К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри



бет5/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент

Дәріс 9,10.

Тақырыбы: Орта мектепте химиялық эксперименттерді  өткізу ерекшеліктері.

 


  1. Эксперименттік  есептерді  шешу.

  2. Химиялық ой-эксперименті.

 

  1. Эксперименттік  есептерді  шешу.

  2. Эсперимент есептердің оқу – тәрбиелік маңызы мен типтері. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндәк білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық іс–әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Ұстаз міндеті – оқушыға кез–келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылық жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог – ғалым В.А. Сухомлинский «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын. Уақыт өткен сайын сабақ өткізуді жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Оқытудың көптеген түрлерінің ішінде балаға білім беруді практикалық оқытудың алатын орны зор, оның ішінде химияны оқытуда эксперименттік есептер шығарту ерекше орын алады, себебі, ол – химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі .

Эксперименттік есептер – тең тапсырмалардан тұратын өз бетінше орындайтын жұмыстың түрі, экспериментті шешудің және жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз беттерінше анықтайды және таңдайды. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап  етеді.

Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты- теориялық білімді практика жүзінде  қолдана білуге үйрету, әртүрлі зерттеу жұмыстарын  жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.

Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы эксперименттік есептерді әрбір сабақта жаңа материалды меңгеру жане қорытындылау (бекіту) кезінде, оқушылардың білімін тексеру немесе үй жұмысын тексеру үшінде орындауға болады. Эксперименттік есептерді жеке-жеке, топпен немесе бір мезгілде бүкіл класс болып орындауға болады.

Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтижелердің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді.

Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептер тиімді                (бағалы) болып келеді. Ол былай түсіндіріледі: эксперименттік есептерді шешу үшін тек теориялық дұрыс негіздеу жеткіліксіз, тәжірибе жүргізу керек және оның мәнін түсіндіру керек.

Эксперименттік есептерді орындау мұғалімге оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практикада қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.

Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, оның себептерін анықтауға, оларды түзете білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруға жол көрсетеді.

 

Эксперименттік есептер - тек тапсырмалардан тұратын оқушылар өз бетінше орындаған жұмыстың түрі, яғни есеп мазмұны беріледі, оны шешудің және практика жүзінде жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз бетінше анықтайды және таңдайды, іс жүзінде жүзеге асырады. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап етеді.



Эксперименттік есептерді шешуде әртүрлі жаңа технологияларды қолдануға болады, соның ішінде ақпараттық – коммуникативті, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологиялары және интерактивті тақтаны тиімді пайдалану өз нәтижесін беруде. Әсіресе, интерактивті тақтада алдын – ала дайындалған эксперименттер, бейне тәжірибелерді көру арқылы оқушы тапсырманы терең меңгеріп, дұрыс тұжырым жасап, қорытынды шығара алады .

Эксперименттік есептерге арнайы нұсқаулар жоқ. Сондықтан оны орындау оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуді көбірек талап етеді. Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептерді орындау оқушыларға тиімді. Себебі, эксперименттік есептерді шешу үшін оны теориялық негіздеу қажет, сәйкес тәжірибе жүргізу қажет және тәжірибе нәтижелерін теориямен салыстырып түсіндіру қажет.



Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері.

1 – кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.

2 – кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.

3 – кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды .

Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс – әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:



  • заттарды бір – бірінен ажырату;

  • химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;

  • заттарды алу;

  • заттардың сапалық құрамын анықтау;

  • қоспаның құрамын анықтау және бөлу;

  • берілген заттарға тән реакциялар жасау;

  • әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;

  • химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.

 

Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:



  1. сынау және қателесу тәсілі;

  2. есте қалғаны бойынша шығару;

  3. анализ және синтез;

  4. гипотеза жасау;

  5. алгоритм тәсілі.

Экспериментті есептердің типтері

  •  химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.

  •  реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.

  •  реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен  газ көлемін анықтау.

  •  ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.

Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп - шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі.

Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал – жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі .





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет