Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1. Кремний және көміртегінің атом радиусы, құрылысы, олардың энергия ионизациялану мәні, тотығу дәрежелері, тұрақты координациялық сандарын сәйкестеңдіріңдер.
2. а) кремнийдің металдарға және бейметалдарға, қышқылдарға және сілтілерге қатынасын сипаттаңдар. Реакция мысалдарын келтіріңдер.
б) кремнийдің патша қышқылында ерімей, HF+HNO3 қоспасында еруін немен түсіңдіруге болады.
3. Кремнийдің (IV) бинарлы қосылыстарын келтіріңдер және олардың құрылысын сипаттаңдар. Олардың қайсысы мономер, қайсысы – полимер?
4. Алмаз, графит және карбиннің жану жылуы – 394,1, 396,3, 356,1 кДж/моль. Қалыпты жағдайда көміртегі модификациясының қайсысы тұрақты және өзара ауысу жағдайлары қандай?
5. Тәжірибеге сәйкес CHal4, CO2 және CS2молекулалары полярлы емес, ал CO, COHal2 және CSHal молекулалары полярлы. Бұл мәлімет молекулалардың кеңістіктік конфигурациясымен қалай сәйкестеледі?
6. CF4, CCl4 және COCl2 гидролизінің ∆Gº298 мәні -150, 251 және 211 кДж/моль. Алайда CF4 және CCl4 гидролизі қалыпты жағдайда жүрмейді, ал COHal2 қосылысы гидролизге жеңіл ұшырайды. Осы фактінің себебін түсіңдіріңдер.
7. CF4−CCl4−CBr4−CI4қатарындағы dCHal, ECHal, Sº298 және ∆Gº298 өзгерісінің графиктерін құрастырыңдар. Қисықтарды түсіңдіріңдер. CF4−CI4 қатарында қайнау және балқу температурасы қалай өзгереді және ол немен түсіңдіріледі?
8. Үшоксо-, үшсульфидо-, динитридо-, оксонитридо-, нитридсульфидокарбонат иондарының құрылымдық формуласын құрастырыңдар.
а) осы иондардың құрылымы көміртек орбиталь гибридизациясының қай типіне жатады?
б) сәйкес карбонаттарды алудың реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) қандай оксокарбонаттар және сульфидокарбонаттар суда ерімейді.
9. Оксокарбонаттардың Na2CO3, BaCO3, MnCO3, PbCO3 ыдырау температурасын (ρСО2 = 101,325 кПа) есептеңдер.
а) карбонаттардың ыдырау температурасының айырмашылығын түсіңдіріңдер.
б) СО2 өндірісте алу үшін қандай табиғи карбонат қолданылады?
10. Нитридсульфидкарбонат (роданид) ионының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері қандай? Тотығу-тотықсыздану процесінде ионның қандай атомы тотығу дәрежесін өзгертеді?
11. Отынды газификалиялау қандай принципке негізделеді? Газификация негізінде жатқан химиялық реакцияларды сипаттаңдар.
12. Кремнийсутектердің атауларын және құрылымдық формулаларын келтіріңдер.
а) SiH4 және CH4 тұрақтылығын және жану жылуын салыстырыңдар.
б) Кремнийсутектердің көмірсутектерге қарағанда біршама аз болуы немен түсіңдіріледі? Силандарды алу әдістері қандай?
13. Кремнийдің (IV) бинарлы қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
CaO + SiO2 → SiH4 + KOH →
CaS + SiS2 → SiCl4 + H2O →
NaF + SiF4 → SiS2 + H2O →
14. SiO2 –нің HCl (г) және HF (г) –мен қалыпты жағдайда әрекеттесуі мүмкін бе? Жауапты ∆Gº298 мәнімен негіздеңдер. Кремний тетрахлоридін қалай алады?
15. SiCl4 гидролиз схемасын құрыңдар.
а) Неліктен CF4 және CCl4 қарағанда SiF4және SiCl4 гидролизі белсенде жүреді?
б) SiF4 гидролизі кезінде қандай өнімдер түзіледі?
16. Кремний қышқылдарының коллоидты ерітінді түзуге икемділігін түсіңдіріңдер. Кремний қышқылдарын сусыздандырғанда не түзіледі? Сусыздандыру өнімінің техникада қандай маңызы бар?
17. Қорғасынның және қалайының тотықтырғыштық қасиеттерін көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.Электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
18. Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.
19. Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
20. Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
21. Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді?
22. Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 концентрлі тұз қышқылы және сілтінің артық мөлшерінде еруі немен түсіндіріледі?
23. SO42- ионы қатысында PbO2 (к) + 4H+ + 2e = Pb2+ + 2H2O жүйесінде тотықтырғыш потенциалы неге және қалай өзгереді?
24. PbO2 көмегімен Mn2+ионының MnO4- ионына дейін тотығуы мүмкін бе? Жауапты негіздеу үшін жартылай реакцияның Еº298 мәнін келтіріңдер:
PbO2 (к) + 4H+ + 2e = Pb2+ + 2H2O
MnO4- + 8H+ + 5e = Mn2+ + 4H2O