жалғасы: - Өкпе артериясы қақпақшалары –
- 3 тыңдау нүктесі – 2-і қабырға аралығында төстің сол қырында (қақпақшалар тұсында)
- Үшжармалы қақпақшалар – 4 тыңдау нүктесі – төстің төменгі үштен бірі, төс өскіндісі негізінде (қақпақшалар тұсында).
Жүрек қақпақшаларының тыңдау нүктелері Жүректі тыңдау реті (тәртібі): - Алдыменен тыңдалатыны:
- Митральды қақпақша – 1-і аускультация нүктесі, әрі қарай
- Қолқа қақпақшалары – 2-і аускультация нүктесі
- Өкпе артериясы қақпақшалары – 3-і аускультация нүктесі
- Үшжармалы қақпақшалар – 4-і аускультация нүктесі
- 5-і нүкте – Боткин-Эрб нүктесі (төстің сол қырында, 3-і қабырға аралық) – қолқа
- қақпақшалары.
Қалыпты жағдайдағы жүрек дыбыстары: - Қалыпты жүрек дыбыстары жүрек тондары деп аталады. Әдетте бірінен соң бірі келетін екі дыбыс естіледі:
- 1 тон – систолалық тон, систола кезінде жүректің қос жармалы және үш жармалы қақпақшалары қатысуымен қалыптасады (айшықты қапақшалар қосымша қатысады)
Қалыпты жағдайдағы жүрек дыбыстары (жалғасы): - 2-і тон, диастолалық тон, диастола кезінде қолқаның және өкпе артериясының жарты айшықты қақпақшалары қатысуымен қалыптасады (жармалы қақпақшалар қосымша қатысады)
- 3-і (диастолалық) тон, сиректеу естіледі
Жүрек тондарының қалыптасу механизмі - Жүрек тондарының қалыптасуы жүрек жұмысымен: қарыншалар систоласы және диастоласымен байланысты.
- Қарыншалар диастола кезінде жүрекшелерден келетін қанға толады
- Систола кезінде қан ірі тамырларға айдалады: сол қарыншадан – қолқаға; оң қарыншадан өкпе артериясына
- Қанның осылай айдалуы жүрек қуыстарын-дағы қысымдар айырмасына қарай жүрек
- қақпақшалары ашылып-жабылу ретіне
- байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |