Дәріс 11,12.
Тақырыбы: Орта мектепте химиялық эксперименттерді өткізу ерекшеліктері.
Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.
Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.
Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.
Қазіргі заманда орта мектептерде дәстүрлі оқытумен қатар бірнеше жаңа оқыту түрлері бар: интерактивті оқыту, мәселелік оқыту және т.б.
Білім сапасын арттыру үшін өзіне тән ерекшелігі бар проблемалы оқытуды кеңінен қолдануға болады. Проблемалы оқытудың ерекшеліктері: проблемалы жағдай тудыру, оны түсініп талдай білу, проблеманы шешуге арналған іс-әрекеттер жасау, іздену және т.б.
Проблемалы оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттер қоя отырып олардың ойлау қабілеттерін, іс-әрекеттерін белсендіруге болады.
Қазіргі заманда орта мектептерде дәстүрлі оқытумен қатар бірнеше жаңа оқыту түрлері бар:
интерактивті (өзара белсенді) оқыту;
модульдеп оқыту;
проблемалы оқыту және т.б.
Білім сапасын арттыру үшін өзіне тән ерекшелігі бар проблемалы оқытуды кеңінен қолдануға болады. Мұндай оқыту түрінің ерекшеліктері төмендегідей:
проблемалы жағдай тудыру;
проблеманы түсіне білу;
проблеманы шешу үшін іздену (теориялық білімін жетілдіру, толықтыру, тереңдету);
проблеманы шешуге ерналған іс –әрекеттер жасау (жоспар құру, әртүрлі әдебиеттерді қарастыру, теориялық тұрғыдан негііздеу, практикалық тұрғыдан жасап көру және көз жеткізу) .
Проблемалы оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттер қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, іс – әрекеттерін белсендіруге болады. Жаңа материалды түсіну үшін қойылған проблемалық міндеттерді шешуді оқушылар көптеген қиындықтарға кездесуі мүмкін. Нәтижесінде проблемалық жағдай туындайды.
Проблемалық жағдай – белгілі бір оқу міндеттерін шешу және орындау процесі кезінде туындаған қиындық пен қиыншылық. Оны шешу үшін оқушының басындағы бар білім жеткіліксіз болуы мүмкін. Оқушылар проблемалық жағдайды шешу үшін белсенді іс – әрекетке кіріседі. Олар:
туындаған проблемалық жағдай олар үшін тек қиын ғана емес, сонымен қатар шешу мүмкіндіктеріне ие болған кезде (яғни қойылған проблемалық мәселе өте қиын да, қарапайым да болмауы керек) іске асырылуы керек;
проблемалық жағдайдың жаңа элементтері қызығушылық тудыру керек және оны шешуде оқушылардың ой – әрекеті мобильді болу керек.
Тұздар гидролизі тақырыбын практикалық жағдай тудыра отырып түсіндіру.
Мақсаты: тұздардың сумен әрекеттесуін ала отырып, олардың химиялық қасиеттері туралы білімін кеңейту.
Қажетті реактивтер мен құралдар: NaCl, Na2CO3, Cu2S, NaOH, HCl ерітінділері фенолфталин, индикатор қағазы.
Білімді өзектендіру: тұз қышқылының, натрий гидроксидінің ерітінділері және су қағазын батырамыз. Тұз қышқылы және натрий гидроксиді құйылған сынауықта индикатор түсі өзгереді, ал су құйылған сынауықта өзгермейді.
Проблемалық жағдай тудыру: NaCl ерітіндісіне индикатор қағазын батырамыз, түсі өзгермейді. Na2CO3 және Cu2S тұздарының ерітіндісіне индикатор батырамыз, екі сынауықта да индикатор қағазының түсі өзгереді. Оқушылар бұларға дейін тұздардың сулы ерітінділерде бейтарап екенін жақсы біледі. Байқаған құбылыстары проблемалық жағдай тудырады. Егер кейбір тұздардың ерітінділерде индикатордың түсі өзгереді, кейбір тұздарда өзгермейді.
Болжам ұсыну: индикатордың түсі өзгерген тұздардың ерітінділерде Н+, ОН- иондары болуы мүмкін.
Оқушылар тұзының гидролизін молекулалық және толық иондық, қысқартылған иондық түрде жазып шығады. Соңғы теңдеуде ортаның қандай екендігі көрінеді. Нәтижесінде оқушылар практика жүзінде төмендегідей теориялық білімге дәлелдеме алады:
күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырайды;
әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзетін тұздар, сонымен қатар, күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар сумен аз диссоциацияланатын қосылыстар түзе әрекеттеседі. Нәтижесінде гидроксид иондар, сутек катионы бөлінеді де, индикатор түсін өзгертеді.
Проблемалық жағдай тудыратын сабақ өткізу үшін оқушы алдын – ала барлық оқу материалына алу керек. Сонда ғана сабақтың тиімділігі артады
Әртүрлі әдістердің көмегімен, көрнекі құрал – жабдықтармен химиялық экспериментті қолдана отырып, проблемалық жағдай тудыруға және оны шешуге болады. Мысалы, оқушылардың бар білімі тәжірибе нәтижесін түсінуге және оны талқылауға толық жете бермейтін, яғни жаңа білімді қажет ететін проблемалық көрнекі және лабораториялық тәжірибелерді ойлап табуға қарастыруға болады. Оқушыларға ой тастау үшін мұндай тәжірибелерді жаңа тақырыпты өтудің алдында немесе оның жаңа бір бөлігіне өтудің алдына, кейде барлық берілген материалдың қорытындылаудың алдында жүргізуге болады.
Оқушы проблемалық жағдай тудыратын сабақ өткізуі үшін алдын – ала барлық оқу материалына алу керек. Сонда ғана сабақтың тиімділігі артады
Достарыңызбен бөлісу: |