Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты


Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында



бет11/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында жеткіншектерге қарағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Ж.Ж.Руссо айтқандай, бұл шақта оқушылардың саналы түрде өз болашақтарын анықтаулары байқалады. Сонымен қатар оқушылар тек өздерін танып қана қоймай, нақты болашақ жоспарларын құра бастайды және оны іске асыруға талпынады. Мысалы өмір сүру салтын, болашақ мамандығын немесе кәсібін анықтау сияқты маңызды таңдаулары өз шешімдеріне қатысты анықталады.
Осы шақтағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың негізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өзбеттерінше анықтайтын жандар екенін ескерулері керек. Жоғарғы сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынаста олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоционалдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушысы өзінің жеке «Мен»-жүйесі жайлы көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланғанды, қиялын шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады.
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас. Осы қарым қатынас түрлері педагогика саласындағы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынастық жүйесінде ерекше назар аударуды қажет етеді.


Сурет 1. Қарым-қатынас түрлері.


Вербалды қарым-қатынас – адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.
Вербалсыз қрым-қатынас – адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.
Интерактивті қарым-қатынас – адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.
Перцептивтік қарым-қатынас – кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлық, либералдық, демократиялық.

    1. Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ықпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйырық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама-қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаным заң», «Мен бұйырамын, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.

    2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешқандай белсенділік, шығармашылық танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында ынтымақтастық, түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.

    3. Қарым-қатынастың демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері, шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай стиль оқушылардың тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуына әсері көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар оқушылардың көңіл-күйін, психологиялық жағдайын түсінуге, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-бағдар беруге тырысады. Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін оқушыларда өз беттерінше жұмыс істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық, өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет