Эксперименттік білік пен дағдыларды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері.
Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі.
Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі
Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Үздіксіз жүргізіліп отыратын эксперимент оқушылардың бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптастырады:
Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы: экспериментті жоспарлау;
экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу;
эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;
әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;