Өзіндік белсенділік – бұл факторды бейімделу барысында адамның өзі анықтайды. Осыған көп нәрсе байланысты. Ол қиындықтарды жеңуге көмектеседі және ортаға бейімделудің немесе бейімделмеудің көп факторларына тәуелсіз.
Адамның бейімделуге бейімділігі 1-ші кестеде көрсетілген.
-
-
-
-
-
Жағдаят (ортаның көрінісі)
|
1-ші кесте. Адамның бейімделуге икемділігі
Баланың ортаға бейімделуі үшін отбасы, бала бақша, мектептің атқаратын маңызы зор. Баланың бақшаға бейімделуін оның топта өзін мейілінше табиғи ұстай білуінен көруге болады. Баланың ортаға бейімделуіне жүргізілетін тәрбие іс-әрекеті жағымды ықпал етеді. Мұндай жағдайда жүретін үдеріс пен баланың әлеуметтік даму жағдайы басшылыққа алынатын бағдарлама мен тәрбиешінің қызметімен тығыз байланысты жүзеге асады. Мектепте (орта және жоғары оқу орындарында) баланың оқу жағдайына бейімделуін және мектеп ( кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орны) бағдарламасын табысты игеруі үшін жеке бас мүмкіндіктері ескеріледі.
Бейімделу басқа жағдайларда да болуы тиіс. Ең негізгісі: мектеп, интернат мекемесі, кәсіптік колледж (жоғары оқу орны) түлегінің ортаға бейімделуі; кәсіби қызмет орнының ауысуына байланысты бейімделуі; зейнеткердің бейімделуі. Әр бейімделудің өзіндік мазмұны және адам үшін өмірлік маңызы бар. Мысалы, кәсіби білім беру ұйымдары түлегінің (бастауыш, орта және жоғары) кәсіби іс-әрекет ортасындағы әлеуметтік даму жағдай үдерісін және бейімделу нәтижесінің табыстылығын көрсетеді. Бейімделудің табыстылығы, ол маманның өнеркәсіп ұжымындағы өз орнын табуы, өз кәсібіндегі іскерлігі, кәсіби іс-әрекетінде табысты, оң нәтижеге ие болуы. Мұндай бейімделу жас маманға да, өнеркәсіпке де қажет.
Функционалдық адаптация - қызметке бейімделу деген түсінік қолданылады. Ол адамның белгілі іс-әрекетті, кәсіби міндетін атқару барысындағы үдеріске бейімділігін және оған адамның бейімделу нәтижесін сипаттайды. Ол кез келген қызметке араласатын адамға тән. Функционалдық адаптацияға қажетті уақыт адам қызметіндегі үзіліске
байланысты. Неғұрлым қызметте үзіліс ұзақ болса, оның қызметке бейімделуіне соғұрлым уақыт та қажет болады.
Функционалдық адаптация сол қызметке сәйкес маманның тәжірибесіне, уақыт үзілісінің ұзақтығына, мысалы, қызмет етуге дайын болуына, көңіл-күйіне және өзіндік белсенділігіне де байланысты.
Ата-аналар, бала бақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері балаларға жеңіл жағдай жасау арқылы бейімделу үдерістерінің даму мүмкіндіктерін еріксіз бәсеңдетеді. Мұндай жағдайдағы балалар жаңа жағдайда бейімделуге, осыған орай, өзін-өзі жүзеге асыруға және әлеуметтік дамуға қиынсынады, мысалы бала бақшасына бармаған баланың мектепке келгеннен соң, мектеп ұжымына бейімделуі күрделі болады.
Адамның түрлі жағдайларға бейімделу тәжірибесі оның бойында адаптивтілік (бейімділік) сапасын қалыптастырады. Мұндай сапа адамға түрлі жағдайларда қажет болады: оқуда, кәсіби қызметінде, өзге адамдармен қарым-қатынасында. Мәселен, оқу барысында оқушының білім беру ұйымының мазмұнына, формасына және оқыту әдістерінің өзгерістеріне бейімділігінен көрінеді. Арнайы әдебиеттерде адаптациялық синдром деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл сөз тіркесі балаға қатысты қолданылады, ол оның жаңа микроәлеуметтік орта (бала бақша, мектеп, т.б.) жағдайларына қатысты, жүйке, жүрек – қан тамырлары қызметінің өзгерісін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |