К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет21/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Қандай реакцияларды гомогенді, гетерогенді деп атайды?
2.Химиялық реакциялардың жылдамдығы дегеніміз не?
3.Гомогенді, гетерогенді реакциялардың жылдамдығы қандай факторларға байланысты?
4.Массалар әсерлесу заңын оқыңдар. Жылдамдық қонстантасының мәнін анықтаңдар.
5.Химиялық реакциялардың жылдамдығы температураға байланысты неге және қалай өзгереді?
6.Активтену энергиясы деген не?
7.Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не? Тепе-теңдіктің ығысуына қандай факторлар әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
9.Ле-Шателье принципінің маңызы.
10. Төменде берілген тепе-тең жүйелерде тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді:
а) n рет қысым өзгерген кезде;
б) температуралық коэффициент γ берілсе, m ºС температураның өзгеруі кезінде. Есептеулерді келтіріңдер.



Нұсқа


Жүйе


γ

n рет

M

жоғарылауы

төмендеуі

жоғарылауы

төмендеуі

1

2NO + O2 ↔ 2NO2;

2

2




20




2

N2 + O2 ↔ 2NO;

2

3




50




3

2SO2 + O2 ↔ 2SO3;

3




2

30




4

2CO + O2 ↔ 2CO2;

3




4

40




5

4HCl + O2 ↔ 2H2O + 2Cl2

2




2




20

6

C(к) + H2O ↔ CO + H2

2

2







40

7

FeO + CO ↔ Fe + CO2

3

2







20

8

N2O4 ↔ 2NO2

2

5




20




9

N2+3H2 ↔ 2HN3

3

4




30




10

H2 + I2 ↔ 2HI

2




6

50




11

4HN3 + 5O2↔4NO + 6H2O(г)

3




3

50




12

CO2 + C(к) ↔ 2СO

3

2







40

13

2H2 + O2 ↔ 2H2O

2




2




20

14

PCl5 ↔ PCl3 + Cl2

2

5




30




15

CO + Cl2 ↔ COCl2

3




6




50

16

CO+H2O ↔ CO2+H2

2

6







30

11. Вант-Гофф ережесін тұжырымдаңдар.


12. Физикалық мәндері қандай а) жылдамдық константасы; б) температуралық коэффициент?
13. С(А) = 6 моль/л және С(В) = 5моль/л кезіндегі гомогенді реакция үшін 2А + В = С жылдамдық 90 моль/ л · с тең. Жылдамдық константасын есептеңдер.
Жауабы: 0,5 л2 · моль -2 · с-1.
14. Егер =2, болса, температураны 50 °С жоғарылатқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
15. Қандай зат катализатор деп аталады?
16. Катализатор әсерінің механизмінің мәні неде: а) гомо­гендік катализде; б) гетерогендік катализде ?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7


Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы.


Жұмыстың мақсаты: Белгілі концентрациялы ерітінділер дайындап үйрену. Титрлеу әдісі бойынша ерітінділер концентрациясын анықтау.
Маңызды түсініктер: Ерітінді, массалық үлес, моляльдік концентрация, нормальдік концентрация, титр, гидраттар, концентрация, эндотермия, экзотермия.
! Білу керек. 1. Ерітінді түсінігімен танысу, физикалық және химиялық қаситеттерін, қолданылуын білу. 2. Сольваттар немесе гидраттардың түзілу жағдайын білу. 3. Эндотермиялық және экзотермиялық процестерді ажырата білу. 4. Концентрация түсінігімен танысу және оның түрлерін, формулаларын білу. 5. Титрлеу әдісінің мәнісін түсінісіп, формула бойынша есеп шығара білу.


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Ерітінділер деп екі не одан да көп компоненттерден тұратын гомогенді жүйені атайды. Ерітінділер қатты, сұйық және газ тәріздес болады. Ерітінді еріген заттардан және еріткіштен тұрады. Сұйық ерітінділердің табиғатта, техникада, тұрмыста маңызы зор. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында процестер сұйық ерітінділерде жүреді. Химия және металлургия т.б. өнеркәсіп орындарында негізгі өнімдер алу сұйық ерітінділердің қатысуымен жүреді. Заттың еруі екі процестен тұрады:



  1. Заттардың атомдарының (иондарының) арасындағы химиялық байланыстар үзіледі. Бұл процесс жылу сіңіру арқылы жүреді (∆H1 > 0).

  2. Еріген заттың бөлшектері (молекулалар, иондар) еріткіштің молекулаларымен әрекеттесіп сольваттар немесе гидраттар (судағы ерітінділерде түзілген заттардың аты гидраттар) түзеді.

Бұл процесс жылу шығара жүреді (∆H1 < 0). Еру жылуы осы екі жылудың қосындысынан тұрады:
∆Hеру = (-∆H1) + (∆H2)
Осы екі жылудың қатынасына байланысты еру процесі эндо – немесе экзотермиялық болады.
Концентрация – ерітінді немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері.
Ерітіндінің массасы тұрақты болғанда оның концентрациясы үлеспен немесе процентпен көрсетіледі.
Массалық үлес (W) – еріген зат массасы (mе.з.) ерітінді массасының (mер.) неше үлесі екенін көрсететін сан.
W = (mе.з. ) / (mер. )
Массалық үлес өлшемсіз шама, оны процентке айналдырғанда 100-ге көбейту керек:
W = (mе.з. ) / (mер. ) * 100
Моляльдік концентрация 1 кг еріткішке еріген заттың моль санымен өлшенеді (моль/кг)
Cm = (mе.з. * 1000)/ (Mе.з. * mер-ш)
mер-ш –еріткіш массасы, г
mе.з. – еріген заттың массасы, г
Mе.з. – еріген заттың молярлық массасы.
Молярлық концентрация – 1 л ерітіндіде еріген заттың моль санымен өлшенеді.
Cm = mе.з. /MV
V – ерітінді көлемі, л
I молярлы 1 М/Сm = 1 моль/л;
Децимолярлы 0,1 М (0, моль/л);
Сантимолярлы 0,01 М (0,001 моль/л);
Екі молярлы 2 М деп көрсетіледі.
Эквиваленттің молярлы концентрациясы (нормальдік концентрация). 1 л ерітіндіде еріген заттың эквивалент санымен өлшенеді.
Cн = mе.з. /MэV
Mэ – эквивалентті молярлы масса;
V – ерітінді көлемі, л.
1 н – бір нормальді (Cн = 1 моль/л)
0,1 н – децинормальді (Cн = 0,1 моль/л); 0,01 н – сантинормальді (Cn = 0,01 моль/л) ерітінді
Титр дегеніміз ерітіндінің 1 литрдегі еріген заттың килограмм саны немесе 1 миллилитрдегі грамм саны, г/мл.
Т = mе.з. /V
mе.з. – еріген заттың массасы, г
V – ерітінді көлемі, мл.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: 100 мл цилиндр, шыны таяқша, ареометр, 300 мл колба.


Тәжірибе №1. Ерітінді концентрациясын оның тығыздығы арқылы анықтау. Концентрациясын анықтайтын ерітінділерді ~ 100 мл цилиндрге құйыңдар, оның температурасын анықтаңдар. Егер ерітінді температурасы 200С-қа тең болмаса, цилиндрді не жылы суға салып, не суық суға салып, ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, 200С жеткізіңдер. Ерітінді тығыздығын ареометр арқылы анықтаңдар. Таза, құрғақ сүртілген ареометрді ақырындап цилиндрдегі ерітіндіге түсіріңдер. Ареометр цилиндр қабырғаларына тимеу керек. Ерітінді ернеуіне сәйкес келген ареометр шкаласы ерітіндісінің тығыздығын көрсетеді. Тығыздықты анықтауды тағы да екі рет қайталаңдар.
Ол үшін ареометерді 1-2см көтеріп, қайта ерітіндіге түсіріп, ареометрдің шкаласын жазыңдар. Үш рет өлшеген соң ареометриялық орта санын жазыңдар. №4 таблицадан [3] бұл тығыздыққа сәйкес келетін заттың ерітіндідегі массалық үлесін (%) анықтаңдар. Егер анықталған тығыздық таблицада екі тығыздық ортасына сәйкес келсе, массалық үлесті мына формула бойынша интерполяциялау арқылы табады:
Сх= С1 + (С2 –С1)∙ ((ρх1)/(ρ21))
ρх- өлшеген тығыздық
ρ1 және ρ2- таблицадағы өлшенген тығыздыққа жақын тығыздықтар;
Сх, С1, С2- оларға сәйкес концентрациялар.

Сурет 7.1. Ерітінді тығыздығын анықтайтын ареометр




Тәжірибе №2. Массалық үлесі (%) белгілі тұздың ерітіндісін дайындау.
Оқытушыдан тапсырма алыңдар. Қанша тұз және су керек екенін есептеңдер.
Таразыда есептелген тұзыдың мөлшерін өлшеңдер де 300 мл колбаға салып ерітіңдер. Судың мөлшерін цилиндрмен өлшеңдер. Ерітінді жасау үшін суды аздап құйыңдар, ерітіндіні араластыра отырып тұзды ерітіңдер. Дайындалған ерітіндіні колбадан цилиндрге құйып, ареометр арқылы оның тығыздығын анықтаңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлы, нормальды концентрацияларын және титрін анықтаңдар.

Тәжірибе нәтижесін мына кестеге жазыңдар:



Масса

Ерітіндінің тығыздығы

Дайындалған ерітіндінің концентрациясы

Тұз

су

молярлы

нормальды

Т, г/мл























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет