Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
Оқушы үшін химиялық эксперимент – өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал – жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді .
Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді.
Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді: Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру.
Оқушылардың гипотеза жасауы.
Эксперимет жұмысының жоспарын құру.
Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру.
тәжірибені орындау, бақылау, жазу; бақылаудан қорытынды және есеп беру;
алынған нәтижелерді қолдану.
Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді:
Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады.
Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан немесе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды.
Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін.
Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық эксперименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар:
1) заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу; 2) прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану; 3) тәжірибені орындау; 4) есеп жазу.
Анализаторлар жәрдемімен қабылданбайтын физикалық қасиеттерді: тығыздығы, электр өткізгіштігі, қайнау және қату тем-пературасы танып білу қиынға түседі. Олар туралы приборлардың көрсетуі бойынша біледі. Мәселен, еру процесін өткенде оқушылар таза судың және еритін заттардың, содан соң алынған ерітіндінің электр өткізгіштігін сынайды. Бұл жағдайда да окушылар ерітіндінің тікелей қабылданатын қасиеті ретінде прибордың керсетуін (лампа жанады) қабылдайды. Электролиздің электрхимиялық процестері таныс емес 8 - сынып оқушысы үшін электр лампасының қызуы қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін лакмуспен сынағандағы тәрізді индикатор болып табылады. Электролиз процесін білетін 9-сынып оқушыларында прибордың керсетуі мен зат қасиеттерінің арасында қысқа байланыс туады.
8- сыныптағы тәжірибелерде көмір қышқыл газын анықтау үшін ізбес суын индикатор ретінде пайдаланады.
Тәжірибе нәтижесінде алынатын заттарды зерттеу біраз күрделірек. Бүл жағдайда сөзді көрнекі қүралдармен үйлестірудің баска формалары
колданылуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда химиялык, тәжірибелер кезіндегі заттарды зерттеу процесі үлестірілетін материалды зерттеуге үқсас.
Лабораториялық жұмыс жасай отырып окушылар жаңа білім алмайды, заттар мен процестерді жакыннан бакылап білімді нақтылай түседі. Сонымен бірге олар мұғалімнің айтуы немесе жазбаша нұскау бойынша өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және химиялык эксперимент техникасы бойынша дағдыларды үйренеді. Оқушылардың орындаған тәжірибелері мұғалімнен білгенін растайды. Бақылау жасамастан бұрын бакылау нәтижелерін жазады. Мәселен, «Қосылу реакциясы» такырыбына оқушыларды лабораториялык жүмыска даярлайтын әңгімелесуде мүғалім кандай күбылыстар химиялық деп аталатыны, заттардын, механикалық араласуынан олардың айырмасы, өздері бақылаған сынап оксиді айрылу реакциясын атом молекулалық ілім түрғысынан калай тусіндірілетіні жөніндегі білімдерін нактылайтын сұрактар береді.
Химияны оқытудың бастапкы кезеңінде оқушыларда ұзак уакыт өздігінен жұмыс жасау дағдысы жок кезде өткізілетін саба0тарда мұғалім жоспардың әр бөлімі бойынша нұсқау береді және әр бөлім орындалған соң ұжымдық тексеру жүргізеді. Жұмыстың қорытындысын жалпылама әңгімелесуде тұжырымдайды