К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет52/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
УМКД

Бала, жеткіншек



Әлеуметтік өзін-өзі тәрбиелеу



1-ші сызба. Әлеуметтік тәрбие


Сонымен, әлеуметтік тәрбие мынадай факторлармен сипатталады. Кім оны ұйымдастырады; бағыты; мазмұны; нәтижесі (әлеуметтік тәрбие қалыптастыратын тұлғаның типі) (қараңыз: 2-ші сызба).





Негізгі ұйымдастырушы




Мемлекет Қоғам




Әлеуметтік Қоғамдық ұйымдар, Басқа мемлекеттер,
институттар қозғалыстар діндер




Бағыттар






Азаматтық Қоғамдық Арнайы әлеуметтік Жаңа өмір салтын
тәрбие тәрбие тәрбие енгізу




Идеал бойынша тәрбиелеу






Әлеуметтік тәрбие үдерісін түзету






Мақсат




Азамат тәрбиелеу Қоғамдық өмірге «Жаңа адам» «Өзге көзқарастағы
дайындау қалыптастыру адам тәрбиелеу




Әлеуметтік тәрбие нәтижесін түзету




Адам тұлғасын қалыптастыру типі




Әлеуметтік белсенді Белсенді емес тұлға Бейқам (апатиялық)
тұлға тұлға


Әлеуметтік жағымсыз тұлға



2-ші сызба. Әлеуметтік тәрбиенің сипаты

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


1.Әлеуметтік тәрбие мәніне жалпы түсінік беріңіз.


2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы түсінік беріңіз.
3. Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын анықтайтын тұғырлардың типі қандай?
4. Әлеуметтік институттар тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы сипаттама беріңіз.
5. Отбасы тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы сипаттама беріңіз.
6. Интернат мекемелері тарапынан әлеуметтік тәрбиеге сипаттама беріңіз.
7. Субьект ретіндегі адамның әлеуметтік тәрбиесінің мәні неде?
8. Ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың әлеуметтік тәрбиесінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ





  1. Отбасындағы әлеуметтік тәрбие және оның ерекшеліктері.

  2. Қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік тәрбие.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Громова М.Т. Педагогические основы образования взрослых. – М., 1993.


2. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. – М., 1997.
3. Немов Р.С. Психология образования; в 2 кн. – М.,1994. Кн.2.
4. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1996.
5. Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. – М., 1994.
6. Дюргейм Э. Социология образования. – М., 1996.

III – БӨЛІМ


БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕЛЕНУІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР


IX – ТАРАУ


БАЛАНЫҢ СУБМӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІК МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕМІ


Бала - тегіне, жасына, жынысына, өзіне тән әлеуметтік және психикалық ерекшеліктерімен сипатталатын әлем. Ол жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында психикалық және әлеуметтік даму мен тәрбиенің ұзақ жолынан өтіп, сапалық өзгеріске ұшырайды - айналасына ойлы көзбен қарап, оны тек қабылдап қана қоймай, оған саналы түрде ықпал етеді. Баланың мәдени-әлеуметтік әлемі өзінің мазмұнымен және арнайы көрінісімен ерекшеленеді.


Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:
1) баланың субмәдениеті мен мәдени-әлеуметтік әлемінің қалыптасу көздерін түсіну;
2) баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік өмірінің арнайы көрінісі және оны есепке алу қажеттілігі.
1 Баланың субмәдениеті мен мәдени-әлеуметтік әлемінің
қалыптасу көздерін түсіну
ХХVIII ғасырдың ортасына дейін педагогикада дәстүрлі тұрақты қателіктер басымдылық танытты, ол баланы «ересек адамның кіші формасына» теңеу еді. Гуманистік бағытты ұстанғандар бұл көзқарастың қателігін көрсеткен болатын. Мысалы, Иоан Златуст (347-407) бала тәрбиесінің ең жоғары өнер екеніне тоқталып, тәрбиеленушіні алғашында түсініп, онан кейін оны жоғары көтеру қажет» деп жазған. Баланы түсіну үшін оны білген абзал. Бұл шынында да сол кезде айтылған даналық тұжырым еді. Кейіннен Руссо «Эмиль, немесе Тәрбие жайлы» (1762) еңбегінде былай деп жазды: «Балалықты ешкім білмейді: ол туралы бар жалған түсініктер, күн ілгерілеген сайын, соғұрлым қателіктерге жол береді. Біздің арамыздағы ең данышпан дегендеріміз, ересек адамдар үшін не маңызды болса, соны балаға жапсырып, оның оны қабылдай алатын қабілетін ескермейді. Адамдар үнемі бала бойынан ересек адамды іздеп, ересек болудың алдында не болатыны жайлы ойланбайды». Руссо мынадай пікір айтады: «Ең алдымен тәрбиеленушілеріңді зерттеп, жақсы біліңдер, өйткені сіздер оны мүлде білмейсіздер». Шындығында ХХVIII ғ. соңында баланы бойы кішкентай ересек адам деп қабылдаған. Бұл тұжырымның бейнесін сол кезеңдегі суреттер мен мүсіндерден байқауға болады.
«Мен күмәнданбаймын, - деп жазды Пирогов, өзінің «Болу және көріну» атты мақаласында, баланың өзіне тән әлемі бар, ол біздердің әлемнен ерекше... ол, өзінің рухы сомдаған өз әлемінде өмір сүреді және соның заңдылықтарына тәуелді. Егерде балалардың біздің заңдылықтарды бұзуға шаралары жетпегені тәрізді, біздердің де балалардың әлемін жазықсыз және заңсыз бұзуға құқықтарымыз жоқ». Ал «біз, ересектер, балалар өмірінің үйлесімділігін бүлдіреміз. Біз оларды өз әлемінен күшпен жұлып алып, әр сәтте оларды өзімізге және ересек ортамызға балаймыз. Біз оларға ғасырлар бойы қалыптасқан өзіміздің білгендеріміз бен түсініктерімізді таңуға асығамыз. Біз өз жетістіктерімізді мақтан етіп, балалар бізді түсінеді деп ойлаймыз, ал өзіміз оларды түсінгіміз келмейді, олар біздің айтқандарымызды өздерінше қабылдайды. Біз балалармен жұмыс жасағанда оларды өз ортасынан ажыратпай, олардың рухани әлеміне ене білуге тиіспіз».
ХХ ғ. белгілі польяк педагог-гуманисті Януш Корчак та (1878-1942) біздердің баланың әлемін жақсы білмейтінімізге назар аударады. «Бала ақымақ емес: ересектермен салыстырғанда, олардың арасында ақымақтар көп емес...
Бала – шетелдік, ол тілді түсінбейді, көшенің бағытын және заң мен дәстүрді білмейді. Арасында айналасына өзі назар аударғысы келеді; ақыл-кеңес сұрау ол үшін өте қиын. Оған жол көрсетіп, барлық сұрақтарын түсіндіріп, жауап беретін жетекші керек.
Оның білмегеніне құрмет көрсетіңдер!»
Адамның әр жас кезеңіндегі әлеуметтік сапалық өзгерістері әлеуметтену үдерісінің негізі мен мәнін құрайды. Оның себебі айналадағы ортаны өзінше қабылдауына және соған лайық мінез-құлық, әрекет, іс-қимыл жасауына бағыттайды. Баланың айналасында болып жатқан құбылысты қалай қабылдауына қарай, соған сәйкес іс-әрекет жасап, жауап береді. Біртіндеп ол айналасын саналы сипатта қабылдай бастайды. Баланың әлеуметтік өзгеріске ұшырауы заңдылық. Әр жас кезеңінде бала өзіндік ерекшеліктерге ие болады, ол оның әлеуметтік қалыптасуының ерекшелігін анықтап, осы үдерісте маңызды рөл атқаратын белгілі субмәдениетті қалыптастырады.
«Субмәдениет» термині (лат. sub – асты... қосымша және мәдениет) кез келген әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениетін білдіреді. Мысалы, балалар субмәдениеті, ұлттық субмәдениет, кәсіби субмәдениет т.б.
Балалар субмәдениеті кең мағынада қоғамның балалар үшін жасағаны, ал тар мағынада құндылықтардың мағыналық кеңістігі, шарты, іс-әрекеті, балалардың нақты-тарихи әлеуметтік даму қауымдастығындағы қарым-қатынас формасы. «Балалар субмәдениеті» түсінігі балалардың даму кезеңдеріне байланысты және сол кезеңде оның тұлға ретінде игеретін әлеуметтік мазмұыны: шынайы құбылыстарды түсінуі, оған сәйкес әрекет етіп, сол әлеуметтік ортамен сіңісуі. Әр жас кезеңінде оның өз тілімен, мазмұнымен ортадағы құбылысты өзіндік қабылдау ерекшелігімен, ойымен және іс-қимылымен қабылдауы, оның әлеуметік ортадағы іс-әрекеттеріне әсер етеді.
Субмәдениет балалардың ойынында, фольклорда, шығармашылық істерде, дәстүрде көрінеді. Жынысына, психикалық даму ерекшеліктеріне және балалардың әлеуметтенуіне қарай, субмәдениеттің өзіндік ерекшеліктері байқалады, ол олардың құпия тілдерінде, құпиялы істерінде, тентектіктерінде, балалық «сиқырлықтарында» және т.б., мысалы, ойындарында, санамақтарында, жұмбақтарында, бірін-бірі келекелеулерінде; фольклорлық репертуарларында, балалар дәстүрінде (8-13 жас аралықтарында); жеткіншектердің соңғы үлгідегі сымбаттылыққа (супер) еліктеуі, бейресми топтың мүшелігіне, түрлі ережелер мен қарым-қатынастарында және т.б. байқалады.
«Әлеуметтік мәдениет» термині әр бала жасына лайық, бір жағынан, белгілі бір субмәдениетті көрсетсе, екінші жағынан - бала тұлғасының әлеуметтік ортаға байланысты дамып, қалыптасқан нақты мәдени субмәдениетін білдіреді. Сонымен бірге белгілі жас кезеңіне байланысты жеке басына тән ерекшелігін анықтап, жүзеге асқан әлеуметтік мәдени шындықты анықтайды. Нақты бала субмәдениеті оның ішкі субмәдени әлемінде және шынайы болмысында көрінеді.
Баланың әлеуметтік мәдени әлемі оның әлеуметтік-педагогикалық сипатын көрсетеді, айналадағы шындықты қабылдауы (тіршілік ортасын), оған жауап беруін және жасына қарай оның әлеуметтік өзгерісі көрінеді. Ол оның белгілі әлеуметтік ортадағы типтік реакциясын, қатынасын және іс-қимылын сипаттайды.
Баланың типтік және жеке даралық әлеуметтік мәдени әлемін бөліп көрсетуге болады. Типтік – бұл әлеуметтік мәдени әлем, белгілі бір жас кезеңіне тән. Ол әлеуметтік ортаны табиғи қабылдау және баланың сол кезеңге байланысты реакциясын баса сипаттайды. Баланың жас ерекшелігін және әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын ескереді. Оның көмегімен сол жастағы баланың әлеуметтік дамуын, тұлға ретіндегі әлеуметтік тәжірибесін бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет