Сотталған адамдардың құқықтарына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, әскери қызметі бойынша шектеу
2.Сотталған адамдардың құқықтарына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, әскери қызметі бойынша шектеу.
3.Сотталған адамдарды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлкін тәркілеу.
4.Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жазалар: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа да түрлері бар. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш топқа ажыратады. Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның мақсатын іске асыру үшін қолданылатын жаза түрлері. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға келесі негізгі жазалар қолданылуы мүмкін: