К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет59/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №25
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі VІ топтың d – элементтері


Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VІ топта орналасқан хром, молибденнің алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Хромды 1797 ж. француз химигі Л.Н. Воклен крокоит минералының құрамынан ашқан. Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері. 2*10–3%. Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr2O3 алюминотерм. әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді. Хром-калий ашудасы былғары илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді. Молибденді 1778 жылы К.В. Шееле (1742 – 1786) ашты. Массалары бойынша Жер қыртысындағы мөлшері 10–4%. Негізгі минералдары: молибденит, повеллит және молибдит. Молибден болатты легирлеуде; авиацада ракеталар мен атомдық техникада қызуға төзімді балқымалардың негізі; электрлік вакуумдық қондырғылардың бөлшектерін және күйдіргіш шамдардың сымын жасауда қолданылады.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: хром (ІІІ) тұзы, сілті ерітіндісі, хлор суы, бром суы, сутек пероксиді H2O2, калий хроматы K2CrO4, K2Cr2O7, барий хлориді BaCl2, қорғасын нитраты Pb(NO3)2, күміс нитраты AgNO3, калий иодиді KI, сұйылтылған тұз қышқылы HCl, сұйылтылған күкірт қышқылы H2SO4, концентрлі азот қышқылы HNO3, вольфрам сымы, цинк кесегі, хром хлориді CrCl3, аммиак хлориді NH4Cl, аммиак ерітіндісі, концентрлі күкірт қышқылын H2SO4, су моншасы.


Тәжірибе №1. Хром (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. Сынауыққа 5-6 см3 хром (ІІІ) тұзын құйыңдар. Тұнба пайда болғанға дейін тамшылатып сілті ерітіндісін құйыңдар. Тұнба түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауықтағы затты екіге бөліңдер, бір бөлігіне күкірт қышқылының ерітіндісін, бір бөлігіне тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған ерітінділердің түсін салыстырыңдар. Сілтінің артық мөлшерін құйғанда [Cr(OH)6]3-анионы түзіледі. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Хром (ІІІ) гидроксиді туралы қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №2. Хром (ІІІ) тұзының тотықсыздандырғыш қасиеті. Сынауыққа 2-3 см3 хром (ІІІ) тұзының ерітіндісін құйыңдар да оған тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған хромит ерітіндісін үш сынауыққа бөліңдер. Бір сынауыққа хлор суын, екінші сынауыққа бром суын, үшінші сынауыққа сутек пероксидін құйыңдар. Сынауықтарды су моншасында қыздырыңдар. Ерітінділер түсінің өзгергенін байқаңдар. Хромиттің хроматқа өтуінің (сілтілік ортада) реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тәжірибе №3. Хроматтар мен дихроматтар. а) Сынауыққа 3-4 тамшы калий хроматы мен 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар. б) Сынауыққа 3-4 тамшы дихромат ерітіндісін құйып оған бір-екі тамшы сілті ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар.


Тәжірибе №4. Аз еритін хроматтар алу. Үш сынауыққа 3-4 см3 калий хроматы ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы ерітінділерді тамызыңдар: біріншісіне - барий хлоридін, екіншісіне - қорғасын нитратын, үшіншісіне - күміс нитратын. Тұнбалар түсін байқаңдар. Реакциялар теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.
Тәжірибе №5. Хроматтардың тотықтырғыш қасиеттері. 4-5 см3 калий дихроматы ерітіндісіне бір-екі тамшы күкірт қышқылын тамызып, оған 3-4 тамшы калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсі өзгергенін байқаңдар. Сынауыққа бір тамшы крахмал тамызып, иодтың пайда болғанын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Тәжірибе №6. Металдардың қышқылдарға және сілтіге қатынасы. а) Хромға сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдарымен суықта және қыздырып әсер етіңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.
б) Хром кесегін 1-2 мин концентрлі азот қышқылына салыңдар. Қышқылды төгіп тастаңдар және металды сумен жуыңдар. Осыдан кейін хромды сұйылтылған тұз қышқылына әсерін зерттеңдер. Неліктен хромның химиялық белсенділігі а тәжірибесіне қарағанда төмендеп кеткенін түсіңдіріңдер. Хромның қандай қасиеттері металдарды электролиттік қаптау үшін қолданылады?
в) Вольфрам сымына қышқылмен әсер етіңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.
г) Хром, молибден, вольфрамды сілтіге әсерін зерттеңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №7. Хромның (ІІ) аквакомплекстерінің түзілуі. Колбаға бірнеше цинк кесегін салыңдар, оған 2-3 мл тұз қышқылымен қышқылдандырылған сұйылтылған хром (ІІІ) хлориді ерітіндісін және ацетон құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №8. Хромның (ІІІ) аквааминокомплексінің түзілуі. CrCl3 ерітіндісіне қаныққан NH4Cl ерітіндісін және аммиак ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №9. Хром (ІІІ) қосылыстарының гидролизі. а) CrCl3 және Cr(NO3)3 ерітінділерін дайындаңдар. Қалыпты температурада және қыздыру кезінде рН өлшеңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.
б) Тәжірибе жүзінде ерітіндіде алмасу реакциясы бойынша Cr2S3 және Cr2(CO3)3 алу мүмкіндігін тексеріңдер. Түзілген тұнбаларды қышқылмен және сілтімен тексеріңдер. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №10. Хром үшоксидін алу. Калий немесе натрий дихроматының қаныққан ерітіндісі бар сынауықты қармен немесе суық сумен суыта отырып, үздіксіз араластыру арқылы концентрлі күкірт қышқылын H2SO4 құйыңдар. Қою-қызыл түсті ине тәрізді кристаллдардың түзілуін бақылаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет