Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Заманның өзекті мәселесі негізіне айналған оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізінде жеке тұлғаны дамыту түрлі әрекеттер іске асырылады.
Қазіргі оқушы - ұлт болашағы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Осыған орай ұстаз қауымына үлкен міндет жүктеледі.Ұстаздың алдына қойған мақсаты: ой - өрісі жаңашыл,шығармашыл деңгейде жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.
Ногаева Светлана – 8 жыл еңбек өтілі бар, ІІ санатты, жоғары білімді физика пәні мұғалімі. Ногаева Светлананың ұстаз болып, еңбек етудегі басты мақсаты – сауатты, алғыр ұрпақ тәрбиелеу. Белгілі педагог К.Г.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ұстаз өз мақсатына жету үшін әрбір сабағын үнемі ізденіспен өткізеді.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасап, өз ойларын еркін, ашық, тиянақты жеткізуге, әр оқушы өз жұмысын қорытындылай білуге үйретеді. Сөз қадірін, сөз мағынасын бағалай білетін мұғалім оқушыларының тиянақты жұмыс жасап, ой – қабілетін арттыруға үлкен мән береді. Мұғалім өткізген сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттары, міне, осы мәселелердің дәлелі болып келеді. Мұғалімнің тәрбие сағаттарында топтық жұмыс, жеке жұмыс, ортамен жұмыс, рөлдерде ойнап, образға ену түрлері өте қызықты өтеді. Өз оқушыларын үнемі мектепішілік, аудандық сайыстарға қатыстырып отырады.
Осындай тынбай еңбектеніп, жұмыс жасап отырған мұғалімнің мектепішілік жоғары деңгейде өткізілген сыныптан тыс шаралары және тәрбие сағаттарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Жүзден жүйрік»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәніне,
қызығушылығын ояту, физикалық құбылыс,физикалық дене,физикалық шама түсініктеріне терең түсінуге, ой-танымын дамыту.
Ойын шарты: Ойынға әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады. Барлығы 8оқушы. Ойыншыларға бір шеттен бастап сұрақ қойылады.
Дәл солай 3 айналымға дейін сұрақ қойылады.
Әр үш айналымда сұраққа жауап бере алмаған оқушылар өздерінің дауыс беруі арқылы ойыннан шығып отырады.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын терметіліп өлеңмен.
Тәрбиелі білімді боп әрқашан,
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
Физик,ғалым астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
Физикалық сұрақтар
№
|
Сұрақтар
|
Дұрыс жауап
|
1
|
Гректің «Фюзис» сөзі біздіңше нені бідіреді?
|
Табиғат
|
2
|
Ғылыми деректермен негізделген жорамал
|
Гипотеза
|
3
|
Әлем кеңістігінде не бар болса,соның бәрі не деп аталады.
|
Материя
|
4
|
Физика ғылыми тілін,заңдармен теорияларды Арнайы оқып үйренуге қолданылатын сөзді не деп атаймыз?
|
Термин
|
5
|
Кеңістікте нақты пішіні және көлемі бар нәрсені не деп айтамыз?
|
Дене
|
6
|
Өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе,оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді.Бұл қай құбылыс?
|
Диффузия
|
Сұрақ №2
№
|
Сұрақтар
|
Дұрыс жауап
|
1
|
Астрономиядағы «астрон» сөзі нені білдіреді?
|
Жұлдызды
|
2
|
Аспан денелері не туралы ғылым?
|
Астрономия
|
3
|
Жерге ең жақын аспан денесі?
|
Ай
|
4
|
Күн жүйесінде неше планета бар?
|
9
|
5
|
Жердің табиғи серігі не деп аталады?
|
Ай
|
6
|
Күнге ең жақын планета.
|
Меркурий
|
7
|
Жерден соңғы тұрған планета қалай аталады?
|
Марс
|
8
|
Күнге ең алыс планета?
|
Юпитер
|
9
|
Гелиоцентрлік жүйені жақтаушы ғалым?
|
Коперник
|
10
|
Дененің қозғалатын сызығы не деп аталады?
|
Траектория
|
11
|
Гелиоцентрлік сөзіндегі «гелиос» сөзінің мәні?
|
Күн
|
12
|
Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған құрал?
|
Телескоп
|
13
|
Поляр жұлдызы қазақша?
|
Темірқазық
|
14
|
Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күш?
|
Салмақ
|
15
|
СИ жүйесіндегі ұзындық бірлігі?
|
Метр
|
16
|
СИ жүйесіндегі көлем бірлігі
|
Куб метр
|
17
|
СИ жүйесіндегі жылдамдық
|
М/с
|
18
|
СИ жүйесіндегі аудан бірлігі
|
КВ/м
|
19
|
СИ жүйесіндегі уақыт бірлігі
|
Секунд
|
20
|
100км-де неше метр бар?
|
100000м
|
21
|
1 ар ненің бірлігі,нешеге тең?
|
Аудан 100м2
|
Жүргізуші: Келесі дауыс беру арқылы,ең әлсіз буын ойыннан шығады.
Сұрақтар №3
|
Сұрақтар
|
Дұрыс жауап
|
|
Күн жүйесіндегі планеталарының массасы ең азы?
|
Меркурий
|
|
1 жылда неше күн бар?
|
365
|
|
1 сағатта неше секунд бар?
|
3600
|
|
Күн жүйесіндегі 8 -ғаламшар не деп аталады?
|
Нептун
|
|
Меркурийдің қазақша аты?
|
Шолпан
|
|
Аңырқай немесе қызыл жұлдыз деп қазақтар қайсы ғаламшарды атаған?
|
Марс
|
|
Юпитердің қазақша атамасы қалай?
|
Есек қыран
|
|
Үлкен Аю шоқжұлдызы қазақша атауы?
|
Жеті қарақшы
|
|
Белінде сақинасымен көрінетін ғаламшар?
|
Сатурн
|
|
Көлемін және пішінін сақтайды?
|
Қатты
|
|
Көлемін сақтайды, пішінін өзгертеді?
|
Сұйық
|
|
Дене бір уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе ,қандай қозғалыс?
|
Бір қалыпты
|
|
Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?
|
Температура
|
|
Информатика нені зерттейді?
|
Ақпаратты алудың,сақтау-дың барлық әдістерін зерттейді
|
|
Ақпаратты енгізу құрылғысы?
|
Процессор,жүйелік блок,принтер
|
|
Файл дегеніміз не?
|
Ақпарат жазылған атауы бар аймақ
|
|
Буманы қалай құрамыз?
|
Контексті меню,создать папка
|
|
Себептің қызметі не?
|
Жойылған файлдар орналасқан қапшық
|
|
Бүкіл дүние жүзі бойынша таралған жалпы желілер?
|
Интернет
|
|
Адам қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылатын ғылым?
|
Информатика
|
|
Компьютерде жұмыс жасағанда көзді экраннан неше см қашақтықта ұстау?
|
60-70
|
|
Кез –келген ақпаратты компьютерге енгізуге негізделген құрылғы?
|
Пернетақта
|
|
Түймелер орналасқан пернетақта?
|
Клавиатура
|
|
Енгізу пернесі?
|
Интер
|
|
Дербес компьютер неше бөліктен тұрады?
|
4
|
|
Информацияны есте сақтау құрылғысы?
|
Процессор
|
|
Құжатты қалай сақтаймыз?
|
Файл,сохранить как,сохранить
|
|
Тышқан неше батырмалы болады?
|
2немесе 3
|
|
Бір атаумен , бір текті элементтер жиыны
|
жиын
|
Жүргізуші: Келесі дауыс беру арқылы, ең әлсіз ойыннан шығады.
Сұрақтар №4
№
|
Сұрақтар
|
Дұрыс жауап
|
1
|
Эклиптика деген не?
|
Күннің бір жылдық жолы
|
2
|
Сәуір айына тура келетін шоқжұлдыз?
|
Тоқты
|
3
|
Балықтар қайсы айға тура келеді?
|
Март
|
4
|
Мерген шоқжұлдызы деп қайсы айды айтады?
|
Желтоқсан
|
5
|
Зодиак деген не?
|
Жан-жануарлар деген сөз
|
6
|
Жазғы күнгі тоқырау қашан?
|
22-шілде
|
7
|
Күн мен түн теңесу қашан болады?
|
21-наурыз,22-қыркүйек
|
8
|
Зодиак жұлдыздарын ата?
|
12
|
9
|
Қай планеталар алып планеталар?
|
Юпитер,сатурн,уран нептун
|
10
|
Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал кімнің заңы?
|
Гук заңы
|
11
|
Газдағы,сұйықтағы кіші бөлшектер қозғалысы?
|
Броундық қозғалыс
|
12
|
Дененің жылулық сипатын білдіретін шама?
|
Температура
|
13
|
Көлемін және пішінін сақтайды?
|
Қатты
|
14
|
Көлемін сақтайды,пішінін өзгертеді?
|
Сұйық
|
15
|
Көлемін және пішінінде сақтамайды?
|
Газ
|
Оқушыларды марапаттау
«Ғалымдар аты өлмейді» атты кеші
І-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
ІІ-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар
Өкпе емес бізде бауыр бар
І- жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс жазы.
ІІ-жүргізуші: Көренмендер аманба?
Отырған анау ойланып.
Екеуі бірігіп;Бәріңізге бір сәлем.
І-жүргізуші: Онда кешті бастайық.
ІІ-жүргізуші: Екеуміз асып саспайық
І-жүргізуші: Сөз кезегін келесі
ІІ-жүргізуші: Жұмбақтарға тастайық
І-жүргізуші: Кеште өздеріне арналған ғалымдар шықсын
қасқайып.
ІІ-жүргізуші: 1. Итальян ғалымы,
Инерцияны ашыпты
Оны білген балалар
Залдан жүруден қашыпты
Кім олды екен бұл ғалым? Г.Галелей.
І-жүргізуші: 2. Құрағанын бөлшектеп,
Заттарды ерте ұққанды.
Болжамын тәжірибе арқылы
Тек дәлелдеп шықпады.
Қай ғалым еді балалар,
Кім бар ойлап таба алар? (Архимед)
ІІ-жүргізуші: Формуласы күрделі
Есептен жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген өлшем бірлігін. Д.Джоуль
І-жүргізуші: Тоқ күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманың
Ғалым атына теңеді. (Герог Ом.)
Жүргізушілер: Сонымен кешіміздің тақырыбы
Бірігіп «Ғалымдар аты өлмейді»
І-жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында:
І-бөлім Мақал – мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.
ІІ-бөлім Ақындар шықсын айтысқа...
Механикамен-электр айтысын тамашалайсыздар.
ІІІ-бөлім Викториналық сұрақтар.
І-жүргізуші: Түйені жел қозғаса,
Ешкіні аспанан ізде. (қозғалыс, тербеліс)
ІІ-жүргізуші: Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.
(күш)
І-жүргізуші: Ай мен күн ауыысты
Тәулікті тауысты. (Жердің өз өсімен айналуы)
ІІ-жүргізуші: Ай жарығы әлемге
Күн жарығы төменге (жарық сәулесі.)
І-жүргізуші: От жанды жылытады
Жылы сөз тәнді жылытады. (Энергия)
ІІ-жүргізуші: Мақал – мәтелдер сайысының жеңімпазын ортаға шақырамыз. Сізге деген сыйлығымыз әзір. Музыкалық үзіліс.
Айтысып тер төкпесе,қазақ, қазақ болама.
Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.
Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбек ақың,
Бейшара халге түсті – ау, әрбір күнің.
Электр: Механикам аман ба?
Тап болған мына заманға,
Өзіңе ешкім көз салмай,
Көңілің сенің алаң ба?
Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр
Өзендер арасында ағып жатыр.
Қадірімді сен менің білмей кетсең,
Сөзсіз – ау болатыны заман ақыр.
Электр: Қорқытпағын сен мені,
Заман ақыр сөзімен.
Энергия халық алуда,
Электрдің көзінен.
Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,
Электрмен жарықтанып дала жатыр.
Кей кезде ашуланып долданумен,
Шығарасың тіпті от сатыр – сатыр.
Электр: Физикада басқалар,
Өзіңменен теңбеді?
Салыстырып өзгемен
Мойындағын сен мені.
Мақсатымыз емес ғой,
Механикамен электрдің
Бірін – бірін женгені.
І-жүргізуші: Осымен доғарайық! Кәне қазылар алқасы
ақындардың бағасын беріңіз.
Келесі кезекті векториналық сұрақтарға берейік.
1. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой – қиял)
2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың?
(көлеңке)
3.Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады.
(Аспалы сағат)
4.Егер түнгі сағат 12 – де даңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып шуақ
түсе ме?
(Жоқ.Түнгі мезгіл)
5. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?
(адам орындықта отыр)
6.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.
(Шеңбер тәрізді траектория)
Кешті қорытындылау. Кешке қатысқан жақсы нәтежие көрсеткен ,
қатысқан оқушыларды марапаттау.
Сабақ тақырыбы: «Кім болам?»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық міндеттері, слайд көрсету.
1 Мен таңдаған мамандық.
2. Мамандық дегеніміз не? (оқушылардың пікірі)
3. Психологиялық сәт
4. Еңбек және жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»
Барысы: «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.
Мұғалім:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қайратты
Мен жастарға сенемін – деп Мағжан ақын бір кездері бекер айтпаған болар. Сондықтан , біз ,жастар ,қоғам,халық алдындағы борышымызды сезіне білуіміз керек. Болашақ – білімді жастар қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім алу үшін барлық жағдайға жол ашқан .Міне сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану –біздің басты парызымыз.
Мамандықтың бәрі жақсы .Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл. Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығың артады. Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға –ұстаз алдынан өтеді.
Ұстаз болу -жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу –мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай дана да ,экономистте, дәрігерде бәрі – бәрі ,әнші де ұстаз алдынан өтеді. Ғылым иесі ғалымда ,ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында , егін салған диқанда, мал бағып,терін төккен шопанда ,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған , сондықтан ұлағатты ұстаздар ,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мұғалім: -Ендеше әрқайсымыз өз қалаған
мамандығымызды айтайық.
1-оқушы: Мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз әртүрлі.
Мұғалім: Әрине,біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім: Сонымен балалар,белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
-Мұғалім, кітапханашы,есепші, аспаз, сәулетші, дәрігер, заңгер, шахтер,тігінші,
Балалар, сендер қандай мамандықтарды көбірек естисіңдер?
Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, заңгер, тігінші,т.б.
Ал енді, балалар қазір
«Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз.
Ал сіздердің өздеріңіз армандаған мамандық туралы жыр –шумақтарыңызды тыңдап көрейік.
Ай-hай,ғажап қандай бұл!
Ал, қане кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық
Алдым да толған таңдау тұр.
Әнші:
Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі не бір тарландар
Әуелей ұшқан аққудың ,Әсерлі үнін ұшқан дәл.
Роза мен Күләштай Әнші болсам не арман!
Ұшқыш:
Ар- намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған
Туған елін-ұясын, Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді.
Инженер:
Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын.
Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның.
Ақын:
Ал мен ақын боламын,Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін,Жырмен жаулап аламын.
Агроном:
Нан беремін баршаға,Жер маманы болам мен
Барып жүрмін бақшаға,Агроном ағаммен
Теңізші:
Үлкен алып кемеммен
Мұхиттар мен теңіздерді шарлаймын,
Дауылдарда толқындардан қорықпаймын,
Болашақта мен теңізші боламын.
Суретші:
Суретті керемет салатын,
Суретші мен боламын.
Абілхан атам сияқты
Сурет жолын қуамын.
Суретші болған ұнайды,
Таң қалдырсам талайды,
Суретшілік өнерді
Жүрегім менің қалайды.
Кәсіпкер:
Кәсіпкер болсам егерде,Бар әлемді кеземде
Бар пайданы ойламай,Барымды берем мен елге.
Велсипедші:
Велосипед мініп,оданда Вело спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында,Великпен желден озам да,
Винакуров секілді мен чемпион боламын!
Ғалым:
Ғалымның жолы ғажайып
Ғибарат сабақ алайық
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу жаңалық.
Мұғалім: Ал, балалар, кім еңбектің -қас жауы жалқаулық туралы мақал-мәтелдер біледі?.
1.Су-ырыстың көзі. Еңбек кірістің көзі.
2.Ащы еңбектен - тәтті нан.
3.Ермек қуған бәлеге жолығады,Еңбек қуған қазынаға жолығады.
4.Еңбек шаһар түзетеді,Еңбексіздік оны жүдетеді.
5.Жаманға жан жуымас,Жалқауға мал жуымас.
6.Еңбек-ширатады,Өмір үйретеді.
7.Еріншіек түске дейін ұйықтайды,кешке дейін есінейді.
8.Жалқауға сөз,шабанға таяқ өтпейді.
9.Біткен іске сыншы көп,Піскен асқа жеуші көп.
10.Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
11.Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
12.Кім еңбек етсе-сол тоқ.
13.Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.
14.Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
15.Жалқаудың жауы –жұмыс.
16.Уақытының бос өткені-өміріңнің бос өткені.
17.Қолыма жұмыс бергенің –жаныма тыныс бергенің.
18.Еңбек етсең емерсің,
ерінбесең жеңерсің.
19.Еңбек пен бақыт –егіз.
20.Еңбек адамның екінші анасы
Ана-бұл үлкен ұғым.Болашағымыздан үлкен үміт күтетін ата-анамыз.
Ендеше Ана туралы әнге кезек берейік Ән «Аруана»
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2- оқушы: Еңбек –адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған.
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3- оқушы: Ал мамандық –еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.
4- оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
5.Ойын: «Қай мамандық иесі?»
Оқубілім-бағдары,
Заманының бағбаны? ................... / Ұстаз /
Жаңалықтың жаршысы,
Қаламының «жолшысы»................Журналист
Араша тұрар өлімге,
Қай маман бұл-өмірде? .................Дәрігер
Еңбек оның-талабы
Сүйікті әні-дала әні,
Егін жайын мәпелеп,
Асырайды елін..........................диханшы - агроном
-Күрегі бар қолында,Кімді айттым ойымда?
(Диқан)
Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға
жетіп,жақсы мамандық иесі болайық! Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы.Тек қана оны таңдай білу керек. Болшақта сіздерді үлкен маман иесі болады деп зор үміт күтеміз.
Қазақстанға өз үлесіңді қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |