Журналистиканың функциялары Ғылыми әдістемелік негізі-П. Прохоровтың «Введение в журналистику»


-журналистиканың идеологиялық функциясына сипаттама жасау



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі12,49 Kb.
#95063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бөж журналистика (2)

-журналистиканың идеологиялық функциясына сипаттама жасау;
-журналистиканың тікелей ұйымдастырушылық функциясының мәнін ашу;
-журналистиканың мәдени-ағартушылық функциясы түсінігіне тоқталу;
-журналистиканың реакритивті функциясының мәнін ашу.
Идеологиялық функция
Идеология – күшті қару. Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып жібереді. Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мемлекетке, ұлтқа зияны тиетін әңгімелерді кейде білместікпен, кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады. Сондықтан, идеологиялық жұмысымызды тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай етіп, жасап алуымыз керек. Ол үшін тыңдарман талғамынан шығып, олардың рухани сұраныстарына жауап беретіндей дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шын мәнісіндегі кәсіби деңгейде жасалған хабарлар, авторлық бағдарламалар керек. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, “Демократияның, Қазақстанның бүкіл прогресшіл даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ” дегенсөздерін басшылыққа алынуы шарт .
Журналистиканың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда журналист маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын - ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны тыңдаушы қалай қабылдайды, қандай түйін жасайды ол басқа мәселе.
Сонымен қатар, жасөспірімдер мен балаларға арналған арнайы хабарлардың танымдық деңгейі жоғары болумен бірге, жас ұрпақтың тәрбиесіне де оң ықпал етуін естен шығармаған абзал. Жас жеткіншектердің бойында отаншылдық рухын қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу де күн тәртібінен түскен емес. Қысқа ғана ақпараттық хабар болсын, талдамалы үлкен бағдарлама болсын, мейлі шағын жарнама ролигі болсын, онда тәрбиелік пен талғам болуға міндетті. Онсыз біз кертартпа күштер мен құндылықтардың ықпалынан көп ұзамаймыз.
Сонымен қатар, журнаистиканың маңызды үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық міндеттерін естен шығаруға болмайды. Кез-келген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет күтіледі. Хабар таратудың алдында нақты саяси, экономикалық және мәдени міндеттер тұрады. Мысалы, сайлау науқанында дауыс беруге, сөйтіп, белгілі бір бағдарламалар мен көзқарастарды қолдауға шақырамыз, сенбілікті жариялау арқылы қоршаған ортаны күтуге, тазалыққа үндейміз, болмаса мәдени мұраны қорғауға жұмыламыз, не болмаса жолдағы тосын апаттардан сақтандырамыз, т.б.
Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне, мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет