Қарағанды қаласы
№74 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі: К.К. Аймышова
Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан» қозғалысының саяси орнын анықтау; оқушыларды өз елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд,буклеттер.
Барысы:
Ой қозғау.
-Балалар біз барлығымыз білеміз «Біздің Отанымыз-Қазақстан» екенін.
Ал, 16 желтоқсан қандай мереке екен? – Тәуелсіздік күні.
Мына өлең не туралы?
Бас алаңды ел жосқан
Жастар қаны жуған күн-
16-шы желтоқсан
Тәуелсіздік туған күн.
-Тәуелсіздік туралы.
-Олай болса, құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызға алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемен күн мерекесі.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика Әнұраны.
-Ал, енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды Әнұранмен ашсақ.
( Әнұран айтылады.)
Қазақстан-Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
-Ендігі кезекті Тәуелсіздік жайлы өлең жолдарына берелік.
- Оқушылар тақпақтар айтады.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.Оқушыларымыз «Қырандар», «Ұландар», «Жігер», «Болашақ» болып 4 топқа бөлінген.Енді оқушыларымыз 3 жыл бойы алған білімдерін ортаға салады.
1.Қазақстан Республикасы, туған еліміз туралы әңгімелеу қабілеттерін арттыру;
2.Білуге,үйренуге деген қызығушылығын арттыру,ой-өрістерін,дүниеге
көзқарастарын дамыту жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, саналыққа тәрбиелеу.
Сайысымыздың ережесімен танысайық.
-Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады.
І-кезең «Бәйге»
ІІ-кезең «Полиглот»
ІІІ-кезең «Жеті жұмбақ»
ІV-кезең «Көкпар»
V-кезең «Жорға»
І-кезең «Бәйге»
8-сұрақ беріледі.Қай топ бірінші болып жалаушаны көтерсе,сол топ жауап берді.
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-сұрақ. Бұл кім? –Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
1912-1993 жылдары өмір сүрген.Қазақстан ҒА-ның академигі, техника ғылымының
докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 1964-1986 жылдары Қазақстан компартиясының Бірінші хатшысы болған адам.
2-сұрақ. Бұл кім? –Мұхтар Шаханов.
02.07.1942 жылы Шымкент обл.Ленгер ауд.Қасқасу селосында дүниеге келген қазақ ақыны.1993-2003 жылдары ҚР-ның Қырғыз Республтикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметін атқарған.Желтоқсан оқиғасында өзіндік рөлі бар ақын адам.
3-сұрақ. Бұл кім? –Қайрат Рысқұлбеков.
****** деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!-деп жырлаған кім?
4-сұрақ. Бұл кім? –Ләззат Асанова.
Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы болып оқып жүрген,16 жылдық қысқы ғұмыр кешкен,1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп,құрбан болған батыр қыз.
5-сұрақ. Бұл кім? –Сәбира Мұхамеджанқызы.
Сезімтал да сергек қыз ұстаз болуды армандайтын.Сол асқақ арман оны үйден ерте жетелеп алып шықты.Орта мектептің 8 жылдық сыныбын бітірісімен облыс орталығы Өскемен қаласына жалғыз сапар шекті.Ол бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнының студенті атанды.Желтоқсанда жанын шүберекке түйген батыр қыздардың бірі.Ол бар болғаны 16 жаста еді.
6-сұрақ. Бұл кім? –Ербол Сыпатаев.
1964 жылы Алшынбековтер шаңырағының тұңғышы болып,өмірге келген ұлға ұрпақ жалғастырушы деп қуанған қауым ер болсын деп, ..... деп есім қойған еді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң өз тіршілігімен Алматы энергетика институтына түскен.Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған батыр ағаларыңның бірі.
7-сұрақ. Бұл кім? – Мұқағали Мақатаев
«Халық, тіл, Отан» деп жырлаған ақын кім?
8-сұрақ. Бұл кім? – Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті кім?
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте - демекші, ендігі кезең «Полиглот»
Шарты:
Жалаушаны көтерген топ жауап береді.
Жұлдызша орнына 20 ұпай,жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-сұрақ. **** үшін отқа түс, күймейсің. (Отан)
2-сұрақ. ****- оттан да ыстық. (Отан)
3-сұрақ. Жері байдың *** бай. (елі)
4-сұрақ. ***** туса ел ырысы, (Батыр)
Жаңбыр жауса жер ырысы.
5-сұрақ. Ер қанаты - **. (ат)
6-сұрақ. Ел іші – алтын *****. (бесік)
7-сұрақ. Отанын сүйген: **** жанбайды, **** батпайды. (отқа, суға)
8-сұрақ. Отансыз ****, (адам)
Ормансыз ****** (бұлбұл)
Шарты:
-Экраннан сан таңдайды. Санда сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсе, таңдаған саны ұпай болып есептеледі.
1-сұрақ. Оң жақтағы – 10.
Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз ел)
2-сұрақ. Ортадағы – 20.
Егеменді елдің басты белгілері не?
(шекара, Елтаңба, Әнұран, Ту, тіл, Президент)
3-сұрақ. Оң жақтағы – 20.
Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? (1997 жылы)
4-сұрақ. Ортадағы – 50.
Астана бұрын қалай аталды? (Ақмола)
5-сұрақ. Сол жақтағы – 10.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)
6-сұрақ. Ортадағы – 60.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?
(1992 жылы 4 маусым)
7-сұрақ. Сол жақтағы – 30.
Семей ядролық полигоны қашан жабылды? (1991 жылы)
8-сұрақ. Оң жақтағы – 30.
Еліміздің жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж.30 тамыз)
1 минутта «Қазақстан» сөзіне көптеген жаңа сөз жасау керек.
Әр сөзге 10 ұпай беріледі.
-Әр топқа 3 сұрақ қойылады.Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі. Сұрақ қойылған топ білмесе,келесі топ жауап беруіне болады.
1-топқа.
1-сұрақ. Әнұранның авторларын атаңдар.
(Әнін жазған:Ш.Қалдаяқов.Сөзін жазған:Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)
2-сұрақ.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен. (күй)
3-сұрақ.Қазақстан қандай елдермен көрші?
(Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Қытай,Түрікменстан)
2-топқа.
1-сұрақ.Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңдар? (Шәкен Ниязбеков)
2-сұрақ. «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды? (Олжас Сүлейменов)
3-сұрақ.Қазақ даласындағы ғарыш айлағы. (Байқоңыр)
3-топқа
1-сұрақ. Қазақстанның ең алғаш астанасы қай қала? (Орынбор)
2-сұрақ.Қазақстанның әйгілі үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би)
3-сұрақ.Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков,Шота-Аман Уәлиханов)
4-топқа
1-сұрақ.1998 жылы 6 мамырда қандай үлкен оқиға болды?
(Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.)
2-сұрақ.Астана қаласының символы. (Бәйтерек)
3-сұрақ.Қазақстан қандай ел? (Егеменді, Тәуелсіз мемлекет)
-Осымен 5 кезеңіміз аяқталды. Ендігі кезекті «Көк тудың желбірегені» әніне берелік.
Қорытындылау. «Қазақстан-біздің туған ұлы Отан, Жайнай бер, Тәуелсіздік мәңгілік!»
-Енді жеңімпаз топты анықтауға әділ-қазылар алқасына берелік.
Осыменен бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |