К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет10/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Тәжірибе мәліметтерін өңдеу


1.Металдың эквиваленттік массасын есептеудің бірінші тәсілі – бөлінген газдың эквиваленттік көлемі бойынша.

  1. Газ күйі теңдеуі бойынша бөлінген сутегі көлемін қалыпты жағдайға келтіру

; осыдан (4)
мұндағы V0 – қ.ж. сутегі көлемі, мл; Р0 –қ.ж. сутегінің парциалды қысымы, 101,3 кПа немесе 760 мм тең.; Т0 – температура, 273 К; V – берілген жағдайдағы сутегі көлемі, мл; Т – тәжірибе температурасы, ( t + 273) К тең; р (Н2)– тәжірибе жағдайындағы сутегінің парциалды қысымы.
Бюреткадағы 1 ,2 су бірдей деңгейде болса, онда атмосфералық қысым Р = р(Н2) + р (Н2О) тең. Осыдан, сутегінің парциалды қысымы атмосфералық қысым мен су буларының серпімділігінің арасындағы айырмашылығына тең (р – р (Н2О)).
р (Н2О) – су буларының серпімділігі (кесте 2).

  1. Эквивалент заңы бойынша металдың эквиваленттік массасын есептеу (3):

,
мұндағы VЭ02), = 22,4/2 = 11,2 л/моль.
Кесте 2.2.
Қаныққан су буының серпімділігі



Температура,
°С

Серпімділік,
мм

Температура,
°С

Серпімділік,
мм

Температура,
°С

Серпімділік,
мм

-10

2,05

4

6,1

18

15,5

-9

2,13

5

6,6

19

16,5

-8

2,32

6

7,0

20

17,5

-7

2,53

7

7,5

21

18,7

-6

2,76

8

8,0

22

19,8

-5

3,01

9

8,6

23

21,1

-4

3,28

10

9,2

24

22,4

-3

3,57

11

9,8

25

23,8

-2

3,68

12

10,5

26

25,2

-1

4,22

13

11,2

27

26,7

0

4,58

14

12,0

28

28,4

1

4,9

15

12,8

29

30,1

2

5,3

16

13,6

-

-

3

5,7

17

14,5

-

-

2. Металдың эквивалентік массасын есептеудің екінші әдісі – бөлінген газдың массасы бойынша.



  1. Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша бөлінген газдың массасын есептеу (сутегі):

(5)
мұндағы R = 8,314 Дж/мольК.

  1. Одан әрі эквивалент заңы бойынша металдың эквивалент массасын есептеу

,
мұндағы МЭ2) =1г/моль.

    1. Тәжірибенің қатесін есептеу

Табылған металдың эквиваленттік массасы МЭ және валенттілігі В (оқытушыдан сұрау) бойынша металл атомының () молярлы масссасын есептейді және Д.И. Менделеевтің периодтық элементтер жүйесі бойынша қандай металл берілгенін анықтайды.
Металдың эквиваленттік массасының теориялық мәнін (кестедегі) есептеу:

және тәжірибенің салыстырмалы қатесін есептеу, %

Типтік есептеу
Мысал

Тәжірибе нәтижесінде 0,322 г (m) екі валентті металл қышқылдан Р = 755,5 мм қысымда және 180С (291 К) су бетінде жиналған 119,8 см3 сутегін (V) ығыстырды. Металдың эквиваленттік массасын және оның атауын анықтау.
Шығарылуы
Бірінші әдіс

  1. Алдымен сутегі көлемін V қалыпты жағайға V0 келтіреміз.

(4) теңдеуден:


  1. Эквивалент заңынан (3) металдың эквиваленттік массасын табамыз




Валенттілік В және эквиваленттік масса МЭ(Ме) бойынша (1) формуладан металл атомының молярлы массасын табамыз.
М(Ме)= ∙В = 2 ∙ 32,96 = 65,92
Д.И. Менделеев периодтық элементтер жүйесінде табылған атомдық массаға жақын ол цинк Zn (А табл = 65,37). Табамыз .

  1. Тәжірибенің салыстырмалы қатесі мынаған тең


Сонымен мырыштың эквиваленттік массасы 0,85% салыстырмалы қателікпен анықталды.


Екінші әдіс

  1. Сутегінің парциалды қысымын р(Н2) паскальмен көрсеткен дұрыс (н/м2), ал көлемді V в м3. Сутегінің парциалды қысымы р (Н2) = 755,5-15,5 = 740 (мм. рт.ст) немесе


V(H2)=119,8·10-63)
Теңдеуден бөлінген сутегінің массасын есептейміз (5)


  1. Эквивалент заңы бойынша металдың эквивалент массасын табамыз.



  1. Қатені есептейміз




Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Заттың эквиваленті дегеніміз не?
2.Эквиваленттің молярлық массасы дегеніміз не?
3.Күрделі заттардың (қышқылдар, негіздер, тұздар) және жай заттардың эквиваленттерінің молярлық массасы қалай анықталады?
4.Эквиваленттер заңы қалай оқылады? Математикалық өрнегі қандай?
5.Неше моль және неше грамм болады: а) 6,02∙102 ацетилен С2Н2 молекулаларын.
б) 2,00∙1023 азот молекулаларын.
6. Алмасу реакцияларындағы бастапқа заттардың эквивалентті массаларын есептеңдер.:
Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O
Al(OH)3 + 2HCl = AlOHCl2 + 2H2O
Al(OH)3+ 3HCl = AlCl3+ 3H2O
Mn(OH)2+ H2SO4 = Mn(HSO4)2 + H2O
Mn(OH)2 + H2SO4 = MnSO4 +2H2O
7. Эквивалент және эквиваленттік масса әруақытта тұрақты шама болып табылады ма? Мысал келтіріңдер.
8. 1 г тұз қышқылына құрамында 1 г натрий гидроксиді бар ерітіндіні қосты. Алынған ерітінді бейтарап, қышқыл немесе сілтілік болады ма? Есептеуін келтіріңдер.


Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:

1. Мырыш екі оксид түзеді. Олардағы оттектің массалық үлесі 34,8 және 24,3% тең. Осы оксидтердегі мырыш эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер және сәйкес оксид формуласын келтіріңдер.


Жауабы:15,32 және 24,92 г/моль.
2. Бір марганец оксидінің құрамында 22,56% оттегі бар, ал екіншісінде – 50,5%. Осы оксидтердегі марганец эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер және олардың формуласын құрыңдар.
Жауабы: 27,46 және 7,84 г/моль.
3. Үш валентті металл эквивалентінің молярлық массасы 9 г тең. Металдың атомдық массасын, оның оксидінің эквивалентінің молярлық массасын және оксидтегі оттегінің массалық үлесін есептеңдер. Оксидтің формуласын құрастырыңдар.
Жауабы: 27 г/моль, 17 г/моль, 89%.
4. Металл массасы 1,591 г галоген және қалыпты жағдайда өлшенген 70,2 см3 оттегімен қосылады. Галоген эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер.
Жауабы:126,9 г/моль.
5. Егер 14,2 г оксиді 30,2 г металл сульфатын түзсе, онда еківалентті металдың молярлық массасын анықтаңдар.
Жауабы: 55 г/моль.
6. Егер қышқылдың 18 г бейтараптау үшін 16 г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқыл эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер.
Жауабы: 45 г/моль.
7. 3,24 г үшвалентті металл қышқылмен әрекеттескенде қалыпты жағдайда өлшенген 4,03 л сутегі бөлінеді. Металл эквивалентінің молярлық массасын және атомдық массасын есептеңдер.
Жауабы: 9 және 27 г/моль.
8. 7 г темір қышқылдан қ.ж. өлшенген 2,8 л сутегіні ығыстырады. Металл эквивалентінің молярлық массасын және валенттілігін анықтаңдар.
Жауабы: 28 г/моль, 2.
9. Металл (II) сульфиді құрамында 35,23% күкірт бар. Егер күкірт эквивалентінің молярлық массасы 16 г/моль болса, металл эквивалентінің молярлық массасын анықтаңдар.
Жауабы: 29,4 г/моль.
10. 0,4635 г металл оксидінен 0,4315 металл алынды. Метал эквивалентінің молярлық массасын анықтаңдар және егер металл валенттілігі I тең болса, оксидтің формуласын құрастырыңдар.
Жауабы: 107,88 г/моль.
11. 0,291 г мысты азот қышқылында ерітті, алынған тұзды ыдыратты, нәтижесінде 0,364 г мыс оксидін алды. Мыс эквивалентінің молярлық массасын және оның валентілігін анықтаңдар.
Жауабы: 31,89 г/моль, 2.
12. Кейбір элементтің эквивалентінің молярлық массасы 25 г/моль. Есептеңдер: а) осы элемент оксидіндегі оттегінің массалық үлесін (%); б) 0,5 г оттегін тотықсыздандыруға қажетті сутегі көлемі.
Жауабы: а) 32%, б) 0,17 л.
13. 0,295 қалайы оксидін сутегімен тотықсыздандырғанда 0,07 г су алынды. Қалайы эквивалентінің молярлық массасын анықтаңдар және оксидтің формуласын құрастырыңдар.
Жауабы: 29,93 г/моль.
14. Егер металлдың 0,92 г қ.ж. өлшенген сутегегінің 114 см3 ығыстырса, металл эквивалентінің молярлық массасын анықтаңдар.
Жауабы: 90,39 г/моль.
15. Егер күкіртсутекті құрамында 2,98 г хлоры бар бірвалентті металдан өткізсе, 2,2 г сульфид түзіледі. Металл эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер.
Жауабы: 45,15 г/моль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет