Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты


Мұғалімнің табысты кәсіби даму факторлары



бет12/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

Мұғалімнің табысты кәсіби даму факторлары. Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер еңбек нарығындағы әр адамның бәсекеге қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейімделіп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етуде.

Осыған байланысты әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Education) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудің мәні ғылымның, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясы әр адам үшін өзінің және қоғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық шағында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Үздіксіз білім беру – тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы және біртұтас өмірлік үрдіс. Үздіксіз білім беру жүйесіне түрлі оқу-тәрбие мекемелерінің типтері (бала бақша, жалпы білім беру мектептері), кәсіптік-техникалық колледждер, жоғары оқу орындары (магистратура, докторантура, адъюнктура), біліктілікті жетілдіру курстары, тағылымдамалар, түрлі қызығушылықтарға байланысты құрылған қоғамдастықтар, on line–курстары, семинарлар, тренингтер, дистанциялық оқыту түрлері т.с.с. жатады.
Ұстаздық мамандықтың қоғамдық маңызы өте жоғары, себебі ол білім мен парасаттылық жолы, даналық пен әділеттілік жолы, ізгілік пен мәдениет жолы. Ұстаздық мамандықты таңдаған жандар ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл әлеуметтік тәжірибені болашақ ұрпаққа игерту, оларға заманауи ғылыми білім негіздерін үйрету, олардан болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеп шығару мәртебесіне ие болады. Ұстаздың ерен еңбегі үш дәуірді қамтиды деуге болады: адамзаттың өткен тарихы, бүгінгі оқушылардың тұлға ретінде қалыптасу үрдісі және болашақ қоғамның интеллектуалдық адами ресурстарын қалыптастыру.
Мұғалімнің кәсіби жетілуі үздіксіз үрдіске айналуы тиіс. Оның кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі - өздігінен білім алу үрдісі. Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.
Өздігінен білім алу үрдісінің өзектену себептері:

  • ақпараттық қоғамның әр тұлғаның дүниетанымына үлкен әсер етуі;

  • қазіргі қоғамда коммуникациялық қатынастардың, ақпараттармен алмасу үрдісінің жылдамдығы;

  • табиғи ресурстарға қарағанда білім ресурсының шексізденуі;

  • ауқымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу қажеттілігі,

  • ақпараттық технологиялар арқылы on-line оқыту түрлерінің жедел дамуы;

  • ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез ескіріп қалуы т.с.с.

Өздігінен білім алу – тұлғаның өзіндік мәдени, танымдық, ғылыми, кәсіби, білімдік деңгейін жоғарлатуға және өз ішкі әлеуетін толық ашуға, әлеуметтену қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған еркін таңдауы бойынша жүргізілетін іс-әрекеті.
Өздігінен білімін жетілдіру адамнан қажырлы еңбекті қажет етеді. Еңбек арқылы ғана адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанының дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс таңдау - адамның бақытқа жету жолдарының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашанда жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің: «Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет» - деген сөздері педагогикалық еңбекті таңдап отырған болашақ мамандарымыз үшін де өте құнды өмірлік ұстанымға айналуы тиіс.
Өздігінен білім алуадамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу үрдісі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикалық маңыздылығымен танысады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу үрдісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үрдісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді. Мектеп мұғалімдері өздігінен білім алуды өз қалаулары бойынша таңдалған тренингтер, семинарларға қатысу арқылы, on-line курстар мен ғылыми-әдістемелік оқу құралдарын оқып зерттеу арқылы іске асыра алады. Сонымен қатар күнделікті педагогикалық үрдісті бақылау арқылы өз тәжірибелерін зерттеп, оларға талдау жасай отырып, кәсіби деңгейі жайлы ақпараттармен таныса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет