К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет39/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. 2-3 периодтағы s - және p – элементтерінің электрондық конфигурациясын келтіріңдер.
а) s - және p – элементтерінің қандай электрондары және орбитальдары валентті болып табылады.
б) Na-Cl қатарында жоғары тотығу дәрежесі қалай өзгереді.
2. Д.И. Менделеев периодтық жүйесінде s - және p – элементтерінің қасиеттеріндегі ішкі периодтылық немен түсіндіріледі?
3. s - және p – элемент топшаларында соларға тән координациялық сан қалай өзгереді?
4. а) Галогендердің тұрақты тотығу дәрежесі қандай және олар табиғатта қандай қосылыс түрінде кездеседі?
б) Олардың жай заттарының техникада және зертханада алудың жалпы принципі неге негізделген?
в) Галогендерді алу реакциясының мысалдарын келтіріңдер.
5. Егер қызыл фосфордың және галогендердің орта энергия байланысы EPHal, атомизация энергиясы (315 кДж/моль) белгілі болса, қызыл фосфордың галогенмен фосфордың үшгалогенидке дейін тотығу ∆Hº298 реакциясын есептеңдер
PF PCl PBr PI
EPhal, кДж/моль ……………….....490 306 264 185
Фтордың жоғары химиялық белсенділігі немен түсіндіріледі және F2−Cl2−Br2−I2 қатарында тотықтырғыштық белсенділік неліктен төмендейді?
6. Ерітіндідегі иондардан AgHal (к) және CaHal (к) түзілу реакциясының ∆Gº298 есептеңдер.
а) F- −Cl- −Br- −I- қатарында AgHal (к) және CaHal (к) ерігіштігі қалай өзгереді? Осы қатарда ∆G мәндерінің өзгеру сипатын сәйкестеңдіріңдер.
б) Фторид-иондардың және басқа галоген аниондарын ерітіндіде анықтау үшін қандай катионды қолданған дұрыс?
7. Нәтижесінде бос галоген, SO2 (г) және H2O (с) түзілетінін ескере отырып, Hhal (г) –нің H2SO4 –пен әркетесу реаакциясының ∆Gº298 есептеңдер.
а) Сутегі галогенидтерінің қайсысы көрсетілген әрекеттесуге түсе алады?
б) HF−HCl−HBr−HI қатарында тотықсыздандырғыштық белсенділік қалай өзгереді және ол немен түсіндіріледі?
в) Қандай сутегі галогенидтерін сәйкес натрий (калий) галогенидтерін концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады?
8. NaCl және SbCl5, KF және PF5 қышқылдық-негіздік қасиеттерін сипаттаңдар. Көрсетілген галогенид жұптарының әрекеттесуін және гидролиз реакция теңдеуін келтіріңдер.
9. Бинарлы фторидтерден NaMgF3 (к), Na3AlF6 (к) және Na2SiF6 (к) түзілу реакция теңдеуін жазыңдар. 1 моль NaF -та бұл реакциялардың ∆Gº298 −14, −31 және −51 кДж тең. NaF (к) − MgF2 (к) − AlF3 (к) −SiF4 (г) қатарында қышқылдық-негіздік қасиеттердің өзгеруімен осы реакция қатарындағы ∆G өзгерісі қалай сәйкестеледі?
10. Төменде галогендердің бинарлы қосылыстары және оларға сәйкес анионды комплекстер мысалдары келтірілген:
Cl2O ClF BrF3 IF5 Cl2O7 IF7
ClO- ClF2- BrF4- IF6- ClO4- IF8-
а) Гипервалентті байланысты қолданып, ClF, ClF3, ClF5 молекула құрылысын сипаттаңдар. ClF3 молекуласындағы валентті бұрыш және байланыс ұзындығы айырмашылығын түсіңдіріңдер.
б) Галогендердің оң тотығу дәрежесі бар бинарлы қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттері қандай? Жауапты реакция теңдеулері арқылы дәлелдеңдер.
11. Галоген гидролиз константалары келесі мәндерге ие:
Cl2 Br2 I2
K ……………………3 ∙10-4 4 ∙10-9 5 ∙10-13
а) Галогендердің сумен әрекеттесуі үшін константа тепе-теңдік мәні және реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Галогендердің сулы ерітінділеріне қышқыл және сілтілерді қосқанда тепе-теңдік қай бағытқа ығысады?
в) Хлордың ыстық және суық сілті ерітінділеріне әсері немен ерекшеленеді?
12. Жүйенің стандартты тотықтырғыш потенциалын салыстырыңдар
ClOn- + nH2O + 2ne- = Cl- + 2nOH- (n = 1, 3, 4)
ClO- −ClO2- − ClO-3 − ClO4- қатарында тотықтырғыштық белсенділік қалай өзгереді?
13. HClO3 бос күйінде кездеспейді, ал KClO3 өте тұрақты болып келеді.
а) Бұл жағдайды қалай түсіңдіруге болады?
б) Егер қышқылдандырылған және бейтарап KClO3 ерітіндісіне KI ерітіндісін құйса реакция жүре ме? Жауапты дәлелдеу үшін жартылай реакциялардың Еº298 мәнін келтіріңдер.
14. Оксогалогенаттардың диспропорциялану және ішкімолекулярлы тотығу-тотықсыздану реакциясының мысалдарын келтіріңдер.
15. Сәйкес жартылай реакциялардың Еº298 мәнін пайдаланып, мына заттар әрекеттескенде не болатынын анықтаңдар: 1) КІ ерітіндісінің хлор суының артық мөлшерімен 2) HIO3 және Na2SO3 ерітінділері.
16. Тәжірибе жүзінде KClO4 400ºС ыдырайтыны; HClO4 және Cl2O7 қыздырғанда жарылатыны; HClO4 сұйылтылған ерітінділері тұрақты; ClO3F термиялық тұрақты екені дәлелденген. Көрсетілген қосылыстардың тұрақтылығындағы айырмашылықтарды қалай түсіңдіруге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет