К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар



бет57/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар
1. Металл атомының электронды формуласын құрастырыңдар. Мүмкін тотығу дәрежелерін көрсетіңдер. Ыстық қышқыл және сілтілермен металдардың молекулалық және электронды реакция теңдеулерін жазыңдар. Металдың мольдік көлемдері әрекеттескен кезде бөлінетін газдың көлемін есептеңдер.



Нұсқа

Металл

Қышқыл және сілті

1

Cr

HCl HNO3(р)

2

Cr

H2SO4(р) КОН

3

Cr

H2SO4(к) HNO3(к)

4

Mn

H2SO4(р) HNO3(к)

5

Mn

НCl HNO3(р)

6

Fe

HCl H2SO4(к)

7

Fe

H2SO4(р) HNO3(к)

8

Co

HNO3(р) НСl

9

Ni

HNO3(р) H2SO4(р)

10

Ni

H2SO4(к) HCl

2. Келесі айналымдарды жүзеге асыру кезінде жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электронды теңдеу жазыңдар.





Нұсқа

Айналым тізбегі

1

Cr→CrCl3→Cr(OH)3→KCrO2→K2CrO4

2

Cr(NO3)3→Cr(OH)3→NaCrO2→Na2CrO4→Na2Cr2O7

3

Na2Cr2O7→Cr2(SO4)3→NaCrO2→Na2CrO4

4

K2Cr2O7 →K2CrO4→CrCl3→Cr(OH)3→K3[Cr(OН)6]

5

Mn→MnCl2→Mn(OH)2→Mn(OH)4→MnCl2

6

KMnO4→K2MnO4→MnO2 →MnSO4→Mn(OH)2

7

Mn(NO3)2→Mn(OH)2­→Mn(OH)4→MnO2→K2MnO4

8

KMnO4→MnO2→MnCl2→K2MnO3→K2MnO4

9

[Co(CO)4→Co→Co(NO3)2→Co(OH)3→CoCl2

10

Co2O3→CoCl2→Co(OH)2→Co(OH)3→Co(NO3)2

11

Ni(OH)3→NiSO4→Ni(OH)2→Ni(OH)3→NiCl2

12

Ni2O3→NiCl2→Ni→[Ni(CO)]→Ni

13

Fe→FeSO4→Fe2(SO4)3→Fe(OH)3→Fe(NO3)3

14

FeCl3→FeCl2→Fe(OH)2→ Fe(OH)3→Fe2O3

15

Fe2O3→Fe→[Fe(CO)5]→Fe→Fe(NO3)3

3. Күкірт қышқылымен қышқылдандырылған калий дихроматы ерітіндісіне 54 г ұнтақталған алюминий қосты. Біраз уақыттан кейін ашық қызғылт түс жасыл болды. Хромның қандай қосылысы және қандай мөлшерде түзілді? Жүретін реакциялардың электронды және молекулалық теңдеулерін құрастырыңдар.


Жауабы: 1 моль немесе 392 г
4. 5,2 г металдық хромды ыстық концентрлі азот қышқылымен өңдеді. Хромның қандай қосылысы және қандай мөлшерде түзілді?
Жауабы: 23,8 г
Сәйкес реакция теңдеулерін құрастырыңдар.
5. Неліктен марганец (IV) оксиді тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады? Сәйкес тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар.
а) MnO2+KI+H2SO4 = I2+…
б) MnO2+KNO3+KOH = NO+…
6. Концентрлі күкірт қышқылында 55 г металдық марганецті ерітті. Қанша қышқыл қажет болды? Қандай газ және қандай мөлшерде бөлінді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Жауабы: 2 моль H2SO4; 22,4.(н.у.)
7. 178 г еківалентті марганец гидроксидін оттегімен және (жеке) сутегі тотығымен тотықтырды? Қай тотықтырғыш көп кетеді О2 немесе Н2О2? Қанша есе көп?
Жауабы: 1 моль Н2О2 көп.
8. а) FeCl3 және SnCl2; б) FeSO4 және NaOH; в) FeCl3 және K3[Fe(CN)6] осы заттар ерітіндіде бірге бола ала ма? Неліктен? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
9. Үшвалентті кобальт және никель гидроксидтерінің қышқылдармен әрекеттесуі темір (3) гидроксидтерінің қышқылдармен әрекеттесуінен немен ерекшеленеді? Сәйкес реакциялардың электронды және молекулалық теңдеулерін жазыңдар.
10. Fe2+, Cо2+, Ni2+ иондарының қайсысы күшті тотықсыздандырғыштық қасиетке ие? Осы айырмашылық көрсетілетін реакциялардың мысалдарын келтіріңдер.
11. Ni(OH)2 үш молін Ni(OH)3 дейін тотықтыру керек. Тотықтыру үшін оттегі және бром суы бар. Тотықтыру үшін нені қолданған дұрыс? Реакция үшін қанша тотықтырғыш керек? Жауабы: 1,5 моль.
12. Темір қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Ерітіндіде темір Fe2+ және Fe3+ иондарын қалай анықтауға болады? Реакцияның ионды және молекулалық теңдеулерін жазыңдар.
13. 4 моль кобальт гидроксидін (ІІІ) күкірт қышқылында ерітті. Кобальттың қандай қосылысы және қандай мөлшерде түзілді?
Жауабы: 4 моль.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №24
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі VІІ топтың d – элементтері


Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VІІ топта орналасқан марганецтің алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Марганец – микроэлемент. Mn адамның өсуіне, қан түзілуіне әсер етеді, алмасу процесіне қатысады. Mn көп мөлшерде күріште, қара нанда, шайда, жемістерде болады. Марганецтің көп мөлшері қызылша жапырақтарында болады. Ағзада марганецтің мөлшерден артық жиналуы жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Адамды ұйқы басып, шаршап, жады функциясына әсер етеді.




ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: марганец (ІІ) сульфаты MnSO4, натрий гидроксиді NaOH, тұз қышқылы HCl, бром суы, калий перманганаты KMnO4, 2 н күкірт қышқылы H2SO4, натрий сульфиті, марганец (ІІ) хлориді MnCl2, лакмус ерітіндісі, азот қышқылы HNO3, күміс нитраты AgNO3, сұйылтылған марганец нираты Mn(NO3)2, марганец диоксиді MnO2, хлорлы су, сірке қышқылы CH3COOH, мақта, газ шамы, шыны таяқша.


Тәжірибе №1. Марганец (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. Сынауыққа 5-6 см3 марганец (ІІ) сульфатын құйып, оған сонша натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнба түсін байқаңдар. Бұл тұнбаны үшке бөліңдер. Бір сынауықты солай қойыңдар, екінші сынауыққа тұз қышқылы ерітіндісін, үшінші сынауыққа натрий гидроксидін құйыңдар. Ауада тұнба түсі қалай өзгергенін бірінші сынауықтан байқаңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар.


Тәжірибе №2. Марганец (ІІ) қосылыстарының тотықсыздандырғыш қасиеттері. Сынауыққа 2-3 см3 марганец (ІІ) сульфатын құйыңдар да оған 2-3 тамшы 2 н натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңдар. Алынған марганец гидроксидінің тұнбасына 5-6 тамшы бром суын құйыңдар. Тұнбаның түсінің өзгеруі марганец (ІV) қосылысының пайда болуынан. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибе №3. Марганец (VII) қосылысының тотықтырғыш қасиеті. Үш сынауыққа 3-4 см3 калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар. Бір сынауыққа 2-3 тамшы 2 н күкірт қышқылын, екіншісіне 2-3 тамшы су, үшінші сынауыққа 3-4 тамшы 2 н сілті құйыңдар. Барлық сынауыққа натрий сульфитінің бір-екі кристалын салыңдар. Әр сынауықта калий перманганатының түсінің әртүрлі өзгергенін байқаңдар. Неге? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тәжірибе №4. Марганец (ІІ) тұздарының гидролизі. Су құйылған сынауыққа бірнеше марганец (ІІ) хлоридінің не сульфатының кристалын салыңдар. Лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Индикатор түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар.


Тәжірибе №5. Марганец және ренийдің сұйылтылған қышқылдарға әсері. Марганец және ренийді сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдарына әсерін зерттеңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №6. MnO42- ионның түзілуі (MnO42- иондарына сапалық реакция). Сынауыққа азот қышқылымен қышқылдандырылған аммоний персульфаты ерітіндісін құйыңдар, оған 2-3 тамшы AgNO3 ерітіндісін және сұйылтылған Mn(NO3)2 ерітіндісін қосыңдар. Сынауықты қыздырыңдар. Ag+ иондары катализатор рөлін атқаратынын ескере отырып, байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №7. Марганец диоксидінің ыдырауы. MnO2 бірнеше түйіршігіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызыңдар. Газ бөлінгенге дейін сынауықты абайлап қыздырыңдар. Реакция теңдеуін құрастырыңдар.


Тәжірибе №8. MnO42- ионының тотықсыздандырғыш қасиеті. K2MnO4 ерітіндісіне хлорлы су құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №9. MnO42- ионының диспропорциялануы. K2MnO4 ерітіндісіне бірнеше тамшы сірке қышқылын қосыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін және тұнба түзілуін түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №10. KMnO4 термиялық ыдырауы. KMnO4 кристалдары бар сынауықты газ шамы жалынында қыздырыңдар. Қандай газ бөлінетінің анықтаңдар. Сынауықты суытыңдар және сілті ерітіндісінде қызыдырыңдар. Ерітіндіні тұнбадан декантация немесе фильтрлеу арқылы бөліп, оған сірке қышқылын құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін және тұнба түзілуін түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №11. Марганец (VII) оксидінің тотықтырғыш қасиеттері. Шыныға бірнеше KMnO4 кристалдарын қойыңдар, абайлап бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын H2SO4 қосып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспаның біраз мөлшерін спиртке малынған мақтасы бар фарфор ыдысқа салыңдар. Спирттің жануын бақылаңдар. Тәжірибені ешбір жағдайда және қоспаларына салынған шыны таяқшамен қайталауға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет