К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет33/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Электролиз деген не?
2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.
3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?
4.Электролиз заңдары?
5. Электролит табиғаты катодтық және анодтық процесске қалай әсер етеді?
6. Электрохимиялық эквивалент деген не? Фарадей заңы негізінде оны қалай есептеуге болады?
7. Фарадей саны нені сипаттайды?
8. Тоқ шығымы және ыдырау кернеуі деп нені атайды?
9. ZnSO4 және AgNO3 сулы ерітінділерінің ерімейтін және еритін анодтарының электролиз схемасын құрыңдар. Осы тұздардың ыдырау кернеуін қарастырыңдар.
10. Электролиздің екінші заңын есептеуге не мүмкіндік береді?


Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:

1. Ерімейтін анодтары бар А және В тұздарының сулы ерітінділерінің электролиз схемасын құрыңдар. Катодта бөлінетін заттың электрохимиялық эквиваленттін к есептеңдер.





Нұсқа

к бойынша есептер жауабы және электролит ерітінділері

А

к, г/кл

В

к, г/кл

1

BaCl2

1,04·10-5

Pb(NO3)2

1,07·10-3

2

K2CO3

1,04·10-5

Na2S

1,04·10-5

3

Al(NO3)3

1,04·10-5

NiCl2

3,06·10-4

4

ZnSO4

3,36·10-4

CuCl2

3,32·10-4

5

Ni(NO3)2

3,06·10-4

K2SO4

1,04·10-5

6

AgNO3

1,12·10-3

MgI2

1,04·10-5

7

Mg(NO3)2

1,04·10-5

CdCl2

5,80·10-4

8

NaCl

1,04·10-5

CuSO4

3,32·10-4

9

FeCl3

1,93·10-4

AgSO4

1,12·10-3

10

Cr(NO3)3

1,79·10-4

SnCl2

6,16·10-4

11

NaI

1,04·10-5

Ba(CN)2

1,04·10-5

12

CaCl2

1,04·10-5

Sb(NO3)3

4,21·10-4

13

Li2S

1,04·10-5

Bi(NO3)3

7,22·10-4

14

NaNO3

1,04·10-5

CdCl2

5,80·10-4

15

Mn(NO3)2

2,85·10-4

KI

1,04·10-5

2. CuSO4 және Pb(NO3)2 ерітінділері бар ретімен қосылған электролизерлер арқылы тоқ жіберілді. Егер тұнбаға түскен мыс 0,1524 г тең болса, катодта қорғасынның қанша мөлшері бөлінеді? Көрсетілген еритін және ерімейтін анодты тұздардың электролиз схемасын құрыңдар. Жауабы: 0,4929 г.


3. Кадмий тұзы ерітіндісі арқылы 15 минут бойы 1 А тоқ күші өтті, содан 0,524 г металдық кадмий бөлінді. Кадмий эквивалентінің молярлық массасын есептеңдер. Кадмийлі аноды бар кадмий сульфаты электролизінің схемасын құрыңдар.
Жауабы: 56,18 г/моль.
4. Cr(NO3)3 ерітіндісінің электролизі кезінде 10 минут ішінде катодта 0,26 г хром бөлінді. Тоқ күшін анықтаңдар. Ерімейтін анодпен осы тұздың электролиз схемасын құрастырыңдар.
Жауабы: 2,4 А.
5. КОН ерітіндісінің электролизі кезінде 1 сағат 15 минут 20 с ішінде анодта 6,4 г оттегі бөлінгенін біле отырып, тоқ күшін есептеңдер.Катодта қандай зат және қандай мөлшерде бөлінеді? Электролиз схемасын құрыңдар.
Жауабы: 17 А; m (H2) = 0,8 г.
6. Егер анодта қ.ж. өлшенген 1,12 л оттегі бөлінсе, Na2SO4 ерітіндісінің электролизі кезінде анод маңайында қанша грамм H2SO4 түзіледі? Катодта бөлінетін зат массасын есептеңдер. Электролиз схемасын құрыңдар.
Жауабы: m (H2SO4) = 9,8 г, m (H2) = 0,2 г.
7. Құрамында 4% бөтен қоспалары бар қара мыстың 1 тоннасын электрохимиялық тазалау үшін теориялық жағынан қанша ампер-сағат керек? Фарадей санының және электрохимиялық эквиваленттің физикалық мағынасы неде?
Жауабы: 804·103 А· ч
8.Электрохимиялық жолмен Au3+ катионын тотықсыздандырады. Алтынның 1 молі және 1 моль эквивалентін тотықсыздандыру үшін қанша электрон қажет? Бұл қанша фарадейді құрады?
9. FeCl2 ерітіндісі арқылы 2А тоқ күшін 10 минут, ал FeCl3 ерітіндісінен 5А тоқ күшін 6 мин өткізді. Қай ерітіндіде темір көп бөлінді? Жауабын дәлелдеңдер. Электролиз схемаларын құрыңдар.
Жауабы: әрбір ерітіндіде m (Fe) = 0,348 г
10. Ерітіндіден 1 г күміс бөлінуі үшін күміс тұзы ерітіндісінен қанша Кулон электрді өткізу керек? Электрохимиялық эквивалент нені көрсетеді?
Жауабы: 893,5 Кл.
11.Кейбір металл тұздарының 2 сағат 24 минут 45 секунд бойы электролиз кезінде тоқ күші 8 А тең болғанда катодта осы металдың 6,48 г кристалданды. Осы металдың эквиваленттік массасын есептеңдер.
Жауабы: 9 г/моль.
12.Егер 30 минут бойы ерітіндісінің электролизі кезінде катодта қ.ж. өлшенген 8,4 л сутегі бөлінсе, тоқ күші нешеге тең. Анодта бөлінген заттың массасын есептеңдер. Электролиз схемасын құрыңдар.
Жауабы: 40,2 А; m (Cl2) = 26,62 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет