Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ – ел
және шетел азаматтарына жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің
бірегей орталығы. Факультетте кәсіби тәжірибесі жоғары білікті педа-
гог-мамандар сабақ береді. Бұл оқу ордасында кез-келген даралыққа
орын бар және біз әр азаматқа жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға
мүмкіндік береміз.
Факультет 2001 жылдан бері екі президенттік бағдарламаны жүзеге
асыруда. 2001 жылдан бері 2000-нан аса шетелдік қазақ диаспорасының
өкілдерінен тұратын тыңдаушылар тобы ҚР ЖОО түсу үшін
дайындықтан өтті. 2010 жылдан бастап АИР-дан келген 875 тыңдаушы
ҚР ЖОО мен колледждерінде оқу үшін қазақ және орыс тілдерін
үйреніп, білім алып шықты. Сондай-ақ факультетте ұлттық бірыңғай
тестке дайындау (ҰБТ) жұмысы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық
жағдайдың тұрақтылығы, ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы тарапынан студенттердің
жақсы оқуы мен өмір сүруі үшін жасалған жағдайлар, ең басты-
сы оқу сапасы, шетелдік студенттердің біздің факультетімізге келіп
оқуына ықпал етеді. Олардың ішінде алыс-жақын шетелдерден кел-
ген қазақ диаспорасының өкілдері, жоғары оқу орындары аралық ау-
ысымымен келіп оқитын шетелдік студенттер, халықаралық ұйымдар,
елшіліктердің және компаниялардың тыңдаушылары, сондай-ақ уни-
верситетке дейінгі білім алатын ел азаматтары бар.
Қазіргі таңда факультет түлектері шетелдің Қазақстандағы
елшіліктерінде, орта және жоғары білім беру, ғылым және мәдениет
мекемелерінде, мемлекеттік қызмет пен бизнес құрылымдарында абы-
роймен қызмет атқарып жүр.
ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ
12
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |