ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №22
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі І топтың s – элементтері
Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі І топта орналасқан элементтердің алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Натрийды алғаш 1807 жылы ағылшын химигі Г.Дэви (1778 – 1829) күйдіргіш натрийды (NaOH) электролиздеу арқылы бөліп алған. Жер қыртысындағы орташа массалық мөлшері 2,64%. Натрий-ды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондай-ақ, дәнекерленген шыны ампулада сақтайды. Натрий хлоридіне CaCl2, BaCl2, т.б. қосылған немесе натрий гидроксидіне Na2CO3 қосылған (қоспалар NaCl-дың балқу температурасын төмендету үшін қосылады) балқымаларды электролиздеу арқылы алады. Натрий Na2O2, натрийорганикалық қосылыстар, NaH алуда, Tі, Zr, Ta өндірісінде тотықсыздандырғыш, бутадиенді каучук синтезінде катализатор ретінде, ядролық реакторларда, т.б. қолданылады. Натрий – ағзадағы осмостық қысымды реттеуге, су, минерал, азот, және май алмасуына қатысады. Плазма мен жасуша аралық сұйықтардың барлық катиондарының 90%-тен астамы натрийден тұрады.
Калийді 1807 ж. ағылшын химигі Г.Деви ашқан. Барлық металлоидпен, сумен, спирттермен жақсы әрекеттеседі, суда жанады. Таза Калий зертханада, синтетикалық каучук алуда, катализатор ретінде, су асты мен ғарышта асқын пероксидтен (4КО2+СО2=2К2СО2+3О2) оттек алу үшін қолданылады. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада және биологияда қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары тыңайтқыш ретінде сіріңке, оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б. үшін пайдаланылады. Ағзадағы калий осмостық биохимиялық процессте көптеген физиологиялық функцияларға қатысады, сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі.Калий алмасуы ағзадағы натриймен тығыз байланысты. Калий, натрий және кальций иондарының белгілі арақатынасы жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Реактивтер мен құралдар: калий, натрий, лакмус ерітіндісі, натрий карбонаты Na2CO3, натрий гидрокарбонаты NaHCO3, натрий хлориді NaCl, фенолфталейн, пинцет, кристаллизатор.
Тәжірибе №1. Натрий мен калийдің ауада тотығуы. Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.
Тәжірибе №2. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі. Үш сынауыққа 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір сынауыққа бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші сынауықты салыстыруға қалдырыңдар. Сынауықтардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге сынауықтардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?
Тәжірибе №3. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу. Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролиз процессінің теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибе №4. Сілтілік металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Пинцетпен натрий түйіршігін, фенолфталейн қосылған, суы бар кристаллизаторға салыңдар. Шынымен кристаллизаторды жабыңдар. Осы тәжірибені литий және калиймен жүргізіңдер. Сілтілік металдардың суға қатынасы бойынша химиялық белсенділігін сәйкестеңдіріңдер.
Тәжірибе №5. Сілтілік және сілтілік-жер металл тұздарының жалын түсін бояуы. Платиналы сымды пайдаланып, жанғыш шам жалынына сілтілік және сілтілік-жер металл қосылыстарын ретімен жақындатыңдар. Шам жалынының түсін белгілеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |