кейде лабиринт деп те атайды. Құлақтың бұл бөліміне, ең алдымен, спиралдық сүйектен құрылған иірім түтік (улитка) жатады. Бұл — өзінің негізгі бел ағашынан бастап екі жарым айналым жасайтын ирек қуыс. Осы қуыс ұзынынан тартылған перде арқылы екі каналға бөлінеді.Каналдың біреуі үзенгінік табаны жауып

125


тұратын сопақ тесіктен басталады. Иірім түтік арнасың екіге бөліп тұратын перденін бір бөлігінде негізгі мен брана орналасқан. Негізгі мембрана әр түрлі ұзындықтағы көлденекінен керілген 24 000-дай жүйке талшық тарьшан құрылады Үстіне иілген доға сияқты сезім-тал нейрондары бар осы талшықтарды физиологияда кортл органы деп атайды Иірім түтігі ішінде есту процесін іске асыруға жәрдемдесетін эндолимфа деитін сүйық зат болады. Адам денесінің кеністіктегі қалпын және қимылын түйсініп отыратын мүше бар Ол — жартылай имек каналдар. Олардың міндеті — денеміздің тепе теңдігін сақтау

Есту түйсігі ауа толқынының дабыл жарғағына әсер етуінен басталады. Ауанын шайқалуы йірім түтігіндеп сұйық затта күшіне қарай толқын тудырады. Сол толқындар корти мүшесінің сезімтал нейрондарына жеткенде қозу пайда болады. Сырттан жеткен толқындар әсерінен 24 000 жүйке талшықтарының бәрі бірдей қоз-бай, эндолимфада пайда болған толқын күшіне орай мембрананың кейбір топтары ғана қозады. Мембрана ерекшелігіне байланысты есту жайында Гельмгольцтің резонанс (жадғырық) теориясы бар, Бұл теория дыбыс тітіркендіргіштерінің күші мен жиілігі корти мүшесіндегі электр толқынының күші мен жиілігіне сай келеді деп анықтайды. И. П. Павлов лабораториясында итгің негізгі мембранасыкың ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған Мұндай тәжірибе Гельмгольцтіқ жаңғырық теориясының дұрыстығын айқындайды

Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы — дыбысты сүйек арқылы есту Мәселен, құлаққа мақта тығьш қойьш, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіңс тақасаң, дыбыс айқын естіледі Сондай-ақ бұл камертонның дыбысын оны тістеп тұрьш та естуге болады. Ды- быстың сүйек арқылы бсрілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарьш тұрған зат пен сүйектің жанасы нәтижесінде естіледі. Мысалы, қатты шыққан дауыстарды, жай сөздерді су астында бұғып отырып та ести аламыз.

Тіл есту талдағышының дамуына күшті әсер етсд.Ана тілінің дыбыс құрылымындағы нәзік айырмашылығын ажырату — адамның жастайынан бергі негізгі қажеті. Есту түйсігін дамытуға баланың жас кезінен бас



126

тан қамкорлық жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала нақышты болуы мен оның әр сөзді дұрыс айтуы да есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдет-бала ақыл-ойының дұрыс дамымай, көңілінің жа-болуын, сабақ үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүкістігінен деп санау керек



III. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының- теріге әсер етуінен туады. Тию мен басу түйсігі, суықты, жылылықты, ауруды түйіну де тері түйсіктеріне жатады 1 см2-дегі рецепторлардың жұмыс істеу қабілеті сан жағынан үнемі ауысып отырады. Бір бөлігі жұмыс істесе, екіншісі демалыста, ал үшінші бір бөлігі жұмыс істеуін доғару не оған кірісу жағдайында болады- (Терінің микроскопиялық құрылысы 24-суретте көрсетілген). Терідегі аффе-



24-сурет Микроскоппен қарағандағы терінің құрылысы. 1- түкше (шаш). 2— тері безінің өзегі, 3 — тығыз дәнекер тканьді қабат, 4 — май безі 5 — түкшені көтеретін еті, 6— болбыр дәнекер тканьді қабат,7 — түктің, (шаштын) түбі, 8— тер безі, 9 — эпидермис, 10 — дерма, 11 — май клеткаларының тобы, 12— ет ткані

рентік жүйке талшықтарының ұшында түйсіктердің респторлық функциясын атқаратьш түрлі аппараттар бар. Адамның бойында, шамамен тию мен басуды түйсінетін 50000 рецептор бар. Терінің 1- см2 не 25 рецепторға дейін орналасатындығы анықталған. Адам зат-тың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарды сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана кызметі емес, бұл — күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасымен іске асады.

Кол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшш де күшті рөл атқарады. Заттардын формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы ажыратамыз Сезім мүшелері сау адамдардың сипау түйсігі, әдетте, онша көп жетілмеген. Түйсіктің бұл түрі, әсіресе, құлағынан айрылған, көзі

127


көрмейтін адамдарда ерекше дамыған- Мысалы, өзі соқыр әрі саңырау, сақау, американдық әйел Елена К еллер мен Мәскеудегі Ольга Скороходова тері түйсіктерің жетілдіру нәтижесінде

Л. Браиль жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алған. О И. Скороходо, ва “Мен айналадағы дүниені қалайша танып білемін” деген (І974, 1956) еңбектер жазып, белгілі дефектолог маман болды.

Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің сипау сезімінің жетекші рөл атқаратыны күмәнсіз.

Тері (тактильдік) талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаснаған. Арнаулы зерттеулер-мен анықталған мәліметтер бойынша түйсік ноқаттарының есебін мынадай санмен көрсетуге болады: тию нүктелері — I млн.-дай, ауру нүктелері — 4 млн.-дай, суықтық нүктелер — 250000-дай, жылылық нүктелері — 30 000-дай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең көп орналасқан жері ерін, тіл мен саусақтың ұштары. Біз мұны мүшелеріміздің сезгіштігінен байқауымызға болады. Психологияда тактильдік түйсіктің. кеңістік табалдырығың және нүктелер арасындагы қашықтықты эстезиометр аспабы арқылы өлшеп білуге болады {25-сурет).





25-сурет. Спирменнің эстезиометр аспабы.

Эстезиометр аспабымен анықталған ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің ұюында болады (1,1 іим). Ауру рецепторы (нерв үштары) терінің көптеген жерлерінде орын тегікенін ауру ноқаттарының санынан байқауға болады (4000000).

Терідегі температуралык өзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор бар. Оның бірі — қызулықты түйсінетін руффини клеткалары, екіншісі — төмендеп, салқындауды түйсіетін краузе қолбалары. Сау адамның дене-

128


сіне тән температураны шартты түрде “физиологиялық нөл” деп атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нөлден төмен түсе бастаса, краузе колбалары тітіркенеді, егер де нөлден көтеріле бастаса, руффини клеткалары қоза баетайды.

Адам терісіндегі температуралық нүктелер орта есеппен терінің 1 см2 кеңістігінде 6—23 суықтық рецепторлары, 3 жылылық рецептор болады. Дененің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері — қарын терісі, ең, нашар жері — аяқ терісі. Аяқ терісінің суықты сезгіштігі бет терісінікінен екі есе нашар, жылылықты сезгіштігі төрт есе кем болған, Температуралық талдағыштың ми жарты шарларының қабығында тұрақтаран жері — сыртқы орталық қатпардың бойы.



IV. Йіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардын әсср етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналаскан аймағы 5 см2-ден аспайды, Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының, астыңғы жағында ор-наласқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды-

Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен аталады. Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т. б. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін, өаарда қозу тудыратын — ауада газ немесе бу түрінде ұшъш жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялык рөлі ете күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін исі арқылы тауып алып қоректенеді.

Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстаннын, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ен жақсы аңшы иттерден артық сезеді. Ал Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шақкан малды, оның етін жеген адамдарды {оқ жыланның) исінен ажырата білу қазақ халқына да тән қасиет.

129


Иісті нәзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен “таниды”; Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Мәселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек сүті мен сиыр сүтін исінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі манызы ерекшс,

V. Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін — белгіл; дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең кеп орналасқан жері — тіл аймағы. Дәмді тәтті, ащы, тұшы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тзтті дәмді тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұщыны — тілдің ұшы мен екі беті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды

Балада дәм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар түрлі тағамдық заттардың касиеттерін айыру жолымен жетіледі. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер етіп, дәмді тағамдар — адамның тәбетін ашал.ы Тәбет — дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет. Асты көңіл койып, сүйсіне ішу адамға жағымды әсер етеді. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігіне ғана емес, иіскеу түйсігімен де байланысты. Тұмауратқан адамның иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда, иіс түйсігі өз қызметін атқармайды да, дәм түйсігінін тууына себепші болуға жарамайды. Соның салдарынан тағамның дәмін адам түйсіне алмайды. Дәм рецепторы-нын организм сақшысы ретінде күзетшілік маңызы да бар.

VI, Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты. Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттёрде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырыа тұратын сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.

Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецел-

130

тордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда бодады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұщының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түйеіндіреді Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің. қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшык. еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жақында үздіксіз хабар альш отырады. Кинестетикалық тадағыштың шетте (периферияда) не больш жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедеғі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына ,сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация — өте керекті шарт. Кинестетикалық талдағыш-тардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға түсіріп атыруға адамның шамасы келмей қалады.



Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені, ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізі — кинестетикалық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса, жатқа жаза алмайды. Адам өміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестетикалык талдағыштар-сыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестетикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.

VII. Органикалық түйсіктер адамнын, органикалық қажеттілік-терімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің кызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады, Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченев түйсіктердің бұл түрін “көмескі түйсіктер” деп атаған. И П. Павлов мектебінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, органикалық түйсіктер адамның “хал-күйінің” негізі болып саналады. Органикалық талдағыштар адамның

131

кеңіл-күйіне ылғи әсер етіп отырады. Осы орайда, “Тойган жалтырайды, тоңған қалтырайды” деген мақал организмдегі органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.



УШ. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды. Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі кұлақтағы вестибулярлық аппаратта (кіре берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысың дененің кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы ерекше. Мәселен, ғарышкер маман-дарды даярлауда олардың вестибулярлык аппаратын жаттықтырып, оларды көру, қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытып отыруға баса мән беріледі. Адам 40 секунт ішінде денесіне салмақ түсуді және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынадай үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші — жүйке жүйесі барынша тезімді адамдар мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші біреулер тосын тітіркендіргішке кездескенде ынғайсызданьш, тез шаршайды, өңі бозарып, терлейді, жүрегі айниды, өздерін тиянақ таппай, қалкып жүргенден сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгені-мен, бірте-бірте оран бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады, Олар өз денесін ерік-жігеріуіен билейді, эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.

IX. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардын ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы негізгі талдағыштар — түйсіну мүшелеріміз. Төрі мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді. Ал адам есту қабілетінен айрылса, онда вибрациялык түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау (керең) адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып “тыңдайды>. Өйткені, олар дыбысты вибрация-лық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Себебі, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка әуенін түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңға

132

руға әдеттенеді, бұрын “тындаған” музыкалык шығармаларын



үнінен таниды.

Соқыр не санырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялык сезімдері арқылы түйсінеді. Түйсіқтің бұл түрі барлық адамдарда бар. Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды пайдаланатындықтан, вибрация-лық түйсікті қажет етпейміз.

§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары

Біз түйсіктердің заадылықтарын мынадай екі түрге бөліп қарастырамыз. Бірінші — түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты .психофизикалық заңдылыктар; екінші — түйсіктер мен ісзім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялык заңдылықтар.

Сезгіштік және түйсік табалдырығы. Талдағыштардың рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердін бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тіркендіргіштің белгілі бір дәрежелік мөлшері жәнс күші болуы керек. Бұл жағдай түйсіну процесіндегі түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі — абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсо-люттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің азғана шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни: төменгі минималдық табалдырық және жоғарғы максималдық табалдырық. Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктін төменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркен-діргішті адам түйсіне алмайды. Мәселен, бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықылын естімейді, Себебі, сағат тықылының күші абсолюттік табалдырыққа жетпейді. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік. сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік согұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша айтқанда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолюттік табалдырығыныц мөлшеріне кері пропорциялы болады.

Түйсінудің абсолюттік табалдырығы темен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғүрлым жоғары болады. Мұны мынадай формуламен көрсетуге болады:

133

Е— абсолюттік сезгіштік; Р — абсолюттік түйсіну табалдырығы; І-ге бөлінген. Формула анықтамасы мынадай; егер абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары болады. Абсолюттік сезгіштіктің саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты Он.дай себептерге адамның іс-әрекеті, жасының ерекшеліп, рецеторлардың қызметі, тітіркендіргіштердін күші мен ә сері, мерзім ұзақтығы жатады.



Табалдырық "түрлерінің абсолюттік сезгіштігі әр адамда әр түрлі. Мәселен, сіздің сыбырдап айтқан сөзіңізді бір бала едәуір алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді ести алмайды. Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің екінші баланыкіне қарағанда күштірек екендігін көрсетсді. Адам талда-ғыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігін академик

С. И, Вавилов зерттей-отырып, адамның көзі жарық қуатының 7—8 квантаеына (квантаны фон деп те атайды, ол — жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір атмосфера жағдайыңда көздің I км жерден шамның мыннан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы дәлелденді.

Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан арі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсстеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен I секунт ішінде 20000 герцке тең. Алайда, адамның даралық ерекшелі-гіне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғаргы абсолютгік табалдырығы 15 000 герцтен аспайды.

Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы делінеді. Айыру табалдырығы дегеніміз — түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің мннималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындагы азғантай ғана, бол-машы айырмашылыкты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецеиторы. үшін айыру табалдырығы боладьі екен, Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса, хор аздап қана артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатынаста болып, егер одан аз

134

мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды, Сондай-ақ қолга түсірілетін салмақты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрьш, оның ауырлаған салмағын байқау үшін оған тағы да 3—4 грамм , алмақ қосу керек, ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34 грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағанын түйсіну кинестезиялық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің айыру формуласын Вебер — Фехпер мынадай етіп құрған:



S = К 1g І + С

S — түйсіну қарқыны; I — тітіркендіргіштің күші; К және С — тұрақтылық (константтар)

Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анық. Мұны — психофизикалық заңдылық деп атаймыз. Бұл зандылықты тұңғыш рет ашқан — неміс физиологі Э Вебер (1795—І878) жәнс неміс фнзигі Г. Фехнер (1801 — '887). Сондықтан бұл заң психологияда Вебер — Фехнер заңы деп аталады. Осы заң бойынша, егер тітіркендіргіштін күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркен-діргішті тудыратын түйсінудің күші геометикалык прогрессия жолымен өсіп отырады. Бұдан түйсіктің күшеюі тітіркендіргіштің үлкеюіне пролорциялы емес, анағұрлым баяу өсіп отыратынын көруге болады. Мысалы, шартты түрде тітіркендіргіштерді 10, 100, 1000, 10000 деген цифрлармен керсетсек, түйсік күшінің өсу қарқынын 1, 2, 3, 4 деп сипаттауға болады


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет