Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Гальвани элементі мен стандартты сутек электрод схемаларын көрсетіп, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.
2.Гальвани элементі жұмыс істеу үшін қандай реакциялар қолданылады?
3. Металл электродтарының потенциалына қандай факторлар әсер етеді?
4. Гальвани элементтерінің э.қ.к. қалай өлшенеді?
5. Концентрациялық гальвани элементі қалай жасалады?
6. а) Келесі металлдар үшін E°Mn+/M мәндерін келтіріңдер: Na, Cu, Fe, Pb, Au, Hg, Zn, Ca, Mg, K, Ni, Li, Al, Ag, Pt, Sc.
б) Осы металдар үшін металдардың кернеу қатарын құрыңдар.
в) Темір пластинкасын мыс (II) сульфаты ерітіндісіне енгізсе оған не болады? Жауаптарыңды негіздеу үшін сәйкес жүйелердің стандартты электродты потенциалдарын келтіріңдер.
7. а) ∆G және электродты потенциал E арасында қандай байланыс бар?
б) Zn (к) → Zn2+ (еріт)
Cu (к) → Cu2+ (еріт)
Жартылай реакциялары үшін ∆G°298 және ∆E°298 мәндерін келтіріңдер.
в) Келесі процесстің принципиалды мүмкіндігін анықтаңдар:
Zn (к) + CuSO4 (еріт) = ZnSO4 (еріт) + Cu (к)
Қалыпты жағдайда Гиббс энергиясының өзгеруін және гальваникалық элементтің электрқозғалтқыш күшін есептеңдер.
8. E°Э/Эn- мәндері бойынша бейметалдардың кернеу қатарын құрыңдар.
а) Реттік нөмірінің артуына байланысты галогендердің тотықтырғыштық белсенділігі қалай өзгереді?
б) калий фториді ерітіндісіне; калий иодиді ерітіндісіне хлорлы суды қосқан кезде химиялық реакция жүреді ме?
9. Егер ион белсенділігі [Fe3+] = 0.1 моль/л, [Fe2+] = 5 · 10-3 моль/л болса, онда Fe3+/ Fe2+ жүйесінің электродтық потенциалын есептеңдер.
10. а) [MnO4-]/[Mn2+] = 1 болса 1) [H+] = 1моль/л және 2) [H+] = 1 ·10-2 моль/л кезіндегі MnO4- / Mn2+ жүйесінің потенциалын есептеңдер.
б) рН қандай болса MnO4- ионының 1) I-, 2) Br-, 3) Cl- иондарымен тотықсыздануы мүмкін?
11. Металлдың электродтық потенциалы деген не?
12. Металдың электродтық потенциалын қалай өлшейді? Электродты потенциал шамасына қандай факторлар әсер етеді?
13.Кернеу қатарын не сипаттайды?