Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жасушалар өсіріндісін қолданудың негізгі бағыттары



бет2/38
Дата08.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#156953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

3. Жасушалар өсіріндісін қолданудың негізгі бағыттары
Жасушалар өсіріндісін қолданудың негізгі бағыттарына генетика, иммунология, биохимия, молекулалық биология, биотехнология және гендік инженерия, вирусология мен жасушалардың трансформациясы, фармакология және токсикология, өсу мен дифференцировка механизмдерін анықтау және т.б. жатады (кесте 1).
Кесте 1. Жасушалар өсіріндісін қолданудың негізгі бағыттары

Ғылым

Қолдану бағыты

Генетика

Клондау. Жасушаларды сақтау және біріктіру. Мутантты жасушаларды алу және олармен жұмыс жасау.

Иммунология



Гибридомды технология: ғалымдарды қызықтыратын антиденелерді синтездейтін жасушаларды миелома жасушаларымен біріктіреді. Алынған гибридомалар моноклонды антиденелердің өндірісін жасауға мүмкіндік берді.

Биотехнология



Жасушалар өсіріндісі биотехнологияда әртүрлі секрецияланатын заттардың: гормондар, интерферондардың көзі ретінде қолданылады.

Вирусология



Жасушалар өсіріндісі вирустарды өсірудің жалғыз тиімді әдісі болып келеді. Вирус жұққан жасушаларды бақылау, жасушалық трансформация құбылысын зерттеу үшін қолданылады.

Эмбриология,
Жасушалардың даму және
дифференцировкасы

Жасушалар өсіріндісін қолдануы жасушалардың
дифференцировкасын in vitro зерттеуге мүмкіндік береді. Жасушалар өсіріндісіне сыртқы стимул мен жасушаның морфобиохимиялық жауабы арасында корреляцияны анықтау

Токсикология және
фармакология



Жасушалар өсіріндісіне дәрілік құралдар, детергенттер, косметикалық құралдар, инсектицидтер, консерванттар ретінде қолдануға болатын әртүрлі заттардың әсерін тексеру. Жасушалар өсіріндісінің қолдануы токсикология мен фармакология аясында бір қатар этикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді..

Биохимия және
патобиохимия



Биохимиялық реакциялар мен патологиялық жолдарды зерттеу жасушалар өсіріндісін қолдану арқылы аса тиімді болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет