Журналистер клубының қолдауымен «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби конкурсы туралы ереже



Дата12.11.2016
өлшемі94,72 Kb.
#1556
түріКонкурс
Журналистер клубының қолдауымен

«Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының

әдеби конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер.

1. Осы ереже «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізу тәртібі мен ережелерін белгілейді.




  1. Конкурс ұйымдастырушысы.

2. Конкурсты Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «KazFond» Қоғамдық жастар қоры (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізеді.

3. Ұйымдастыру комитеті:


  1. Конкурсты өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы хабарлайды;

  2. Қатысушылардан өтінімдер мен материалдар қабылдайды;

  3. Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді;

  4. Демеушілер тартуды ұйымдастырады;

  5. Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.




  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсаты,

міндеттері мен негізгі қағидалары.
4. Конкурсты өткізу мақсаты:

Конкурс қазіргі қазақ және Қазақстандық әдебиетті және журналистиканы насихаттау, жас қаламгерлер, ақындар мен журналистерді қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.

5. Конкурс міндеттері:

1) ҚР жастарының шығармашылық әлеуетін дамыту;

2) Жас журналистер, жазушылар мен ақындардың кәсіби өсуі;

3) Жаңадан бастаған журналистер, жазушылар мен ақындардың еңбектерімен халықты таныстыру;

6.Конкурс өткізудің негізгі принциптері:


  1. Еріктілік;

  2. Ашықтық;

  3. Әділдік;

  4. Барлық қатысушылар мүмкіндігінің теңдігі.



  1. Конкурс шеңберінде өткізілетін іс-шаралар.

7. Конкурс шеңберінде келесі іс-шаралар өткізіледі:

1) Конкурс жеңімпаздарын бағалы жүлделермен, қатысушыларды естелік кәдесыйлармен марапаттау салтанаты өткізіледі;

3) Конкурс аяқталғаннан кейін 100 данадан кем емес көлемде конкурс еңбектерінің жинағын басып шығару.




  1. Конкурсқа қатысу тәртібі.

8. Конкурсқа қатысу үшін жасы 14 пен 30 аралығындағы журналистика, поэзиямен шұғылданатын және прозалық шығармалар жазатын жастар шақырылады;

9. Конкурсқа қатысу үшін шығармашылық жұмыстары мен №1 қосымшаға сәйкес өтінімдерді 2014 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде мына мекенжайға: Астана қ., Кенесары к-сі, 44 үй, 6 кеңсе немесе Kazfond@bk.ru электрондық поштасына тапсыру қажет.

10. Конкурс материалдарын тапсыру тәртібі мен талаптары:

1) Конкурсқа қатысуға материалдары Конкурс талаптары мен аталымдарына жауап беретін авторлар шақырылады;

2) Конкурс жұмысы белгіленген үлгідегі (№1 Қосымша) өтінім-сауалнамамен (баспа әрпімен басылған) қоса берілуі тиіс;

3) Автордың (егер шығарма қосарланып жазылған болса барлық телеавторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, бүркеншік есімі (егер бар болса) көрсетілген қысқа шығармашылық өмірбаяны;

4) А4 форматындағы машинамен (компьютерде) басылған қағаз бетінде және электрондық түрде ұсынылған материалдар;

5) БАҚ баспа бетінде жарияланған, нөмірі мен шығарылған күні көрсетілген баспа материалдары (газет қиындыларын да ұсынуға болады);

6) Еркін қол жеткізуге болатын және Интернет-баспалардағы материалдар (материал орналастырылған WEB-сайт мекенжайы көрсетілген басып шығарылған мәтін түрінде ұсынылады).

7) Үміткердің 10х15 см көлеміндегі 1 дана фотосуреті (JPEG фортматында);

8) Үміткердің (Times New Roman -14, аралығы 1,5, А4 форматындағы қағазда, компьютерде терілген, көлемі 1 беттен аспайтын) өз өмірбаяны;

9) Қатысушының шығармашылық қызметі туралы ерікті формада жазылған (Times New Roman -14, аралығы 1,5, А4 форматындағы қағазда, компьютерде терілген, көлемі 2 беттен аспайтын) ақпараттық хабарлама;

10) Қатысушының шығармашылық қызметі туралы ерікті формада жазылған (Times New Roman-14, аралығы 1,5, А4 форматындағы қағазда, компьютерде терілген, көлемі 2 беттен аспайтын) ақпараттық хабарлама;

11) Аса маңызды жарияланымдар тізбесі (егер бар болса);

12) Көтермелеу ниетінде шығарма мен оның шығармашылық ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтер;

13) Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

14) Қатысушы Конкурсқа ұсынған әр жұмыстың авторы болып табылатындығына және сол еңбектерінің Конкурсқа қатыстырылуы ешкімнің мүліктік авторлық құқығын бұзбайтынына кепілдік береді.




  1. Конкурсқа қатысуға келесідей жұмыстар қабылданбайды:

  1. Конкурс талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар;

  2. Факспен жіберілген жұмыстар;

  3. Қолмен жазылған жұмыстар;

  4. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп жіберілген жұмыстар.


Ескерту: Өтінім берілмеген конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитеті қарастырмайды және конкурс бағдарламасына енгізілмейді.
6. Конкурстық материалдарды жинаққа енгізу талаптары.
12) Жинаққа материалдарды енгізу үшін, шығарма Microsoft Word-тағы электрондық түрде (қарпі Times New Roman, қаріп көлемі - 12, жолдар аралығы 1,5) және файлда фотосуреттер, суреттер және т.б. иллюстрациялық материалдар болмауы тиіс және оны KazFond@bk.ru электрондық поштасына жіберу керек.

13) Басып шығарылмаған материалдар Microsoft Word-та басылған, (қарпі Times New Roman, қаріп көлемі - 12, жолдар аралығы 1,5) файлда фотосуреттер, суреттер және т.б. иллюстрациялық материалдар болмауы тиіс және оны KazFond@bk.ru электрондық поштасына жіберу керек.



7. Конкурс қатысушыларын бағалау қағидалары.
14. Конкурс қатысушыларын бағалау келесі қағидалар бойынша жүргізіледі:

  1. Басылымдардың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығы;

  2. Автордың тілдік мәдениеті, материалды мазмұндау түсініктілігі;

  3. Ақпаратты кәсіби тұрғыда бере білу;

  4. Фактографиялық дәлдік пен нақтылық;

  5. Ұсынылған ақпараттың толықтығы.



8. Номинациялар.
15. Келесі номинациялар: бойынша жүлделі 3 орын тағайындалады:

  1. «2014 жылғы ең үздік жас қаламгер»;

  2. «2014 жылғы ең үздік ақын»;

  3. «2014 жылғы ең үздік журналист».



Ескерту: Марапаттау номинациялары қатысушыларды бағалау қағидалары негізінде бекітіледі.

9. Комиссия құрамы.
16. Комиссия құрамы 3 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие, комиссия хатшысы - 1 адам (дауыс беру құқығынсыз);

17. Конкурс өтінімдерін іріктеу жөніндегі комиссия құрамы ҚР БҒМ Жастар ісі комитетімен келісілген «KazFond» ҚЖҚ Атқарушы директордың бұйрығы бойынша бекітіледі.


10. Конкурс бойынша жұмыс.
18. Өтінімдерді қабылдау 2014 жылғы 10 маусым, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асады.

19. Конкурстық комиссия хатшысы комиссияға арналған құжаттарды жинап дайындайды.

20. Конкурс қатысушыларын бағалау конкурстық комиссия мүшелерімен жеке-жеке жүргізіледі.

21. Конкурстық комиссия жұмыстарға сараптама жүргізеді.

22. Конкурстық комиссияның жұмысы 2014 жылғы 21 маусым өтетін қарау тәртібінде жүзеге асады.

23. Конкурсқа ұсынылған шығармалар рецензияланбайды, ұсынылған шығармалар мен басқа да материалдар қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған авторларға қатысты пікірталасқа қатыспайды.



11. Конкурс қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау.
24. Конкурс қорытындысы 2014 жылғы 26 маусымда шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2014 жылғы 30 шілде де өткізіледі. Іс-шараның өтетін орны қосымша хабарланады. Номинациялар бойынша жеңіп шыққан қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Конкурс ұйымдастырушыларының шешімімен конкурстың қосымша номинациялар мен марапаттары тағайындалуы мүмкін. Барлық қатысушыларға отандық әдебиет пен Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар жіберіледі.
Конкурс бағдарламасы мен шарттарын беру, құжаттарды қабылдау, сондай-ақ, конкурс өткізуге байланысты басқа да ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар келесі мекенжайда жүзеге асырылады:
«KazFond» ҚЖҚ

Мекенжайы:

ҚР 010000 Астана қ.,

Кенесары к-сі 44 үй. 6 кеңсе.

Телефон 8 (7172) ;

Электрондық пошта: KazFond@bk.ru
Конкурс үйлестірушісі: Сейтбаева Әсел 8 777 499 95 59, 8 775 834 49 95.



1 Қосымша
«Аңсар - 2014» конкурсы қатысушысының сауалнама-өтінімі

(баспа әрпімен мына электрондық поштаға: Kazfond@bk.ru)




Қай аталымға

қатысатынын көрсету




Т.А.Ә.




Туған күні




Білімі




Жұмыс немесе оқу орны




Мамандығы




Лауазымы




Өмірлік ұстанымыңыз




Шығармашылықпен айналысуға не

түрткі болды






Пошталық мекенжайы

(облыс, қала, көше,

үй, пәтер)





Үй телефоны

(қала кодымен қоса)






Қызмет телефоны

(қала кодымен қоса)






Ұялы телефон




Электрондық пошта

(e-mail)






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет