К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1 Бейорганикалық қосылыстар кластары



бет5/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1

Бейорганикалық қосылыстар кластары



Жұмыстың мақсаты: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарымен танысу және олардың химиялық қасиеттерін дәлелдеу.
Маңызды түсініктер: оксид, негіз, қышқыл, тұз, амфотерлі оксидтер,негіздік тұз, қышқылдық тұз, орташа тұз.
! Білу керек: 1. Бейорганикалық қосылыстардың кластары. 2. Оксид, негіз, қышқыл, тұз анықтамаларын білу. 3. Оксидтердің жіктелуін, химиялық қасиеттерін білу. 4. Тұздардың жіктелуін, диссоциацияға ұшырау механизмін білу. 5. Қышқылдардың жіктелуін және диссоциациясын білу.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ




Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары
Бейорганикалық қосылыстарды төрт класқа бөлуге болады: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар.
Оксидтер деп екі элементтен тұратын күрделі заттарды айтамыз, тек біреуі әрқашан – оттегі болуы керек. Оксидтер тұз түзетін және тұз түзбейтін болып бөлінеді. Тұз түзбейтін оксидтер өте аз – CO, NO, N2O. Тұз түзетін оксидтер сумен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген гидроксидтер қасиетіне байланысты қышқылдық, негіздік және амфотерлі болып бөлінеді.
Негіздік оксидтерге сілтілік, сілтілік-жер металдарынан түзілген және тотығу дәрежесі +3-тен аспайтын металдардан түзілген оксидтер жатады. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді.
Na2O + H2O = 2NaOH
CaO + H2O = Ca(OH)2
Қышқылдармен немесе қышқылдық оксидтермен әрекеттескенде тұздар түзіледі:
MgO+H2SO4 = MgSO4 + H2O
BaO+CO2 = BaCO3
Қышқылдық оксидтер – сумен әрекеттескен кезде қышқыл түзетін оксидтер, мысалы:
N2O5+H2O = 2HNO3
SO2+H2O = H2SO3
Негіздермен немесе негіздік оксидтермен әрекеттескен кезде тұздар түзеді:
P2O5 + 3Ca(OH)2 = Ca3(PO4)2+3H2O
SO3+CuO = CuSO4
Амфотерлік оксидтер қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады, нәтижесінде су және тұз түзіледі (BeO, Al2O3, ZnO, SnO, PbO, Cr2O3), мысалы:
Al2O3 + 6HCl 2AlCl3 + 3H2O
Al2O3 + 2NaOH 2NaAlO2 + H2O
Егер реакция сілті ерітіндісінде жүрсе, онда комплексті тұз түзіледі. Комплекс түзуші алюминий катионы Al3+ болып табылады:
Al2O3 + 6NaOH + 3H2O  2Na3[Al(OH)6]
Қышқылдар деп судағы ерітіндісі диссоциацияланған кезде сутек катионын және қышқыл қалдығы анионын түзетін заттарды айтады.
Қышқылдар оттекті: HNO2, HNO3, H2SO3, H2SO4, H2CO3, H2SiO3, H3PO4; және оттексіз: HCl, HBr, HI, H2S болып бөлінеді. Молекуладағы сутек атомдары санына байланысты қышқылдар бір негізді (тұз қышқылы) HCl, азотты HNO3; екі негізді, мысалы: күкірт қышқылы H2SO4, күкіртті қышқыл H2SO3; үш негізді (ортофосфор қышқылы H3PO4) және т.с.с. жіктеледі. Диссоциация дәрежесіне байланысты қышқылдар күшті /α>30%/ және әлсіз /α<5%/ электролиттер болып бөлінеді. Күшті электролиттерге HCl, HBr, HI, HNO3, H2SO4, HClO, HClO4, HMnO4 жатады. Фосфор қышқылы мен күкіртті қышқыл (H3PO4, H2SO3) орта күшті /5%<α<30%/ электролиттер болады. Қалған барлық қышқылдар әлсіз электролиттер: H2S, H2CO3, CH3COOH, HCN, HNO3, HF, H3BO3, H2SiO3.
Сулы ерітінділерде қышқылдар сутегі катиондарына және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады, мысалы:
H2SO4  H+ + HSO4­
HSO4  H+ + SO42
Жалпы диссоциация процесі:
H2SO4  2H+ + SO42
Қышқылдар негіздермен немесе негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз және су түзеді, мысалы:
H2SO4 + 2NaOH  Na2SO4 + 2H2O
2HCl + BaO  BaCl2 + H2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет