Реактивтер: 95 %-ті -21 мл этил спирті; бромды калий – 22,5 г; күкірт қышқылы (d=1,84) – 25 мл; дистильденген су 15 мл.
Құрал-жабдықтар: түбі дөңгелек колбалар (100-300 мл) – 2; конустық колба 100 мл – 2; бөлгіш құйғы – 1; тамшылы құйғы – 1; Либих тоңазытқышы – 1; дефлегматор – 1; термометр – 1; аллонж – 1; моншаға арналған стакан 400 мл – 2.
Аспапты дайындау. 100 мл түбі дөңгелек колбаны құмды моншаға орналастырады, дефлегматор мен аллонж бекітілген ұзын тоңазытқышты байланыстырады. Аллонжтың екінші жағын 1,0-1,5 см етіп мұзы бар су қоспасы құйылған колба-қабылдағышқа жібереді, ол мұзды моншаға батырылуы керек. Бромэтил ұшқыш зат болғандықтан, өнімді жоғалтпас үшін қабылдағышқа су мен мұз арқылы жинайды.
1– глицеринді монша; 2 – түбі дөңгелек колба;3 – дефлегматор
4 – тоңазытқыш; 5 – аллонж; 6 – колба-қабылдағыш
6-сурет – Бромды этилді синтездеуге арналған аспап
Сулы моншаға 50 мл түбі дөңгелек колбаны салады, оған «қайнағыш» қосады. Колбаға термометрі бар дефлегматор және сулы тоңазытқыш пен аллонж бекітеді, оны сыртынан мұзбен салқындатылған қабылдағышқа түсіреді. Бромды этил төмен температурада қайнайтындықтан (38-39 ºС), ұзын тоңазытқышты қолдана отырып, одан қатты суық су ағынын жібереді (Сурет 6).
Достарыңызбен бөлісу: |