«Журналистика» мамандыѓына арналѓан



бет17/21
Дата12.10.2020
өлшемі259 Kb.
#66556
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
12. ЖАРНАМА ТУРАЛЫ ЗАҢ

Заңның мақсаттары.

Осы Заңның мақсаттары жаранманы жасау, тарату, оранластыру және пайдалану үшін қажеті жағдайларды қамтамасыз ету, жаранама саласында жосықсыс бәсекеден қорғау, жөнсіз жаранаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.



Заңның қолданылуы аясы.

1. Осы Заң ҚР аумағында жаранма жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және Заңды тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларна, соның ішінде БАҚ-ғы хабарландыруларыны сондай-ақ ҚР-ның заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын сайся үгіт пен насихатқа колданылмайды.

Негізгі ұғымдар.

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1. Жарнама-адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастыратын ақпарат.

2. Жөнсіз жарнама-мазмұнына, уақытына, таратылу. Орналастыру орнына және тәсіліне ҚР-ның заңдарына белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көріну жалған және жасырын жарнама.

3. Жарнама беруші-жарнама жасау, тарату және орналастыру үшін жарнамалық ақпарат көзі болып табылатыңжеке немесе заңды тұлға.

4. Жарнама жасаушы-жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшін дайын нысанға келтіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

5. Жарнама таратушы-мүлікті, соның ішінде радио және теледидар хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

6. Жарнама тұтынушылар-жарнама арналған жеке және заңды тұлғалардың беймәлім тобы.

7. Жүгіртпе жол-жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында сондай-ақ дербес мониторларда-тұрақты орналастыру обьектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілері тіркесінің тізбектесін алмасуымен сипатталады.

4-бап.Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары.

1. ҚР-ның жарнама туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтыұ актілерінен тұрады.

2. Егер ҚР-ның бекіткен халықаралықшартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгілене, онда халықарлық шарттың ережелері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет